Генетика ғылымының даму тарихы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың бойында генетика ғылымы туралы түсінік қалыптастыру және ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстыру.
Дамытушылық
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын түсіндіру арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Ғылымға қызығушылықты оятып, ауызбіршілікке, білімді әрі дені сау ұрпақ болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеп, талапқа сай отырғызу.
- Оқушыларды топқа бөлу.
2) Қызығушылықты ояту
Психологиялық ахуал
Тізбектелген сұрақ-жауап ойыны арқылы сыныпта белсенді әрі қолайлы орта қалыптастыру.
Үй жұмысын тексеру
Қоршаған ортаның эмбриондық және постэмбриондық дамуға әсері: темекі, ішімдік, есірткі, түрлі сәулелердің ықпалы.
Миға шабуыл
«Жігіттің жақсы болуы – нағашыдан, үйдің жақсы болуы – ағашынан» деген мақалдың мәнін қалай түсінеміз? Бұл ой бізді тұқым қуалаушылық ұғымына жетелейді. Бүгінгі сабақта тұқым қуалаушылық туралы білімімізді тереңдетеміз.
3) Жаңа тақырыпты меңгерту
Генетика — тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттейтін ғылым. Генетиканың негізін қалаған ғалым — Грегор Мендель.
Алғышарттар мен идеялар
- Гиппократ
- Демокрит
- Аристотель
- Чарльз Дарвин
- Грегор Мендель
Негізгі байланыстар
- Генетика және медицина
- Генетика және экология
- Генетика және селекция
- Генетика және педагогика
- Генетика және география
Генетиканың даму кезеңдері
I кезең (1900–1910)
- 1900 ж.: К. Корренс (Германия), Э. Чермак (Австрия), Г. де Фриз (Нидерланд) Мендель заңдылықтарын қайта ашты.
- 1901 ж.: Г. де Фриз мутациялық теорияны ұсынды.
- 1903 ж.: В. Иогансен популяциялардың тұқымқуалау заңдылығын сипаттап, «ген», «генотип», «фенотип» терминдерін енгізді.
- 1906 ж.: У. Бэтсон «генетика» терминін ұсынды.
II кезең (1911–1953)
Бұл кезең Т. Морган және Н. И. Вавилов еңбектерімен байланысты негізгі жаңалықтарды қамтиды.
III кезең (1953 жылдан бүгінге дейін)
Генетика молекулалық деңгейде қарқынды дамып, өзге ғылым салаларымен байланысы күшейді.
4) Бекіту тапсырмалары (топтық жұмыс)
«Сәйкестікті тап»
Топтар берілген ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендіріп, нәтижесін қорғайды.
Цифрлы ойын сұрақтары
Егер жауап дұрыс болса — 1, дұрыс емес болса — 2 санын жазады.
1-топ сұрақтары
- 1. «Фенотип» терминін Г. Мендель енгізді.
- 2. Өзгергіштік — тұқым қуалауды зерттейтін ғылым.
- 3. Г. Мендель — ағылшын ғалымы.
Жауап коды: 222
2-топ сұрақтары
- 1. Пангенезис теориясын Ч. Дарвин ұсынды.
- 2. Ата-ана P әрпімен белгіленеді.
- 3. Г. Мендель 1900 жылы генетика заңдылықтарын ашты.
Жауап коды: 122
Сөйлемдерді толықтыру
- Бірдей гендерді гомозиготалы деп, әртүрлі гендерді гетерозиготалы деп атайды.
- Басым гендерді доминантты, ал басылыңқы гендерді рецессивті дейді.
- Ата-анасы P әрпімен, ұрпақтары F әрпімен белгіленеді.
- Гендердің жиынтығын генотип, ал сыртқы көрінісін фенотип деп атайды.
5) Топтық тапсырмалар
I топ
- Генетика ғылымының даму тарихы.
- Генетиканың даму кезеңдері.
- Генетиканы қазақ халқының өмірімен байланыстыру.
II топ
- Негізгі генетикалық ұғымдар.
- Тұқым қуалау заңдылықтарын түсіндіруге арналған таңбалар мен белгілер.
- Генотип және фенотип ұғымдары.
6) Рефлексия, қорытынды және үй тапсырмасы
Рефлексия
Оқушылар сабақта меңгерген негізгі ұғымдар мен қиындықтарды қысқаша талқылайды.
Үйге тапсырма
«Генетиканың даму тарихы» тақырыбын қайталау және қысқаша конспект жасау.
Қорытынды
Жеңген топ анықталып, оқушылардың жұмысы бағаланады.