Көкөністерді ажырат Ойын шарты

Мақсаты мен көрнекілігі

Мақсаты

  • Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.
  • Күз өнімдерімен таныстырып, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру.
  • Мерекелік көңіл күй қалыптастыру.

Көрнекілігі

Түрлі түсті шарлар, жапырақтар, ағаштар және күз тақырыбына сай безендіру элементтері.

Шарлар Жапырақтар Ағаштар Декор

Мерекенің басталуы

Музыка ойнап тұрады. Әсем безендірілген залға балалар кіріп келеді. Жүргізуші қонақтарды қарсы алып, мерекенің шымылдығын ашады.

Жүргізушінің құттықтауы

Келді міне алтын күз,
Сары шашты, жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар, ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
Бүгінгі «Күз — береке, күз — мереке» атты берекелі де ырысты алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!

Музыкалық бөлім

  • Хор ән

    «Апорт деген тәтті алма»

  • Нұрқанат ән

    «Көкек»

Жемістер туралы өлеңдер

Мерекелік ертеңгілік барысында бүлдіршіндер жемістерге арналған өлең шумақтарын оқиды.

Жүзім — Раяна

Жапырақ ұшты,
Суық түсті.
Сонда да бізге
Қызық көп күзде.

Анар — Бағжан

Бұтақтан үзілген,
Жарылса анарым,
Моншақтай тізілген
Дәндерін аламын.

Алмұрт — Айғаным

Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.

Өрік — Ерқанат

Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.

Алма — Кәусар

Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.

Шие — Дінiслам

Мен шиемін, шиемін,
Басымды мен иемін.

Алтын күздің келуі

Диалог

Алтын күз

Ой, сәлеметсіздер ме, балалар! Мен қайда келдім?

Жүргізуші

Сәлеметсіз бе! Сіз «Назым» балабақшасының «Балдырған» тобының «Күз — береке, күз — мереке» атты ертеңгілігіне келдіңіз.

Алтын күз

Ендеше, балалар, мен сендерді дәл тауып келіппін! Мен — Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. Қонаққа келдім сендерге: сәбіз, картоп, тәтті алма! Оған, достым, таң қалма! Жапырақ та сиқырлы — ойын ойнар түрлі-түрлі!

Көкөністер шеруі

Жүргізуші балаларға күзде пісетін көкөністердің алуан түрлі екенін айтып, ортаға көкөністерді шақырады.

Пияз — Ерасыл

Асханадан шықпаймын,
Атым — пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын!

Қызанақ — Нұраят

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен — қызанақ,
Күнге қарап ұялып!

Картоп — Дінмұхамед

Картоп — біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз!

Сәбіз — Нұрбек

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз!

Қарбыз — Арнұр

Ала шапан киініп,
Үлкейіпті қарбыздар.
Жесең тілді үйіріп,
Сусыныңды қандырар!

Қауын — Айбар

Қауын иесін баптаған,
Күтіп жатыр сарғая.
Еңбегіңді ақтаған,
Қауын деген қандай-ақ!

Асқабақ — Айтөре

Күзді күтіп жатырмын,
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын, жараймын
Қыстай сақтап қоюға!

Қияр — Нұрқанат

Көктеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым — қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суарып!

Қызылша — Ислам

Ақ түсім бар — қант алар,
Қызыл түсім — қанға нәр.
Зияным жоқ, біліп қой,
Қызылшамын, пайдам бар!

Алтын күз:

Бәрекелді, керемет!

Ойындар мен би

Ойын №2 — «Көкөністерді ажырат»

Шарты: Ортаға екі бала шығады. Жерге шашылған жемістер мен көкөністерді екі бөлек себетке жинайды. Кім дұрыс ажыратса — сол жеңімпаз.

Жүргізуші

Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, қандай жылдам!

Би — «Қолшатыр»

Балалар Алтын күзге қолшатырмен би билеп береді.

  • Бағжан
  • Гаухар
  • Кәусар
  • Лаура

Алтын күз

Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қолшатырларың қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар!

Күз туралы шағын шумақтар (орыс тілінде)

Гауһар

Осень, осень, в гости просим.
Осень, осень, погости недель восемь.

Сұлу

Листопад, листопад —
Листья желтые летят.
Покружились, покружились
И на землю опустились.

Лаура

Наступила осень,
Пожелтел наш сад.
Листья на березе
Золотом горят.

Ән

«Жау-жау жаңбыр» (Бағжан)

II бөлім: «Күз ханшайымы» байқауы (ата-аналар арасында)

Келесі бөлімде ата-аналар арасында «Күз ханшайымы» атты байқау өтеді. Ортаға сайысқа қатысушы арулар шақырылады.

Байқау шарттары

  1. «Менің ата-тегім» — өзін-өзі таныстыру.
  2. «Шебер қолдар» — ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысты ұсыну.
  3. «Әсем біздің арулар» — сән үлгісін көрсету.

Әділқазы береді өздеріңе билікті:
Өнерде кім жеңеді — алады сол сыйлықты.

Әділқазылар алқасы

  • Айгүл

    Ата-аналар комитетінің төрайымы

  • Жанар

    Мүше

  • Жазира

    Мүше

  • Бейбіт Әлімжанқызы

    Балабақша меңгерушісі

Хор

«Күзге сәлем»

Би — «Саңырауқұлақтар»

Әділқазылар қорытынды шығарғанға дейін балалар би билейді: күн мен бұлт тату болса — бәрі де көңілді; орманда әр жерден саңырауқұлақтар көрінеді.

Марапаттау

«Күз ханшайымы» байқауы бойынша аруларға атақтар беріліп, мадақтау қағаздары табысталады:

  • Күз ханшайымы

  • Ұшқыр қиял

  • Сымбатты ару

Қорытынды және қоштасу

Алтын күздің қоштасуы

Алтын күз

Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

Жүргізуші

Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын!

Ізгі тілек

Келген қонақтарымызға «Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын деп тілейміз.

Музыка ойнап тұрады. Балалар Алтын күзбен қоштасады, Алтын күз сахнадан шығып кетеді.