Сәтті болсын қадамың

Салтанатты іс-шара сценарийі

«Сәт сапар, ХХІ ғасыр түлектері!»

Бұл кештің мақсаты — 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға және алтын ұя мектепке деген балалық алғыс пен шынайы сүйіспеншілікті білдіру. Оқушыларды салтанатты іс-шараға қатыстыра отырып, әсемдікке, адамгершілікке, ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу.

Кіріспе

Ойнақы музыка. Тыныштық.

1-жүргізуші

Армысыздар, жиналған қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын жаңа аттаған кіп-кішкентай бүлдіршін едік, бүгін міне есейіп, ер жетіп, сіздердің алдарыңызда тұрмыз.

Алғаш мектепке келгенімізде ұстазымыз бізді құшақ жая қарсы алған еді. Бүгін алтын ұя мектеппен қош айтысатын күн де келіп жетті.

Ұрпағың мақтануға лайық болса,
Бүгін мақтанайық, жар салайық.
Мектептің биылғы түлектерін
Құрметпен, қошеметпен қарсы алайық!

Көрініс

Мектеп түлектерін қошеметпен қарсы алу.

2-жүргізуші

Қонақ — ырысың мен мерейің. Енді аяңдап қонақтарға келейік. Мектеппен қоштасу кешіне ортақ болған қонақтарды таныстырып өтейік.

Көрініс

Салтанатты жиынның қонақтарын шақыру.

Мемлекеттік рәміздер

1-жүргізуші

Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Елдік те бар, ерлік те бар, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге!

Көрініс

Ту кіргізіледі.

2-жүргізуші

Мектеп — еліміздің қаны мен жаны. Мектептен басталады бәрі де. Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалсын!

Көрініс

Әнұран орындалады.

Өнер шашуы

1-жүргізуші

Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым,
Жанымның жайып салып тылсымдарын.
Махаббат боп маздаған мына ғалам,
Бақытты мектебімнің білсін бәрін!

Би

«Ертегілер елінде»

Құттықтау сөздер

2-жүргізуші

Ажырамай мектептен бір елі сіз — жүрегіңіз жақсылыққа жаралған. Құрметпен сөз берейік: түлектерге ақ тілегіңіз арналсын.

Сөз

Мектеп директорына сөз беріледі.

1-жүргізуші

Мерейтой мен мейрамда мәртебең биік. Бүгінгі мектеп бітірушілерге ақ тілек айту үшін келген қадірлі қонақтарға сөз берейік.

Сөз

Қонақтарға сөз беріледі.

Оқу озаттарын марапаттау

2-жүргізуші

Қиындық та кездесер, асу да көп. Тер төксең — биік шыңды бағындырарсың. Бүгін еңбегімен ерекшеленген оқу озаттарын ортаға шақырайық!

Көрініс

Оқу озаттарын шақыру, құрмет көрсету.

1-жүргізуші

Өнерді жанымен түсінетін — қашанда өнерлі жас. Озаттарға мың бұралып би билеп, шашу шашсын бишілер!

Би

«Әке толғауы»

Түлектер үні

2-жүргізуші

Ата-ана — өмірдің жалғасы, ұстаз — жолдың шамшырағы. Кең пейіл мен ақ арманнан нұр алған түлектер, жүректерің не дейді? Сөз — мектеп бітіруші түлектерге!

1-жүргізуші

Армысыздар, жиналған ата-ана мен ұстаз! Той-жиынсыз өмірдің сәні кем. Арамыздан талпынып, қанат қаққан, 11 жылда оң мен солын таныған жас — бүгін үлкен жолға бет алды.

Көрініс

Мектеп вальсі. Түлектер билейді.

2-жүргізуші

Осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршін едік. Енді есейіп, азамат атанып, жаңа өмірге қадам басқалы тұрмыз. Алғашқы қадамда жылы жүректі ұстазымыз қарсы алып, жазуға да, оқуға да баулыды.

Төрт жыл бойы жетекшіміз болып, өмір жолын үйреткен Ұлболсын және Жанат апайларымызға мәңгі қарыздармыз. Ендеше, алғаш қалам ұстатқан ұстаздарымызға сөз берейік.

Сөз

Алғашқы ұстаздарға сөз беріледі.

Бірінші қадам естелігі

1-жүргізуші

«Мектебің мынау — класың, осында он бір жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың», — демекші, сөз кезегі мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1-сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

Көрініс

Ортаға «Әліппе», «қарындаш», «қалам», «жазу дәптері» макеттерін киген 1-сынып оқушылары шығады.

1-оқушы

Жанар ма деп талабың,
Биік шыңға тартасың.
Талабыңа нұр жаусын!

Барлығы: Сәтті болсын қадамың!

2-оқушы

Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Білімменен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елімді.

3-оқушы

Ұшырады мектебің өз қолынан,
Көріне бер ғылымның сан қырынан.
«Қазақтың ұлы ғой» — деп айтатындай,
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

4-оқушы

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, үлкеннен бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз

Ата-аналарға сөз беріледі.

Қоштасу сәті

Түлектер (хормен)

Даңқы бар — ширек ғасыр өткенің,
Алдымызда тұр жарқын көктемің.
Ғасырдың асқарынан көріне бер,
Аяулы Жаңажол орта мектебіміз!

Көрініс

Түлектер шар ұшырады.

Ән

«Қош бол, мектеп!»

Гүлдерге толы омырау — әртүрлі әркім ойлайды.

Қағылмақ соңғы қоңырау — қаққызбай өмір қоймайды.

Соңғы қоңырау

1-сыныптың 12 озат оқушысы шеңбер бойымен 12 рет қоңырау соғады.

2-жүргізуші

Қоштасады алтын ұя мектебің, маңдайыңнан сипап өтсін көктемің. «Сәт сапар!» — деп қол бұлғаймыз бәріміз, армандарға жетулеріңді тілейміз!

Көрініс

Музыка. Түлектер шығарып салынады.

Жабылу

1-жүргізуші

Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Кім сенеді ту болмады дегенге?
Батырлыққа уызынан жаралған,
Ел түркіні байрағынан таныған.

Көрініс

Ту шығарылады.

Хабарландыру

Құрметті салтанатты жиын қонақтары! Бүгінгі «Сәт сапар, ХХІ ғасыр түлектері!» атты соңғы қоңырау салтанаты жабық деп жарияланады. Сау болыңыздар!

Ескерту: Мәтін редакцияланып, тыныс белгілері мен емлесі түзетілді; мазмұны сақталды.