Зеленов ауданы Көшім ауылы Көшім ЖОББМ - балабақшасыПән мұғалімі

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым

Бұл тәрбие сағаты жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарды құрметтеуге үйретуге, адамгершілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру арқылы Отанды сүюге және қорғауға тәрбиелеуге бағытталған.

Оқу орны

Зеленов ауданы, Көшім ауылы
Көшім ЖОББМ-балабақшасы

Пән мұғалімі

Сагынгалиева Маркиза Сибатовна

Мақсаты

Жас ұрпақты тәуелсіздік жолындағы ерлікке тағзым етуге баулу; патриоттық рухты күшейту; Отанды, туған елді, туған тілді қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Суреттер
  • Шиырмалар
  • Плакаттар

Сабақ барысы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.

І жүргізуші:

Қанат

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі — 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар бар. Соның бірі — 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, тарихымыздағы ең ғаламат әрі тағылымды белестердің бірі.

ІІ жүргізуші:

Айшат

1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңғы сағат 10-да небәрі 18 минуттың ішінде елді абыроймен басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қызметтен босатылып, орнына Геннадий Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ тағайындалды.

І жүргізуші:

Қанат

Бұл шешімге наразылық білдірген жастардың талап-тілегі айқын еді:

  • «Әр халыққа — өз көсемі!»

  • «Ұлттар өзін-өзі билесін!»

ІІ жүргізуші:

Айшат

Алаңға жиналған жастар күш қолданған жазалаушылардың соққысына ұшырап, қанды қақтығыс орын алды. Көпшілігі қуғындалып, жазықсыз жазаға тартылып, түрмеге қамалды.

Желтоқсан жаңғырығы

Желтоқсан — 86, ызғарлы күн,

Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін.

Өттің де астан-кестең ойда жоқта,

Артыңда ұмытылмас із қалдырдың.

Ақұштап Бақтыгереева

Ақын жырлағандай, Желтоқсан оқиғасы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі болды. 16 желтоқсан — ерлік пен өрліктің, қайғы мен қасіреттің қатар тоғысқан күні. Ол — әрі жарқын, әрі қаралы күн ретінде ел жадында мәңгі сақталады.