Мәтінді оқып, мазмұндау

Сабақтың тақырыбы: Даудың шешімі

Сабақтың мақсаты

  • Білімдік: шешендік сөздердің мазмұны мен ерекшелігі туралы түсініктерін кеңейтеді. Данышпан билердің халық арасындағы орны жайлы білімін толықтырады.
  • Дамытушылық: сөздік қорын молайтып, ой-өрісін дамытады.
  • Тәрбиелік: тапқырлыққа, ұтымды сөз таба білуге, сөзге тоқтай білуге тәрбиелейді.

Сабақ туралы

Сабақтың түрі
Жаңа білім беру
Әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, СТО жобасының стратегиялары
Көрнекілігі
Сызбалар, үлестірме қағаздар

СТО стратегиялары

  • Семантикалық карта
  • Ассоциация
  • Эссе жазу
  • Бес жол өлең
  • Венн диаграммасы

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері

Сәлеметсің бе, көк аспан,

Сәлеметсің бе, нұрлы күн,

Сәлеметсің бе, Жер-ана,

Сәлеметсіз бе, қонақтар,

Сәлеметсіз бе, мұғалім,

Сәлеметсің бе, жан досым.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыңа жылу қос.

І. Қызығушылықты ояту

1) Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тарау бойынша эссе жазу. Оқушылар өз эсселерін «автор орындығында» оқиды.

2) Даналық сөз арқылы ой қозғау

«Жақсы сөз көңіл-ойды идіреді,
Қыңыр сөз амалсыздан күйдіреді.
Әділ сөз пайдасын көп тебірентер,
Бәрі де қисық сөздің кері кетер».

— Ж. Баласағұн

Оқушылармен сұхбат: өлең не туралы? Жауап: шешендік сөз.

Бүгінгі сабақта «Даудың шешімі» тақырыбындағы «Талассаң, бағаң кетеді» және «Кінәлі аяқтар» мәтіндерімен танысамыз.

3) Ассоциация құрастыру

«Шешендік сөз» дегенде ойға не келеді? Әр топ өз ассоциацияларын тақтаға жазады.

Зерттеу жұмысы — I топ

Қазақ халқы шешенді неге дана деп санаған?

Зерттеу жұмысы — II топ

«Өнер алды — қызыл тіл» деген мақалды қалай түсінесің?

Зерттеу жұмысы — III топ

Төмендегі ойларға қолдау көрсету немесе қарсы пікір айту:

«Сөз есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл — басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз — ер сөздің асылы,
Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста».

ІІ. Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

  1. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
  2. Сұрақтар: басты кейіпкерлер кімдер? Негізгі ой айтылған шумақты тауып оқып бер, мағынасын түсіндір.

Сөздік жұмысы

Шабындық
Мал азығын шауып алатын, шөбі қалың жер.
Жүгіну
Әділ шешім айтуын күту, билікке жүгіну.
Лақап ат
Қосымша ат, бейресми атау.
Дау
Талас, тартыс.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды шоғырландыру.

«Сен маған, мен саған»

Топтар мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, жауаптарын дәлелдейді.

Венн диаграммасы

«Талассаң, бағаң кетеді» және «Кінәлі аяқтар» мәтіндерін салыстыру: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Семантикалық карта

Мәтіндегі кейіпкерлер мен негізгі тұжырымдарды сәйкестендіру арқылы кестені толтыру.

Кейіпкерлер Негізгі ой / сөйлемдер
Даугерлер «Талассаң, бағаң кетеді; таласпасаңдар, не кетеді?»
Күдері «Кел, осы балаға жүгінейік»
Үш аяқтың иесі «Отқа жұғысқан да, қырманға өрт қойған да — шүберек байлаған ақсақ аяқ»
Бименбет «Ешкі бір аяғымен жүрмейді; үш аяғымен жүреді. Ауру аяғымен емес, сау аяғымен жүреді»

Ескерту: кесте — мәтінмен жұмысты жүйелеуге арналған үлгі. Оқушылар дәлелдермен толықтырады.

ІІІ. Ой толғау

1-топ: Эссе

Мәтіндегі дауды шешудің мәнін ашып, өз көзқарасын дәлелдеп жазады.

2-топ: Бес жолды өлең

Тақырыпқа сай 5 жолды өлең құрастырады (негізгі ұғымдар мен түйінді ойды қамтиды).

3-топ: Рефлексия

Сабақтан алған әсерін, түсінгенін және әлі де сұрағы бар тұстарын қысқаша қорытындылайды.

Ү. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқып, мазмұндау.
  • «Дауды қалай шешер едің?» тақырыбында өз шешіміңді ұсыну.

ҮІ. Бағалау

Бағалау парағы бойынша қорытынды жасалады. Белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.

Автор туралы

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Қалалық классикалық гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі: Шамғанова Гүлназ Амантайқызы