Шығармашыл тобына Өнер тобына Үнемшіл тобына
Экология және біз
Дереккөз: ғаламтор материалдары, www.wikipedia.kz
Жалпы мақсаты
Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымды және ғылыми көзқарасты дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көзінің қарашығындай қорғайтын азамат тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі
Оқушылардың сөйлеу дағдылары артады, экология мен Жер-ананы қорғау туралы білімдері тереңдейді, ақпаратты бағамдай білу қабілеті қалыптасады.
Қолданылатын материалдар
Үлестірме қағаздар, топ атаулары, фломастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары» бейнеролигі, мультимедиа кешені.
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Тәрбие сағатының барысы мен мақсатымен таныстыру.
- Оқушыларды топтарға бөлу және орындарын ұйымдастыру.
2) Негізгі кезең
Мұғалім оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, «экологиялық экспресс» форматында бірнеше аялдама арқылы жұмыс жүргізеді.
Топтарға бөлу тәсілі
Оқушыларға әртүрлі бағытты білдіретін суреттер ұсынылады: ақындар, жазушылар, жыршылар; калькулятор, шот, компьютер; қайшы, желім, жіп, ине. Әр оқушы өзіне ұнаған суретті таңдап, сәйкес топқа бірігеді.
Шығармашыл
Идея ұсыну, ойды көркем жеткізу, мазмұнды шығармашылықпен байланыстыру.
Үнемшіл
Ресурсты тиімді пайдалану, жауапкершілік пен ұқыптылықты негіздеу.
Өнер
Эстетикалық көзқарас, мәдени құндылықтар мен табиғат байланысын ашу.
«Экологиялық экспресс»: аялдамалар
1) Танысу аялдамасы
Мұғалім қолына глобусты алып, әңгімені бастап, нұсқау береді. Оқушылар сол ойды жалғастырып, глобус шеңбер бойымен кезекпен беріледі. Глобус қайта мұғалімге келгенде, ортақ сұрақтар қойылады:
- Біз Жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата-ана, оқу және болашақ үшін жауап береміз. Ал Жер үшін жауапкершілікті сезінеміз бе?
- Өсімдіктерге, топыраққа, ауаға, қалаларға не болып жатқанын білеміз бе?
- Әркім осы әлемде өз ізін қалдырады. Біз қандай із қалдырамыз?
Оқушылардың болашақта Қазақстанның білімді әрі белгілі азаматы болып, Жер бетінде игі із қалдыруына үлгі ретінде Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбегі айтылады. Оның орасан еңбегінің құрметіне 1976 жылғы маусымда ашылған №2402 кіші планетаға есімі берілген. «Сәтбаев» планетасын Торпақ шоқжұлдызы маңынан көруге болады.
2) «Киностудия» аялдамасы
«Қазақстанның байлықтары» фильмін көрген соң, оқушылар ел байлықтарын атап, оларды өндіру барысындағы табиғатқа тиетін ықтимал зиянды қырларын талдайды. Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
Байлықтарды дұрыс игермесек, не болады?
Табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы, ресурстың сарқылуы, өмір сапасының төмендеуі сияқты салдарлар талданады.
Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеледі?
Ластану, экожүйелердің әлсіреуі, қоғамдық денсаулық пен қауіпсіздікке төнетін қатерлер туралы ой қозғайды.
3) Топтық тапсырмалар аялдамасы
«Шығармашыл», «Өнер», «Үнемшіл» топтарына деңгейіне сай тапсырмалар беріледі. Мақсат — экология тақырыбын әр қырынан ашып, дәлелдеп, қорытынды ұсыну.
4) Ұлттық тәлім-тәрбие аялдамасы
Ұлттық дүниетанымдағы табиғатқа құрмет, ұқыптылық, жауапкершілік құндылықтары арқылы экологиялық мәдениет бекітіледі. Әр топ өз бағытына сәйкес ой түйінін ұсынады.
Қорытынды
Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатарға шықты. «Табиғат», «Табиғат-Ана» ұғымдары — биік әрі қастерлі түсінік. Жаңа экологиялық мәдениет осыны толық мойындауы тиіс.
Табиғатқа деген ілтипат — адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен шақта экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы ерекше. Сондықтан экологияландырылған білімді ұрпақ тәрбиелеу — бүгіннің ең өзекті міндеттерінің бірі.
Автор туралы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Нұрмұханова Айбарша Батырқызы.