Менделеев - Клапейрон теңдеуі

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарытерек ауылы

Жабас Кеңесбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Физика және математика пәндерінің мұғалімі: Омарбаев Қизат Сүндетұлы

Сабақтың тақырыбы

Менделеев – Клапейрон теңдеуі. Газ заңдары.

Жалпы мақсаты

  • Менделеев – Клапейрон теңдеуі туралы мәлімет беру.
  • Теңдеудің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
  • Бірін-бірі бағалай білуге баулу.

Күтілетін нәтиже

  • Менделеев – Клапейрон теңдеуі туралы мағлұмат алады.
  • Теңдеудің формулаларын есептер шығаруда қолдануды үйренеді.
  • Өзін және сыныптасын бағалай алады.

I. Ұйымдастыру

Ұзақтығы: 2 минут

Жылдам бастау, нақты нұсқаулық

Сабақтың бастапқы қадамдары

  1. 1.1 Сәлемдесу.
  2. 1.2 Сынып оқушыларына жағымды ахуал қалыптастыру.
  3. 1.3 Оқушыларды түгендеу.

Топқа бөлу және рөлдер

Оқушылар түрлі түсті қағаздар арқылы 2 топқа бөлінеді.

Әр топта төмендегі рөлдер анықталады:

  • Баяндамашы
  • Хатшы
  • Бақылаушылар

Жұмыс тәртібі

Топ берілген тапсырманы бірлесе талқылайды, ал бақылаушылар оқушылардың жұмысына сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Сабақ соңында мұғалім оқушыларды түсті қағаздар арқылы бағалайды.

Қызыл түс

Өте жақсы

Жасыл түс

Жақсы

Сары түс

Орташа

Бағалау парағы

Оқушылар өз жұмыстарын және сыныптасының жұмысын бақылау парағындағы белгілер арқылы бағалайды:

Өте жақсы Жақсы Орташа

Тапсырмалар

  • Сәйкестендіру тесті
  • Постер қорғау
  • Тәжірибе жасау
  • Есептер шығару
  • «Иә / жоқ» тесті
  • Шығармашылық сұрақ