Өзен шаяны

Сабақтың тақырыбы

Өзен шаяны: тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.

Жалпы мақсаты

Сын тұрғысынан ойлау (СТО) әдістерін пайдалана отырып, оқушылар буынаяқтылар типі мен шаянтәрізділер класына тән белгілерді ажыратады, өзен шаянының дене құрылысын талдайды және өздігінен білім алады.

Оқу нәтижесі

  • СТО әдістері арқылы оқушылардың белсенділігі артады.
  • Қызығушылығы оянып, мәселені бірлесе шешуге дағдыланады.

Сабақтың түрі

Ашық сабақ; топтастыра іздестіру сабағы; сайыс элементтері бар сабақ.

Пәнаралық байланыс

Зоология, медицина, экология.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары Өзара оқыту Топтық жұмыс Постер қорғау

Керекті жабдықтар

  • Оқулық
  • A3 қағаз
  • Маркер
  • Стикер
  • Үлестірмелі карточкалар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Амандасу.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам?»

Үй тапсырмасы сұрақ-жауап арқылы, топпен орындалады.

I топ

  1. Буылтық құрттар мен буынаяқтылардың қанша түрі бар және олар қандай ортада мекендейді?
  2. Неліктен олар «буылтық құрттар» және «буынаяқтылар» деп аталады?
  3. Буылтық құрттар мен буынаяқтылар қалай көбейеді?

II топ

  1. Хитин және целом ұғымдарын қалай түсінеміз?
  2. Екі типтің қанайналым жүйесіндегі айырмашылық қандай?
  3. Буынаяқтылар мен буылтық құрттардың зәр шығарудағы айырмашылығы қандай?

III топ

  1. Ұлулар типінің кластары қандай?
  2. Неліктен бұл тип «ұлулар» деп аталған?
  3. Ұлулар қалай тыныс алады?

III. Жаңа сабақ: Шаянтәрізділер класына жалпы сипаттама

Негізгі ерекшеліктері

  • Дене бөліктері айқын ажыратылмауы мүмкін.
  • Желбезек арқылы тыныс алады.
  • Теңіздерде, мұхиттарда және тұщы су қоймаларында мекендейді.
  • Шамамен 25–30 мыңға жуық түрі бар.

Басқа буынаяқтылардан айырмашылығы

  • Басында екі жұп мұрт (антенна) болады.
  • Желбезек арқылы тыныс алады.
  • Жұмыртқадан дамиды.

Терминдер мен ұғымдар

Шаянтәрізділерді зерттейтін ғылым карцинология деп аталады.

Хитин — жасуныққа ұқсас органикалық зат.

Қоректенуі

Өзен шаяны қорегін 3 жұп жақаяқтарымен қармап, жақтарымен ұсақтайды.

Ас қорыту жолы:

Ауыз → жұтқыншақ → өңеш → күйіс қарын → сүзгіш қарын → ішек → аналь тесігі.

Тыныс алуы және сезім мүшелері

  • Желбезектер арқылы тыныс алады.
  • Сезім мүшелері жақсы дамыған.

Көбеюі

Шаянтәрізділер жұмыртқа арқылы көбейеді. Өзен шаяны — дара жынысты жәндік.

Қанайналым және зәр шығару

  • Қанайналымы: ашық (тұйықталмаған) жүйе.
  • Зәр шығаруы: қосалқы бездер арқылы жүзеге асады.

Сабақты бекіту

1-тапсырма: Биологиялық диктант

  1. Буынаяқтылар типі: шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер және бунақденелілер болып бөлінеді.
  2. Хитин — жасуныққа ұқсас органикалық зат.
  3. Француз жаратылыстанушысы Р. Реомюр 1712 жылы өзен шаянының түлеу үдерісін алғаш сипаттап жазған.
  4. 1931–1934 жылдары Қара теңізден Каспий теңізіне балыққа ілесіп ірішаян Adspеrus және ұсақшаян Elegans кездескені тіркелген.
  5. Шаянтәрізділер желбезектер арқылы тыныс алады.
  6. Бунақденелілер класы қанатсыздар және қанаттылар болып бөлінеді.

2-тапсырма: «Қорапшадағы сұрақтар»

Қорапшаға әртүрлі деңгейдегі сұрақтар салынады. Оқушылар сұрақты бір-біріне лақтырып, жауап береді.

3-тапсырма: «Биологиялық пошта» ойыны

I топ

  • Өзен шаянының сыртқы құрылысы және қозғалысы
  • Өзен шаянының қоректенуі
  • Өзен шаянының тыныс алуы

II топ

  • Өзен шаянының қанайналымы
  • Өзен шаянының жүйке жүйесі
  • Өзен шаянының сезім мүшелері

III топ

  • Өзен шаянының зәр шығаруы
  • Өзен шаянының көбеюі

4-тапсырма: Сөзжұмбақ

  1. Бір жасушалы балдыр.
  2. Қарапайымдардың қолайсыз жағдайдағы өзгерісі.
  3. Жануарлар мен адамның ішегінде паразиттік тіршілік ететін құрт.
  4. Ішекқуыстылар типіне жататын жәндік.
  5. Зақымданған дененің қалпына келуі.

Бағалау

Оқушылардың топтық және жеке жұмысы тапсырмалар бойынша жинаған ұпайлары мен белсенділігіне қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

  1. Өзен шаяны: тіршілік ортасы, қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі тақырыптарын қайталау.
  2. Қосымша материал жинап, жәндіктерді қорғау туралы реферат жазу.