Ана өмір тірегі

Мұғалім: Б. Елекенова

Сабақтың атауы: М. Дулатов — «Шешенің балаларын сүюі»

Сабақтың мақсаты

  • Ананың құдіреті мен қасиеті туралы түсінік қалыптастыру.
  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлығын арттыру; жүйелі сөйлеуге және өз ойын нақты жеткізуге баулу.
  • Қазақтың ұлы тұлғаларына сүйіспеншілік, мақтаныш және құрмет сезімін тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашады; ана туралы өз ойларын дәлелді түрде айтып, талдау дағдыларын жетілдіреді.

Сабақтың құрылымы мен форматы

Түрі

Жаңа білімді игерту.

Формасы

Топтық жұмыс, сыни ойлау, сызбамен жұмыс, сұрақ-жауап, өлең шығару, эссе жазу.

Көрнекілігі

Флипчарт, музыка.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Сендерге табыс тілеймін,
Жарық пен жылу, денсаулық!
Біріңе-бірің сендер де,
Денсаулық тілеңдер!

Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Бүгін біз Міржақып Дулатұлы туралы білімімізді толықтырамыз. «М. Дулатов кім?» деген сұраққа оқушылар тақтаға өз жауаптарын жазады.

М. Дулатов туралы қысқаша мәлімет

  • Ақын, жазушы, Алаш қайраткері, аудармашы, драматург.
  • Міржақып Дулатұлы 1885 жылдың 25 қарашасында бұрынғы Торғай облысы, қазіргі Жангелдин ауданындағы Қызылбел елді мекенінде дүниеге келген.
  • 1935 жылы, 50 жасқа бір ай қалғанда Ақ теңіз–Балтық каналы бойындағы Сосновец станциясындағы түрме ауруханасында ауыр науқастан қайтыс болды.
  • «Оян, қазақ!» еңбегі арқылы елін өнер-білімге шақырып, қазақ жұртының іргелі ел болуын көкседі.

Шығармалары (таңдамалы)

Өлеңдері

«Алашқа», «Зар заман», «Мектепке», «Елім-ай», «Жас қазақ, қайдасың?», «Шешенің балаларын сүюі» және т.б.

Әңгімелері

«Жазғы кеш», «Оқымысты бала», «Күз», «Қасқыр қысты қалай өткізеді?», «Шалдың үш баласы», «Ешкімге жауыздық қылма» және т.б.

Романы

«Бақытсыз Жамал»

Аудармалары

А. С. Пушкин, Абу Фирас, Шиллер, М. Лермонтов және басқа да ақын-жазушылардан аудармалар жасаған.

Бүгін осы мұраның ішінен ана тақырыбына жақын, ананың балаға деген мейірімін терең бейнелейтін «Шешенің балаларын сүюі» өлеңімен танысамыз.

Негізгі ой

«Анаға баланың аласы жоқ» дегендей, әр ана өз баласын тең көреді, үнемі ойлап, жақсы, әдепті, білімді болып өскенін қалайды.

Операциялық-орындаушылық кезең

Постер қорғау (топтық жұмыс)

I топ

М. Дулатовтың өмірі

II топ

Өлеңдері

III топ

Аудармалары (кімдерден аударған)

IV топ

Кітаптары мен әңгімелері

Оқулықпен жұмыс: «ДЖИКСО» әдісі

«Шешенің балаларын сүюі» өлеңі топтарға бөліп беріледі. Әр топ өз шумағын оқып, мазмұнын талдайды.

I топ

1-шумақ

II топ

2-шумақ

III топ

3-шумақ

IV топ

4-шумақ

Өлеңнің сұрақ-жауап үлгісінде жазылған тұстарына ерекше назар аударылады.

Талқылау: «Ана» ұғымы

Бала дүниеге келген сәттен бастап анасы жанынан табылады. Ендеше, ана туралы өз ойымызды ортаға салайық:

Ең жақын адам Ең қымбат адам Тілекші Қамқоршы Жарық өмір сыйлаушы

Сөздікпен жұмыс

«Көз жасын көлдету»
Қатты жылау.
«Төбесі көкке жету»
Қатты қуану.

Мағынаны тану және ой толғаныс

  1. Бүгін кімнің өмірбаянымен таныстық? Қандай өлеңді талдадық?
  2. Өз аналарың туралы қандай жылы сөз айтар едіңдер?

Шығармашылық жұмыс (музыка: «Анашым»)

1-топ

Ана туралы эссе жазу

2-топ

Өлеңге кешенді талдау жасау

3-топ

Бес жолды өлең құрастыру

4-топ

Жануарлар арасындағы ана мен бала махаббаты туралы мысал келтіру

Рефлексия және бағалау

Ана — өмір шырағы,
Ана — өмір тірегі.
«Ана» деген жылы есім —
Жан тербетер ұлы есім.

Анаға қуаныш сыйлау — жақсы ісімізбен, ізгі мінезімізбен және жылы сөзімізбен басталады. Қыс мезгілі болса да, тақтадағы құшақ жайған ананың суретіне әр оқушы гүл іліп, жүректен шыққан тілегін айтады.

Үй тапсырмасы

Өлеңді жаттап келу.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау жүргізіледі. Оқушылар бағалау парақшасын толтырады.