Соны есепке алсақ, Ұзын саны жүз жеті

Интеллектуалды ойынның дәйектемесі

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-балабақшасының информатика пәні мұғалімі Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы (Жаратылыстану бірлестігінің онкүндігі аясында 8-сыныпта өткізілген “Үздік информатик” интеллектуалды ойыны).

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: XXI ғасырдағы жаңа технологиялар мен ақпараттандыру бағыттарын меңгерту, информатика пәніне қызығушылықты арттыру.
  • Дамытушылық: Білімді жетілдіру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, жаңа материалға қызығушылықты дамыту.
  • Тәрбиелік: Тиянақтылыққа, өзіне талап қоя білуге баулу; қауіпсіздік техникасы мен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.

Сабақтың түрі

Өтілген тарау бойынша қайталау. Сабақ жарыс-сайыс форматында өткізіледі.

Көрнекілігі: слайдтар, таратпа материалдар, компьютер.

Жоспар

  1. Бәйге
  2. Дода көкпар
  3. Тіл-өнер
  4. Жеті жұмбақ
  5. Ұшқыр оймен...
  6. Кім жылдам?

Өтілу барысы

I. Ұйымдастырушылық кезең

  • Оқушыларды сайысқа шақыру.

II. Сайысты өткізу тәртібі

  • Сайыс бағдарламасымен таныстыру.
  • Әділқазылар алқасымен таныстыру.
  • Кезеңдерді өткізу.
  • Қорытынды жариялау.
  • Жеңімпаздарды марапаттау.

Жүргізушілер сөзі

I-жүргізуші

Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым, отырсың ба елеңдесіп.
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,
Алдымен бәріміз сәлемдесейік.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздермен бірге “Үздік информатик” атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігімен, тапқырлығымен, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.

Әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

II-жүргізуші

Қадыр Мырзалиевтің сөзімен айтсақ:
“Ана тілім — арым бұл, ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.”

Ендеше, жас қырандардың білімін бірге тамашалайық.

Сайыс кезеңдері

I кезең — Бәйге

16 сұрақ • Дұрыс жауап: 10 ұпай

  • Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас — интерфейс.

  • Аты бар бірқатар байттар тізбегі — файл.

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал — компьютер.

  • ЭЕМ-мен жұмыс кезінде экраннан отыру қашықтығы — 60–70 см.

  • 1694 жылы Лейбниц ойлап тапқан, арифметикалық амалдарды есептейтін машина — арифмометр.

  • Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы — сканер.

  • Компьютердің “ақыл-ойы”, ең басты бөлігі — процессор.

  • Принтердің түрі — 3.

  • Логикалық көбейту амалы — конъюнкция.

  • Компакт-диск оқу құрылғысы — CD-ROM.

  • Дүниежүзілік компьютерлік желі — Интернет.

  • Компьютер “ауруы” — вирус.

  • Windows — операциялық жүйе (аудармасы: “терезелер”).

  • “Компьютердің атасы” — Чарльз Бэббидж.

1-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз қатысушыға: “Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме” деп алғыс айтып, қошеметпен шығарып саламыз.

II кезең — Дода көкпар

Практикалық жұмыс

Тапсырма

Әр оқушыға практикалық жұмыс беріледі: Paint графикалық редакторында сурет салу.

Көрермендермен ойын: “Артық термин”

Берілген қатардан артық терминді табу.

  1. Екі, бес, нөл, қосынды, бір, тоғыз
  2. Принтер, монитор, графиксалғыш, пернетақта
  3. Көбейту, өшіру, азайту, қосу, бөлу
  4. Торкөз, қызыл, жасыл, көк
  5. Бос орын, компьютер, Esc, Enter, Backspace
  6. Вирус, синус, косинус, тангенс
  7. Сантиметр, килобайт, бит, мегабайт
  8. Нүкте, Shift, үтір, қос нүкте
  9. Монитор, тышқан (қолтетігі), пернетақта, жүйелік блок

2-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз қатысушымен қоштасамыз.

III кезең — Тіл-өнер

10 жасырын сөз • 3 тіл: 20 ұпай • 2 тіл: 10 ұпай

  • Ақпараттың қайнар көзі — табиғат / природа / nature.

  • “Фонограф” бағдарламасы өңдейтін мәлімет — дыбыс / звук / sound.

  • Ас — адамның арқауы, ал компьютердің “асы” — ток / ток / current.

  • Бағдарламадағы немесе мәтіндегі кемшілік — қате / ошибка / error.

  • Қоршаған орта және ондағы процестер туралы мәлімет — ақпарат / информация / information.

  • “Жіпке ілдім мен өзін, кіп-кішкентай күн көзін” — шам / лампочка / lamp.

  • Компьютермен жұмыс істеуді жеңілдететін қосымша құрылғы — тышқан / мышка / mouse.

  • Логикалық көбейтудің атауы — және / и / and.

  • “Сәлем — ненің патшасы?” — сөз / слово / word.

  • “Кітап — ненің бұлағы?” — білім / знание / knowledge.

3-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз қатысушыға: “Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме” деп алғыс айтып, қошеметпен шығарып саламыз.

IV кезең — Жеті жұмбақ

Жұмбақтар арқылы ұғымдарды бекіту

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютер жаны — мекені. (кактус)
  2. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі, түсі сұр, құйрығы ұзын. (тышқан)
  3. Ақпаратты қағазға шығарады. Бұл құрылғы қалай аталады? (принтер)
  4. Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізеді. Бұл қандай құрылғы? (сканер)
  5. Экран бетінде тұрағы, қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)
  6. Төртбұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек. (монитор)
  7. Биологияда — паразит, көзге зорға көрінер; информатикада — өлшем бірлік, ақпаратты өлшер. (бит)
  8. “Бес атаның балалары”: қыдырмашы біреуі бір күн бар да, бір күн жоқ; ұзын саны — жүз жеті. (пернелер)
  9. Пернетақта ауылында 12 ағайынды бар, есімдері “F” әрпінен басталады. (функционалдық пернелер)
  10. Ұзынтұра Жалқаубек тұрмай ылғи жатады, қозғала қалса артынан ешбір белгі қалмайды. (бос орын)

4-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз қатысушыға алғыс айтып, қошеметпен шығарып саламыз.

V кезең — Ұшқыр оймен...

Әріптерді орын-орнына қойып сөз құрау

Адасқан әріптерден сөз құрастыру тапсырмасы орындалады.

VI кезең — Кім жылдам?

Соңғы екі сайыскерге тапсырма

Берілетін сөздер

  1. Информатика
  2. Ақпараттандыру

Жүргізуші сөзі

Информатика болашаққа бастайды, келешекке білім қуған жастарды. Қадам басып XXI ғасырға, әлем жаңалығына жол ашады.

Қорытынды және алғыс

Әділқазыларға сөз

Қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі: ұпайлар есептеліп, нәтижелер жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.

Жабылу сөзі

Тағы да үйренеміз, аман болсақ! Шыңымыз биік болар, білім қусақ. Бүгінгі интеллектуалды шоу — “Үздік информатик” ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!