Береке салты күз

Мақсаты

Танымдық бағыт

Оқушылардың күзгі табиғат туралы түсінігін кеңейту, байқағыштығын және сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік бағыт

Табиғатты сүюге, аялауға, еңбекті бағалауға және ортақ құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Шығармашылық бағыт

«Күз — мереке, күз — береке» мақалын өлең, ән, көріністер арқылы ашып, сахналық мәдениетті қалыптастыру.

Көрнекілігі

Ұлағатты сөздер

Тіршілік нәрі — нан. Нанды қадірлейік.

Күз — береке, күз — молшылық.

Күздің бір күні — қыстың бір айы.

Кештің ашылуы: «Алтын күз»

Райхан

Сәлематсыздар ма, қадірлі достар! Бүгін сіздерді «Алтын күз» атты кешімізді тамашалауға шақырамыз.

Жангелді

Сәлематсыздар ма, құрметті көрермендер! Кешімізді бастамас бұрын, халық неге күзді «Алтын күз» дейді — соған қысқаша тоқталайық.

Күз айларының сипаты

Күз — еңбектің, жиын-терімнің, молшылықтың мезгілі. Әр айдың өз көркі, өз қарқыны бар.

Қыркүйек

Күздің алғашқы айы. Ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады. Дегенмен өзге маусымдарда да өз науқаны, өз қызығы бар.

Қазан

Жиын-терім аяқталып, диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы. Берекені қуанышпен қарсы алатын мереке айы.

Қараша

Айнала қоңырқай тартады: ағаштар жапырағынан айырылып, орман-тоғай сирейді. Қара суық түсіп, қыс демі сезіледі. Өз көрінісімен әсерлі ай.

Жәнібек (өлең)

Қараңдаршы, көзің таймас қарасаң да,
Күз деген — бір жақсы уақыт.
Ой да, қыр да, таудың іші —
Бір молшылық жатқан шалқып.

Ал балалар, кім біледі:
Неге айтамыз «Алтын күз» деп?

Самархан (жауап)

«Алтын күз» дейміз — себебі осы мезгілде бау ішінде сары алтындай сары қауын көп піседі.

Топтық ән: «Күз — береке»

Айгерім (өлең)

Жаңа піскен алма баққа,
Көзің тоймас қарасаң да.
Қараңдаршы, сары алтындай
Жапыраққа толы дала.

Мұны көріп күзді қалай
Теңемессің сары алтынға?
Қараңдаршы қандай сұлу —
Бидай басқан мына дала!
Әрбір адыр, әрбір жота
Алтын жастық жастанғандай.

Күз туралы әңгіме

Райхан

Балалар, күз туралы не білесіңдер?

Жангелді

Күз — біріншіден, байлық пен молшылық: қап-қап сәбіз, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім. Екіншіден, күз — ет пен май. Мал да, құс та осы кезде әбден семіреді. Күз — қауырт еңбектің шағы.

Айтмұхаммед (өлең)

Алақай, алақай!
Шаттанды балақай —
Жүз түсті күз түсті, жан үсті.
Дән пісті — жер берді жемісті.
Игерді ел егісті — толымды, келісті.
Тойлады жеңісті!

Сабақты сағындық, мектепке ағылдық.
Бір сыныпқа көштік біз, бір жасқа өстік біз.
Береке салты — күз! Мереке — алтын күз!

Топтық орындау: «Күз»

Әділет (өлең)

Алтын аймақ алып жатқан алқабын —
Тыңда, туған ұланмын, кең далаға құмармын.
Жайқалады ақ бидай, басын иіп аққудай.
Трактор мен комбайн — жүгіруге мен дайын,
Тыңда, туған ұланмын, егінжайға құмармын.

Салтанат (өлең)

Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.

Ой, балалар, балалар,
Ойналық та, күлейік.
Енді оқуға кірелік.

Орындау: «Қазақы дастарханым»

Нан — ырыстың өзегі

Арайлым (түсіндіру)

Нан — ырыстың көзі, молшылық пен қуаныш. Нан — өмір. Ол барша байлықтан қымбат, тіршіліктің өзегі. Дегенмен көптеген бала дастарханға келген аппақ нанның қайдан, қалай жеткенін біле бермейді.

Нанға дейінгі жол — маңдай тер. Диқандар ерте көктемнен бастап, бүкіл жаз бойы, қара күзге дейін күні-түні тынбай еңбек етеді. Осындай ерен еңбектің нәтижесінде ғана нан алдымызға келеді. Сондықтан біз қасиетті нанды да, оны өсірген жандардың еңбегін де қадірлеуіміз керек.

Жәнібек (үндеу-өлең)

Уа, адамдар, айтарым бар:
Нанды баспаңдар — онда қол жетпейтін аспан бар.
Әлі ешкім жазбаған дастан бар.
Өтінем, сұраймын: ана бол, дана бол, бала бол —
Нанды баспаңдар.

Ол биіктен төгілген мөп-мөлдір зәмзәм суынан өседі.
Нан — өмір, жеңіспен келген кешегі.
Нанға пірім деп, нанға жырым деп табынам.

Көрініс: «Егінші мен қасқыр»

Автор

Арайлым

Егінші

Айтмұхаммед

Қасқыр

Әділет

Музыкалық бөлік

«Дақылдар әні»

«Дақылдар әні» (үзінді)

Бидай

Нан анасы — бидаймын.
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.

Орындаушы: Әділет

Арпа

Күміс мұртты арпамын.
Ырыс-құтты арманмын.
Еңбек етіп баптаған
Еліме сый тартамын!

Орындаушы: Мәден

Тары

Ақпын, қарамын, сарымын —
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.

Орындаушы: Айтмұхаммед

Сұлы

Мен сұлымын ұланның,
Тұлпарына ұнадым.
Бақтаған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.

Орындаушы: Арайлым

Күріш

Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.

Орындаушы: Самархан

Топтық ән: «Алтын астық»

Күз көркі: поэзиялық шолу

Жангелді (өлең)

Көтеріле аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп.
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп.

Қайың-терек басынан
Сарғылт тартып жерге түсіп шашылған.
Жел үрсе, тек қалтырап,
Бұтақты бүгіп балбырап.

Көз тартады, көріңіз —
Алма піскен албырап.
Маужырап барқыт қоңыр күз.

Райхан (өлең)

Дамылдап жатқан балғындай
Тоқтатты сулар тасуын.
Ағаштар алтын жамбыдай
Шашады жерге асылын.

Жүрексіз қоян безеді —
Жөңкілсе қаңбақ күздегі.
Қиқулап көкте жүзеді
Құстардың керуен тізбегі.

Күйекте күйлі мал қанша,
Қырманда толы дән қанша!
Алтын күз — әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.

Топтық ән: «Күз — береке»

«Күз аруы» байқауы

Райхан (құттықтау)

Ақын болып әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты сақтап өскен
Қазақтың аруларын мақтан етем.

Ақын мен әнші деген — ел еркесі,
Қазақтың тарқалмасын берекесі.
Бүгінгі «Күз аруы» байқауына қош келдіңіздер!

Жангелді (шақыру)

Қыз баланы құрметтеген қазағым,
Аруларға ақындар жыр жазады.
Қошеметпен шақырайық ортаға —
Сайысқа келген өнерлі қыздарды!

Байқау шарттары

  1. 1-сайыс: «Өнерлі өрге жүзер»
  2. 2-сайыс: Мақал-мәтелдер сайысы
  3. 3-сайыс: «Кім жылдам»
  4. 4-сайыс: Үй тапсырмасы — «Күздің сыйы» (қолдан жасалған гүл немесе торт)

Қазылар алқасы

Жангелді: Әділдікпен баға беретін қазылар алқасын таныстырайық. Бүгінгі кешіміздің бағасын беретін әділқазылар — байқаудың айқын өлшемі.

Қорытынды

Райхан: Арулар ортада, қазылар сайланды. Ендеше байқауды бастайық: өнерлі өрге жүзер — туған жердің бағы үшін!

Жангелді: Сахнаның төріне шыққан білімділер биіктен көрінсін. Мақал-мәтелдер сайысына көшеміз.

Райхан: Соңғы кезең — үй тапсырмасы «Күздің сыйы». Қатысушылар барлық сыннан өтті. Қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі.

Жангелді

Байқау өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңызға рақмет!