Сыныптың сабаққа белсенділігін арттыру

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Бұл материал — Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген кіріктірілген сабақтың үлгісі. Сабақ тақырыптық тұрғыдан орыс тілі және Қазақстан тарихы пәндерімен үйлестіріліп ұйымдастырылды.

Пән мұғалімі

Текеева Жанша Тәжибаевна (қазақ тілі мен әдебиеті)

Кіріктірілген пәндер

  • Лезова Г. К. (орыс тілі)
  • Садихова Ж. Қ. (Қазақстан тарихы)

Сынып

7 Т1

Сабақтың тақырыбы

Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым

Алдыңғы білім

Жеңіс күні. Ерлік ешқашан өлмейді. Мәтінмен жұмыс түрлері.

Оқыту мақсаттары

ТА5

Әлеуметтік және іскерлік ортадағы тіл мәдениеті.

О8

Мәтіндердің салыстырмалы анализі.

Осы сабақ арқылы күтілетін нәтиже

  • Әлеуметтік, көпшілік және білім тақырыптарындағы ақпараттарға өз сезімін білдіре отырып, диалог және монолог құрастырады.
  • Қысқа көркем шығармалардың тақырыбы мен идеясын анықтап, бас кейіпкерлерге сипаттама береді.

Сабақтың мақсаттары (деңгей бойынша)

Барлық оқушылар

  • Әлеуметтік ортадағы белгілі тақырып бойынша ақпарат жинайды.
  • Жиналған ақпараттағы ойға өз көзқарасын білдіреді.
  • Көпшілік талқылаған тақырыптар бойынша диалог пен монолог құрастырады.
  • Берілген шығармалардағы кейіпкерлерге сипаттама береді.

Оқушылардың көпшілігі

  • Көпшілік көтерген тақырыптардан мәлімет тауып, өз сезімін білдіре отырып, шағын монолог құрастырады.
  • Көркем шығармадағы бас кейіпкер туралы дерек тауып, дәлелді пікір айтады.

Тілдік міндеттер

Түйін сөздер мен дағдылар

сөз тіркесін құру еркін сөйлеу ауыспалы мағына мәнерлі айту дәлелдеу

Сабақ барысы: жоспарланған іс-әрекеттер

1) Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту

Іс-әрекет

  • Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа психологиялық дайындық.
  • Белсенділікті арттыру және қызығушылықты ояту.
  • Ән арқылы тақырыпқа жетелеу: «Бейбіт күн тілегі» (сөзі: Ж. Нәжімеденов, әні: Ш. Қалдаяқов) — 1 шумағы орындалады.
  • Балаларды ортаға жинап, әнді жалғастырып айтқызу.

Топқа бөлу

Ән орындалып жатқан уақытта сынып құлып бауының түстері арқылы топтарға бөлінеді.

Формативті бағалау

«Бір жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Әннен үзінді

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,

Оқ даусы мәңгілік жойылсын!

Бомбаның орнын тегістеген

Күректер музейге қойылсын!

Кел, достарым, ән бастайық,

Көтеріп жаңғыртық!

Даласын дана, баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік!

2) Әңгіме және талқылау сұрақтары

Жетелеуші сұрақтар

  • Бұл әнді бұрын естідіңдер ме?
  • Ән жалпы не туралы?
  • Кімдер туралы деп ойлайсыңдар?
  • Ән мәтінінің қай тұсы ұнады?
  • Бүгінгі сабақтың тақырыбын болжауға бола ма?

Оқушы әрекеті

Оқушылар пікір білдіреді: ой айтады, сұрақ қояды, талдау жасайды. Жеңіс күні, мәңгілік алау, ерліктің ұмытылмайтыны туралы ойларын ортаға салады.

Сөйлеу үлгісі

«Иә, бірақ…» құрылымы арқылы ойды жалғастырып айту.

Үй тапсырмасы (әннің жалғасын жаттау)

«Әлемнің бар сәби балалары / Тұрсын тек ұйқысы қанған соң…» — осы жолдарды сұрақ ретінде талқылауға ұсынып, әрі қарай жаттап келу тапсырылады.

3) Тақырып пен мақсатты нақтылау

Қадам 1

Ақпарат жинаймыз.

Қадам 2

Дереккөздерден мәлімет аламыз.

Қадам 3

Бұрынғы білімді еске түсіреміз.

4) Орыс тілі мұғалімімен кіріктірілген жұмыс: жұптық тапсырма

Ұйымдастыру

Оқушыларға тақырыпқа сай сұрақтар алдын ала ілінген шарларға жапсырылады. Жұптық жұмыс барысында оқушылар диалог құрастырады (орыс тілінде).

Тапсырма 1 — Диалог (орыс тілінде)

Ситуация 1

Представь, что ты ребенок военного времени. О чем ты мог бы мечтать?

Ситуация 2

Ты ребенок настоящего. О чем мечтаешь ты?

Ключевые слова

Назови ключевые слова современности — мирного времени. Назови ключевые слова военного времени.

Обсуждение

Как ты думаешь, есть ли место детям на войне?

Воображаемая перспектива

Ты ребенок из прошлого — из военного времени. Ты оказался в нашей школе. Перед твоими глазами — наши школьные будни. Вырази свои чувства и эмоции.

Этика и ответственность

Ты играешь в компьютерные игры, где нужно убивать. Что ты должен помнить в реальной жизни?