Жуан дауысты дыбыстар. Сабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы
Қыс. Жуан дауысты дыбыстар.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс
Математика, дүниетану, еңбекке баулу.
Көрнекіліктер
Слайд, мультфильм, суреттер.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Жуан дауысты дыбыстарды меңгерту және ажырата білуге үйрету.
- Өлеңді шапшаң әрі мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
- Әдемі, таза, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық
- Сөйлеу әрекеттерін, ой-өрісті дамыту.
- Берілген сұраққа нақты жауап беруге үйретіп, тіл байлығын және сөздік қорын молайту.
- Танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Оқушыларды сауаттылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Психологиялық дайындық
Сабаққа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып әрқашан,
Кілең бестік аламыз.
III. «Миға шабуыл»
1. Дыбыс деген не?
Естиміз, айтамыз.
2. Әріп дегеніміз не?
Көреміз, жазамыз.
3. Дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауысты, дауыссыз.
4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Созылып айтылады.
5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
Қысқа айтылады.
6. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жуан және жіңішке.
7. Жуан дауысты дыбыстар қандай?
а о ұ ы
IV. Жаңа сабақ
Мультфильм көру. Мультфильм не туралы? Қыс.
«Қыс» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Ассоциация құрайық.
Қыс қалай түседі? Мұны білу үшін бүгін Қадыр Мырза Әлидің «Қыс» өлеңімен танысамыз.
Автор туралы
Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын балаларға арналған «Балдырған» журналынан бастаған. Кейін әртүрлі салада қызмет атқарды. Ақынның көптеген шығармалары жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы басылып шықты.
Қадыр Мырза Әли көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. Балаларға арналған бірқатар еңбектері: «Жаңғалақтар» (1960), «Кішкене қожанасырлар» (1961), «Данышпан» (1961), «Ноян-қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964).
Оқулықпен жұмыс
- Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді.
- Оқушылар өлеңді дауыстап оқиды.
- Тізбектеп оқу ұйымдастырылады.
Сөздік жұмысы
- Себелеп
- Жоғарыдан төмен қарай тоқтаусыз жауу.
Талқылау сұрақтары
- Өлең не туралы?
- Далада қар жауып тұрған сәтті бақылап көрдіңдер ме?
- Өлеңде қар жауу көрінісі қалай суреттелген?
- Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Сергіту сәті (ойын)
«Маша мен аю» қалай ойнады? Сендер де ойнағыларың келе ме?
Ендеше, қазір қолымызға ақ қағаз алып, умаждап «қар добын» жасаймыз да, бір-бірімізге лақтырамыз.
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан арылып,
Әдемі етіп жазайық!
Бақылау
Өлеңде ең көп кездескен жуан дауысты дыбыс қандай? «Аа».
Көркем жазу
- «Аа» әрпінің элементтерімен танысу, ауада жазу.
- Дәптерге «Аа» әрпін жазу.
- Сөздер: аяз, қар.
Тапсырмалар
1-тапсырма
Өлеңнің алғашқы екі жолын көшіріп жаз. Дауысты дыбыстарды ата.
2-тапсырма
Суреттегі заттардың атауларын жаз. Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
3-тапсырма
Көп нүктенің орнына дауысты дыбыстарды қойып жаз:
Сергіту сәті (қимыл-қозғалыс)
Аяққа шаңғы ілеміз,
Қолға таяқ аламыз.
Оңға қарап, солға қарап,
1, 2, 3 деп сырғимыз.
4-тапсырма
Есептеп шығарайық, сөз тіркесін құрайық:
- қыс + орман = қысқы орман
- қыс + киім = қысқы киім
- қыс + демалыс = қысқы демалыс
- қыс + ойын = қысқы ойын
Сабақты қорытындылау
- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Не білдік?
- Не істедік?
- Сабақ ұнады ма?
Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үй тапсырмасы
20-бет, 27-жаттығу.
Рефлексия
Сабақ туралы қысқаша пікір білдіру.