Адасқан сандар ойыны
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні
Математика
Сабақтың тақырыбы
10 санын қосу және азайтуды бекіту
Сабақтың типі
Алған білімді тәжірибеде қолдану сабағы
Технология
Дамыта оқыту
Әдіс-тәсілдер
Көрнекілік (демонстрация, иллюстрация), сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Көрнекіліктер және байланыс
Көрнекілігі: суреттер, карточкалар, слайд беттері.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша білімді бекіту.
- Санды өрнектер құрастыру және мәнін табу.
- Сандарды салыстыру, есеп шығару, берілген есепке кері есеп құрастыру.
Тәрбиелік
- Сыныптастарына және партадағы жолдасына көмек көрсетуге баулу.
- Елжандылық, еңбексүйгіштік, адамгершілік, адалдық, шапшаңдық және тазалық қасиеттерін қалыптастыру.
- Бір-бірінің пікірін тыңдай білу мәдениетін дамыту.
Дамытушылық
- Өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру.
- Есептеу арқылы логикалық ойлау мен шығармашылық қабілетті дамыту.
- Коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сынып тазалығына мән беру.
- Құрал-жабдықтарын түгендеу.
II. Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан —
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
III. Тақырып бойынша практикалық жұмыстар
«Адасқан сандар» ойыны
Сандар ретін бекіту- 1-ден 10-ға дейінгі сандарды ретімен тақтаға орналастыру.
- 10-нан 1-ге дейінгі сандарды кері ретпен орналастыру.
Оқулықпен жұмыс
№1
Өрнектерді пайдаланып, теңсіздіктер құрастыр.
№2
Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыр.
а) Сыныпта 6 қыз бала бар еді. Оған 3 қыз бала келіп қосылды. Сыныпта барлығы қанша қыз бала болды?
ә) Сыныпта 8 ер бала бар еді. Оның 2-еуі басқа сыныпқа ауысты. Сыныпта қанша ер бала қалды?
№3. «Қобдишадағы хат» тапсырмасы
Әр кірпіш — бір тапсырмаМұғалім қобдишаны ашып, хатты оқиды:
«Балалар, мен — орманшымын. Қыс мезгілінде ормандағы жан-жануарлардың баспанасы болмай қалады. Үйдің “кірпішін” қалауға көмектессеңіздер екен».
Оқушылар келісіп, тапсырмаларды орындайды. Әр дұрыс орындалған мысал — үйдің бір кірпіші.
7+0
және
7−0
6+0
және
6+2
3+2
және
3+0
5−5
және
5−2
4+4
және
4+0
8+0
және
8−8
4−3
және
2+1
8−7
және
4+2
9−9
және
10−1
Нәтижесінде орманшы алғысын білдіреді, ал оқушылар жануарларға арналған үйдің «кірпішін» қалап береді.
Ойын: «Кім жылдам?»
Интерактивті тақтада шеңберлер беріледі. Оқушылар шеңбердің артындағы тапсырмаларды орындап, аққала құрастырады.
№4. «Жеміс бағына саяхат»
Мұғалім оқушыларды жеміс бағына саяхатқа шақырады және қандай жемісті жақсы көретінін сұрайды.
Бұтақ басындағы шиені «алып жеу» үшін төмендегі тапсырмаларды орындау қажет.
Сергіту сәті
Қысқы табиғат құбылыстарын бейнелеу: аяз, жел, боран. Оларға сәйкес жеңіл қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
Өзіндік жұмыс
IV. Үй тапсырмасы
№5 тапсырма, 140-бет.
V. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар мадақталып, жұмысы бағаланады. Оқушылардың өзара қолдауы мен жауаптарының дәлдігі ескеріледі.
VI. Қорытындылау
Сабақ соңында негізгі ұғымдар бекітіледі: 10 көлеміндегі қосу мен азайту, салыстыру, өрнек құрастыру, есеп шығару және кері есеп құрастыру. Оқушылардың жетістіктері атап өтіліп, келесі сабаққа бағыт беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
- 1-сынып математика әдістемелігі — Т. К. Оспанов.
- «Математика», Алматы.
- «Ойнайық та, ойлайық!», Алматы, 2007 ж.
- «Ұстаз үні» №18, 2009 ж.