Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы

«Жас білгірлер» атты сайыс сабақ

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайд

Бағалау

Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың білімін тексеру, алған білімдерін тиянақтау, берілген тапсырмаларды орындап, нәтижеге қол жеткізу.

Дамытушылық

Компьютерде бағдарламамен жұмыс істеуде әртүрлі амал-тәсілдер арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Танымдық қызығушылық пен белсенділікті арттыру, топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сайыстың барысы

Кіріспе

Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!

«Жас білгірлер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныстырамыз.

  • Ойынға 2 топтан, әр топтан 5 оқушы қатысады.
  • Сайыс 5 турдан тұрады.
  • Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

Алдағы біз баратын бағыт анық,
Озат жан екеніңді тағы таныт.
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысайық.

Топтар өздерін таныстырады.

1-тур — «Ғажайып алаң»

Төмендегі ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз.

Мәңгілікке есте қалар,
Қызықты бұл жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын.

ЭЕМ-нің даму тарихы

10 ұпай
Арифмометр қай жылы құрастырылды? (1694 ж.)
20 ұпай
Есептеу техникасының қарқынды дамуы қай ғасырда басталды? (XIX ғасыр)
30 ұпай
Алғашқы есептеу құралы қандай? (саусақ)

Терезелер

10 ұпай
Басқару батырмалары не үшін керек? (жинау, жаймалау, жабу)
20 ұпай
Айналдыру жолағы не үшін керек? (терезенің төменгі/жоғарғы бөлігіне өту үшін)
30 ұпай
Қапшыққа өту батырмасы қалай аталады? (переход батырмасы)

Объектілермен жұмыс

10 ұпай
Жаңа қапшық құру командасы: (жанама мәзір → Создать → Папку)
20 ұпай
Қапшықтардың белгілі бір тәртіппен орналасуы қалай аталады? (иерархия)
30 ұпай
«+» таңбасы нені білдіреді? (қапшықтың бос еместігін)

2-тур — «Сиқырлы қалам»

Жұмбақтардың шешуін тауып, суретін салу.

Көзіменен көрсетеді,
Сөйлемей-ақ айтар бәрін.
Алдына оның келсе теңі.

Жауабы: монитор

Білмейсің өлі-тірісін,
Қолыңа алсаң әпсәтте,
Бітер жылдам бар ісің.

Жауабы: тышқан

3-тур — «Қызықты сөздер»

Берілген кестеден үлгі бойынша пәнге байланысты сөздерді тауып, сызып көрсету керек.

К О И Н Ф О Ф Р А П В И Н М А Б М И Е Р Р М Т К И К С Е Р С А П Ь Ю О Г А А Л Р П Е Л Ь С Й Т К Т Е Л Ц И Я О Р И М С И А А И Б Р И М А Р Г Р Т М К В Л К И Е Р Ф М А О К А Ы О А Я Г О Т Е Н П Е Р Ф Е Т М Р З Е Ш Р И К О М Д И С К А О Д Е В Е М Т Ц И П А К С К В Е Н М О Н Н О Л К Т Н О Н Ъ Ю Я С О Р Р Е Н Б А Р Д И Р И Н И Э Р Ы А Д Т И Н З И С О Н К Ц Р Г О К Т О Р Ы М Е Т В Д И Я М О Н А Р И Ф М О Т О А Е Э Б И К А Л О Г И К А Р Р Н И Б Б И Д Ж

4-тур — «Полиглот»

Екі топқа бірдей сұрақтар беріледі.

  • Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
  • Уақыт: 2 минут.
  • Жауапты үш тілде айту керек: қазақша, орысша, ағылшынша.
Қазақ тілінде Ағылшын тілінде Орыс тілінде
Құру New Создать
Ашу Open Открыть
Баспаға шығару Print Печать
Жабу Exit Закрыть
Сақтау Save Сохранить
Деп сақтау Save As Сохранить как

5-тур — «Белгісіз әлем»

Бұл турдың шарты бойынша әр команда берілген сұрақтарға сәйкес жауаптарын табады.

1-топқа

  1. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы: модем
  2. Әріптік-сандық ақпаратты енгізу құрылғысы: пернетақта
  3. Мәтіндік және сандық ақпаратты бейнелейтін құрылғы: монитор
  4. Компьютердің негізгі қызметтік элементтері орналасатын қорап: жүйелік блок
  5. Дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысы: микрофон

2-топқа

  1. Дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы: колонка
  2. Басқарушы ақпаратты енгізу құрылғысы: тышқан
  3. Windows сөзінің аудармасы: терезе
  4. Ең ерте замандағы есептеу құрылғысы: есепшот
  5. Адам денсаулығына зиянды болуы мүмкін компьютер құрылғысы: монитор

Қорытынды

Осымен сайысымыз аяқталды.

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рақмет!