Ағаштардың қасиеті

Сабақтың оқу мақсаты

Бұл сабақтың негізгі мақсаты — ағаштардың табиғатқа және адамзатқа тигізетін пайдасын түсіне отырып, мәтінді саналы түрде оқуға үйрету.

Сонымен қатар Отан мен туған жер табиғатын әрдайым аялауға, қорғауға, сақтауға баулу арқылы оқушылардың патриоттық сезімін нығайту көзделеді.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар

  • Ағаштың адам өміріне тигізетін пайдасын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Экологиялық мәселелердің шешімін іздеуге талпына отырып, оқу, жазу және сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

Кейбір оқушылар

  • Ағаштардың емдік қасиеттері туралы (мысалы, қайың) өз ойын тұжырымдап, дәлелдей алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіре алады.

Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер

Бас иіп, тәжім ету
Құрмет көрсету.

Сыныптағы диалог пен жазылымға арналған тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар

  1. Ағаштардың қасиеті
  2. Ғұлама ғалымның сөзі

Сұрақ үлгілері

Сіз неліктен… екенін айта аласыз ба?

  • Туған жерді бағалау деген не?
  • Адамзат ағашсыз өмір сүре алар ма еді? Қалай ойлайсың?

Жазылым бойынша тапсырмалар

1) Синквейн

«Ағаш» сөзіне синквейн құрастыр.

2) Мақал-мәтел құрастыру

Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел жаз.

Үлгілер

  • Доссыз адам — жапырақсыз ағаш.
  • Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты.
  • Ағашы аласа болса да, алмасы тамаша.