Оқушылар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар

Сабақтың тақырыбы

Ф дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.
  • Сөйлем ішінен құрамында ф әрпі бар сөздерді тауып, жазу.
  • Ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру.
  • Айтылуын басқа дыбыстармен салыстыру.
  • Дыбыстық талдау жасату.

Дамытушылық

  • Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын және сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Сауатты әрі көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа, дұрыс оқуға, білімді әрі озық ойлы болуға тәрбиелеу.
  • Спортпен шұғылданып, денені шынықтырудың маңызын түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер және сабақ сипаттамасы

Әдіс-тәсілдер

  • Сатылай кешенді талдау
  • Мәнерлеп оқу
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Көрнекіліктер

Ф әрпінің баспа және жазба түрі, сызбалар, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Бес болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз.

Мақсатымыз — білім алу,

Міндетіміз — еңбек ету.

Көңіл күйіміз жақсы болса, сабағымызды сергек әрі көңілді бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
  • В дыбысы мен әрпі, сондай-ақ «Вокзал» мәтінін оқу.
  • В дыбысы қандай дыбыс? (оқушылар жауабы)
  • «Вокзал» мәтінін тізбектей оқыту.

III. Өткенді бекіту

Сұрақтар

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Дыбысты таңбалап жазсақ, ол не болады?
  • Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?

Ойын: «Әріптер әлемі»

Шарты: өткен әріптерді қайталап, сол әріптермен сөз және сөйлем құрау.

Берілген әріптер

Х Ю Һ В

Мысал сөздер

Хат, ою, жиһаз, вокзал.

Мысал сөйлемдер

  • Ағам хат жазды.
  • Әжем ою ойды.
  • Біз жиһаз алдық.
  • Вокзал үлкен әрі әдемі.

IV. Жаңа сабақ

Жұмбақтар

1) Қыста дем алып, жазда тынбайды, көкке атылып, жерге құлайды.

Жауабы: фонтан.

2) Өңкей сығай екі топта, таласып жүр бір допқа.

Жауабы: футболшы.

«Фонтан», «футболшы» сөздері қай дыбыстан басталады? Ф дыбысынан. Демек, бүгін біз Ф дыбысы мен Ф әрпімен танысамыз.

Ф дыбысының сипаты

  • Ф — дауыссыз дыбыс (созылып айтылмайды).
  • Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс.
  • Орыс тілінен енген дыбыс; қазақтың төл сөздерінде сирек қолданылады.

Артикуляция (дұрыс айтылуы)

Үстіңгі ерін сәл көтеріңкі болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді. Астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатады. Дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы өткенде Ф дыбысы жасалады.

Жаттығу сұрақтары

  • Ф дыбысын хормен айту.
  • Бұл қандай дыбыс? — Дауыссыз дыбыс.
  • Қандай текшемен белгілейміз? — Көк дөңгелекшемен.

Тақтамен жұмыс (суретпен жұмыс)

Ф әрпінің баспа түрін оқулықтардан, газет-журналдардан көреміз. Ал жазба түрін жазу барысында қолданамыз.

Сөз: «Фонарь»

Дыбыстық талдау: фо-нарь.

  • Екі буын.
  • Екі дауысты дыбыс.

Сөз: «Футбол»

Буынға бөлу: фут-бол.

  • Екі буын.
  • Ф дыбысы сөздің басында айтылады.
  • Футбол туралы не білесіңдер? (оқушылар жауабы)

Сөздік жұмыс (мағынасын ашу)

Сөз Мағынасы
Ферма Шаруашылық орталығы.
Фирма Мекеме, жұмыс орны.
Фото Сурет.
Факс Телефон желісі арқылы жіберілетін жазбаша хабар (хат).
Телефон Сөйлесу құралы.
Телеграф Хабар жіберу құралы және байланыс қызметі.
Футбол Доппен ойналатын спорт ойыны.
Әл-Фараби Адамның аты (ғұлама, данышпан, ғалым).

Қорытынды байқау

Ф дыбысы сөздердің басында, ортасында және аяғында кездесуі мүмкін. Демек, ол барлық буында айтыла береді. Ф — орыс тілінен енген әріп болғандықтан, қазақтың төл сөздерінде жиі қолданылмайды.

Өлең: «Футбол»

Футбол деген ойынға

Барлық бала құмар-ақ.

Бірақ жолдың бойында

Доп теппеңдер қуалап.

Талқылау сұрақтары

  • Саған футбол ойыны ұнай ма?
  • Оны қалай ойнаймыз? (Екі топқа бөлініп.)
  • Футболды қай жерде ойнау керек? (Арнайы алаңда.)
  • Допты көшеге жақын жерде ойнауға бола ма? (Жоқ.)

Өлең: «Әл-Фараби»

Әл-Фараби — ғұлама, данышпан, ғалым.

Бала болсаң талапты,

Біліп өскін Фарабты.

Әбу Насыр қаланың

Әлемге атын таратты.

V. Оқулықпен жұмыс

  • 4 топқа бөліп, бағандағы сөздерді оқыту.
  • «Футбол» және «Әл-Фараби» өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәті

Көбелек тұрды ертемен,

Күлімсіреп керілді.

1 — шықпен бетін жуды,

2 — шыр айналып бұрылды,

3 — еңкейіп жерге жетті,

4 — дегенде ұшып кетті.

VI. Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

  • Ф әрпінің бас және кіші әрпін жазу.
  • Ф әрпін ауада жазып көрсету.

VII. Шығармашылық тапсырмалар

1-топ: «Сөз ойла, тез ойла»

Берілген әріптерден сөздер ойлап, жазу.

2-топ: «Адасқан буындар»

Берілген буындардан сөз құрау.

3-топ: «Қай әріпті жоғалттым?»

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қою.

4-топ: «Кім шапшаң сөйлем құрайды?»

Берілген суреттер бойынша сөйлем құрау.

VIII. Сабақты қорытындылау

Рефлексия сұрақтары

  • Не үйрендік? Не білдік?
  • Қандай дыбыспен және әріппен таныстық?
  • Ф дыбысы қандай дыбыс?
  • Ф дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

Құпия сөз тапсырмасы

Тақтада сандар қатары беріледі. Сандарды тура санап шықсаңдар, құпия сөзді табасыңдар.