Генетика мен селекцияның негізгі зерттеу әдістері

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланысын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық және экологиялық білім бере отырып, құзыреттіліктерін дамыту.

Сабақтың міндеттері

  • Генетика мен селекцияның заңдылықтарын тану.
  • Генетика мен селекцияның өзара байланысын анықтау.
  • Генетика мен селекцияның тірі ағзаларға әсер ету жолдарын түсіндіру.
  • Генетика мен селекцияда кездесетін ауытқуларды және олардың алдын алу жолдарын көрсету.

Күтілетін нәтиже

  • Генетика мен селекцияның негізгі заңдылықтарын тани алады.
  • Екі ғылымның өзара байланысын дәлелдей алады.
  • Тірі ағзаларға әсер ету тетіктерін түсіндіре алады.
  • Кездесетін ауытқуларды сипаттап, алдын алу жолдарын ұсына алады.

Негізгі бөлім

Сабақ «Жаңбыр жауғанда» ойыны арқылы генетика және селекция тараулары бойынша білімді жаңғыртудан басталады.

Білімді жаңғыртуға арналған сұрақтар

  • Генетика ғылымы нені зерттейді?
  • Тұқым қуалаушылық деген не?
  • «Генетика» терминін қай жылы, кім ұсынды?
  • Генетика ғылымының негізін қалаған ғалым кім?
  • Томас Морган кім?
  • «Селекция» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
  • Селекция ғылымы нені зерттейді?
  • Селекцияның негізгі міндеттері қандай?
  • Селекцияның генетикалық негізін қалаған ғалым кім?
  • Генетиканың даму тарихы неше кезеңге бөлінеді?

Генетиканың даму кезеңдері

Зерттеушілер генетиканың даму тарихын үш кезеңге бөледі:

  1. I 1900–1910 жылдар.
  2. II 1911–1953 жылдар.
  3. III 1953 жылдан бүгінге дейін.

Негізгі тұлға: Г. Мендель

Бұл ғылымның негізгі заңдарын ашқан ғалым — Брно қаласындағы Августин шіркеуінің қызметкері, чех зерттеушісі Иоганн Грегор Мендель. Ол тұқым қуалаушылық заңдылықтарын анықтап, белгілердің бір-біріне тәуелсіз тұқым қуалайтынын дәлелдеді және гибридологиялық әдісті ғылымға енгізді.

Түйін

Генотип — ағзаның белгілері мен қасиеттерін айқындайтын тұқым қуалайтын факторлардың жиынтығы.

Топтық жұмыстар

Оқушылар 4 топқа бөлініп, әр бағыт бойынша дәлелдеу, түсіндіру және қолдану деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды.

I топ: Мендель заңдарын қорғау

Топ оқушылары интерактивті тақтадағы электрондық оқулық материалдарына сүйене отырып, Мендель заңдарын түсіндіреді. Бір оқушы тақтада генетикалық есеп шығарады.

Мендель тұқым қуалаушылықтың оқшау және бөлшектенетін сипатын көрсетіп, белгілердің тұқым қуалауы бір-біріне тәуелсіз жүретінін дәлелдеді.

II топ: Хромосомалық теорияны қорғау

Топ оқушылары «хромосома лабораториясы» форматында Морганның жеміс шыбынымен (Drosophila) жүргізген тәжірибесін көрсетіп, есептің шешімін тақтаға орындайды.

Томас Морган тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын негіздеп, тіркес тұқым қуалау заңын ашты. Мейоз кезінде кроссинговер нәтижесінде жаңа генетикалық комбинациялар пайда болады.

III топ: Селекцияның генетикалық негіздері (жануарлар)

Топ оқушылары жануарлар селекциясында жетістікке жеткен ғалымдардың шығарған қолтұқымдары туралы баяндап, слайдтағы сызбамен жұмыс істейді.

Мысал ретінде аталған ғалымдар

Н. С. Бударин, Ә. Есенжолов, А. Жандеркин, И. Н. Попов, Н. З. Ғалиакберов, Қ. Ү. Медеубеков, Б. М. Мусин, Д. Н. Пак, Ә. Е. Еламанов, В. А. Бальмонт, М. Ә. Ермеков.

Кейбір түраралық будандастыру нәтижесінде алынған будандар өсімтал болуы мүмкін және бұл тәсіл жаңа түрлер шығаруда селекциялық мақсатта қолданылады.

IV топ: Селекцияның генетикалық негіздері (өсімдіктер)

Топ оқушылары өсімдіктер селекциясындағы жетістіктер туралы айтып, ғалымдар шығарған сорттар көрсетілген слайдтағы материалдарды талдайды. Мәдени өсімдіктердің суреттеріне сипаттама береді.

Аталған ғалымдар

И. В. Мичурин, Н. И. Вавилов, Қ. Мыңбаев, В. С. Пустовойт, П. П. Лукьяненко, А. П. Шехурдин, В. Н. Маманов, Ғ. З. Бияшев, І. Әбуғалиев, Ш. Берсиев, Ы. Жақаев, М. Х. Мұратов, Н. Л. Удольская.

Жоғары өнімді сорттарды сұрыптау қоғамның өндіргіш күштерін арттырып, экономиканы нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Қолдану және бекіту тапсырмалары

Зертханалық жоба

Зертханалық жұмыстағы қызанаққа арналған ғылыми жоба бойынша 7«Б» сынып оқушысы Әділханова Мөлдір баяндама жасайды (слайд арқылы).

Шығармашылық тапсырмалар

  • Сөзөрім.
  • Тылсым сан.
  • «Ат жүрісі».
  • Өсімдік туралы мақал-мәтелдер.

Генетикалық есептер

Оқушыларға карточкалар таратылып, жауаптар ауызша және жазбаша түрде қабылданады.

Диагностикалық тест

Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін қысқаша тест жұмысы орындалады.

Қорытынды

Қорытындылау бағыттары

  • Генетика мен селекцияның негізгі зерттеу әдістері (кесте арқылы).
  • Генетика мен селекцияның басқа ғылымдармен байланысы (кластер арқылы).

Бағалау және келесі қадам

  • Алдын ала таратылған бағалау парағы бойынша оқушылардың білімі бағаланады.
  • Үй тапсырмасы беріледі.
  • Рефлексия жүргізіледі.