Құрметті тәрбиешілер және балалар, бүгінгі Көңілді спорттық ойындар атты сайысқа қош келдіңіздер
Білім беру саласы
Денсаулық
Тақырыбы
Көңілді спорттық ойындар
Мақсаты
Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру, спортқа деген қызығушылығын арттыру, ептілік пен шапшаңдыққа баулу.
Мотивациялық ұран
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң – шымыр боларсың,
Шынығып өсіп, толарсың.
Кіріспе сөз
Құрметті тәрбиешілер мен балалар, бүгінгі «Көңілді спорттық ойындар» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бұл сайысқа Ортаңғы «Ақбота» және «Толағай» топтарының бүлдіршіндері қатысады. Қатысушы командаларды ортаға шақырайық.
1-команда
«Ақбота» тобы
2-команда
«Толағай» тобы
Сайыс құрылымы
Сайыс бірнеше турдан тұрады. Әр турда балалар командалық рухты, ептілік пен жылдамдықты көрсетеді.
I тур: Таныстыру
Әр команда өз ұранымен таныстырады.
-
«Ақбота»: «Шынықсаң – шымыр боларсың»
-
«Толағай»: «Дені саудың – жаны сау»
II тур: Көңілді секіртпелер
Топ мүшелері секіртпемен белгіленген межеге дейін жетіп, жалаушаны алып, кері жүгіріп келеді. Содан кейін эстафетаны келесі ойыншыға береді.
III тур: «Кім жылдам?»
Ойыншы допты екі аяқтың арасына қысып ұстап, кедергілер арасынан жылан тәрізді ирелеңдеп өтіп, эстафетаны келесі ойыншыға береді.
Әсерлі сәт
Залға Сайқымазақ келеді, балалармен амандасады және балаларды музыкалық-ырғақты би билеуге шақырады.
IV тур: «Кім епті?»
Ойыншы шығыршықты жүресінен отырып басынан асырып, өзіне кигізеді. Белгілі межеге дейін барып, кері жүгіріп келеді.
V тур: Арқан тарту (ұлттық ойын)
Екі команда арқан тартысып, бірлескен күш пен ұйымшылдықты көрсетеді.
Қорытынды сөз
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы жетіп таянар.
Дені сау, мықты, епті, ақылды,
Спортсүйгіш боп өсіңдер, балалар!
Балалар, бүгінгі сайысымыздың соңына да келдік. Ойындар ұнады ма? Алдағы уақытта спортпен шұғылданып, таңертең жаттығу жасап жүресіңдер ме?
Жарайсыңдар, балалар!
Марапаттау
Бүгінгі сайысқа қатысқан барлық бүлдіршіндерге мадақтау қағазы табысталады.