Сөзден сөз
ШҚО, Үржар ауданы • Келдімұрат ауылы
Благодарное орта мектебі КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Садвакасова А.Ж.
Сабақтың тақырыбы
Буын түрлері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың есте сақтау қабілетін және ойлау деңгейін дамыту.
Тәрбиелік
Жауапкершілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Сызба
- Плакат
- Үлестірмелі қағаз
Әдіс-тәсілдер
- Проблемалық әдіс
- Түсіндіру
- Оқу
- Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың ұранымен таныстыру:
Зейін қойсаң — ұғарсың,
Ізденсең — табарсың,
Талаптансаң — жетерсің.
-
Психологиялық дайындық мақсатында «Сәлемдесу» тренингін өткізу (оқушылар қарама-қарсы тұрып, мұғалімнің нұсқауын орындайды):
- Қазақтар: қол алысады.
- Италия: құшақтасады.
- Бразилия: бір-бірінің иығын қағады.
- Никарагуа: бір-бірінің арқасын тигізеді.
- Зимбабве: шынтақтарын тигізеді.
- Австралия: шапалақтап, секіріп, бөкселерін тигізеді.
-
Жаттығу сәті (қимыл-қозғалыс арқылы):
- «Сабаққа дайынсыңдар ма?»
- «Өтірік айтпайсыңдар ма?»
- «Екілікке не дейміз?»
-
Тақырып пен мақсат-міндеттерді хабарлау және жұмыс кезеңдерін таныстыру:
I. Қайталау — оқу анасыII. Тапқыр болсаң, тауып көрIII. Ойлы болсаң, озып көрIV. Кітап — досың, ақылшыңV. Сөзден сөзVI. Біліміңді байқап көр
-
Топқа бөлу:
Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын
I. Қайталау — оқу анасы (кері байланыс)
а) Үй тапсырмасы (сұрақ-жауап)
- Фонетика дегеніміз не?
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
- Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
- Дауысты дыбыстар тілдің, жақтың, езудің қатысына қарай қалай бөлінеді?
- Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.
- Буын дегеніміз не?
ә) Жаттығу жұмысын тексеру (метаграмма)
1-тапсырма
«Б»-дан бастасаң — туысыңмын ардақты. «Б»-ны сызып тастасаң — бола қалам салмақты.
Жауабы: бауыр — ауыр
2-тапсырма
«Қ»-дан бастасаң — түстердің бірімін. «Қ»-ны алып тастасаң — құрал-сайманның бірімін.
Жауабы: қара — ара
Жаңа сабақ: Буын түрлері
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатындықтан, оның құрамы әрдайым біркелкі бола бермейді. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.
1) Ашық буын
Мысалдар: қа-ла, да-ла, а-та, ша-ға-ла.
2) Тұйық буын
Мысалдар: ұл, ұн, ант.
3) Бітеу буын
Мысалдар: дос-тық, жаз, күз-дік, мал.
Сызбамен жұмыс
Әр топ өзіне тиесілі сызбаға мысал сөздер жазады.
Сергіту сәті
«Мен қазақпын»
II. Тапқыр болсаң, тауып көр
Семантикалық картамен жұмыс.
III. Ойлы болсаң, озып көр
Графикалық диктант (сызба салу).
IV. Кітап — досың, ақылшың
Оқулықпен жұмыс: 302-жаттығу (жазбаша).
V. Сөзден сөз
Сөздердің соңғы буынынан жаңа сөз құрап айту.
VI. Сабақты қорытындылау: Біліміңді байқап көр
Тест тапсырмаларын орындау.
1) Бірыңғай бітеу буынды сөзді тап.
- а) қаршыға
- б) қарға
- в) қасқыр
- д) қарағай
2) Ашық буынды сөзді тап.
- а) ұлт
- б) әке
- в) аз
- д) жан
3) Бірыңғай жіңішке буынды сөзді тап.
- а) жолдас
- б) әлдеқашан
- в) әріптес
- д) ғарышкер
4) Тұйық буынды сөзді тап.
- а) ет
- б) ерте
- в) ана
- д) көр
5) Буынның неше түрі бар?
- а) екі
- б) төрт
- в) үш
- д) бес
6) Аралас буынды сөзді тап.
- а) ант
- б) қазақ
- в) баға
- д) тәртіп
Үй тапсырмасы
308-жаттығу.
Оқушы білімін бағалау
- «Гүл шоғы кімде болар екен?» Топ басшысы түрлі-түсті гүлдерді өз тобындағы оқушыларға таратады.
- Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағалау парағы бойынша бағаланады.