Қол өнері
Алтын күз мерекелік сайысы
Зал іші күзгі жапырақтармен безендірілген. Бір бұрышта алмалары жайқалған алма ағашы қойылған. Күз әуені ойнағанда, сайысқа қатыспайтын балалар залды айнала жарты шеңбер құрып тұрады.
Хор
«Жарқын жаз» — Ортаңғы «А» тобы
Жүргізуші сөзі (өлең)
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп,
Тойға бөлеп елімді, күзім жатыр,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Кіріспе
Құрметті ата-аналар, әріптестер және кішкентай бүлдіршіндер! Табиғатымыз бізге байлық пен береке сыйлайды. Сары алтындай жарқыраған Алтын күз мерекесі құтты болсын!
Жылдың қай мезгілі болса да, табиғатты сүйіп, аялап күту — әр адамның міндеті. Өйткені табиғат аман болса, көңіл-күйіміз де көтеріңкі болады.
Бүгінгі мерекелік кеште біз Күз ханзадасы мен Күз ханшайымын анықтаймыз. Ендеше, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазылар алқасы
-
1
Балабақша меңгерушісі
Бисембай Б.
-
2
Балабақша әдіскері
Қалжанова Р.
-
3
Балабақша медбикесі
Султаева А.
Сайысқа қатысушылар
Жүргізуші: «...Сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз».
Ескерту
Қатысушылар жұп болып өнер көрсетеді.
Ересектер тобы
Шыңдалы Бағнұр — Аймырза Нұрболат
Ортаңғы «А» тобы
Жеткербай Нұрбану — Аймырза Ерболат
Ортаңғы «Б» тобы
Меңдібекова Меңсұлу — Ермахан Аслан
II — кіші топ
Жеткерген Мерей — Сәндібек Сұлтан
Сайыс шарттары (5 кезең)
-
1
Таныстыру, сәлемдесу рәсімі
-
2
Өз өнері
-
3
Сұрақ-жауап
-
4
Қолөнер шеберлігі
-
5
Сән үлгісі (әр қатысушының қиялына байланысты)
Кезеңдер барысы
I кезең — Таныстыру
Сайысымыздың алғашқы бөлімінде қатысушылар өздерін таныстырып, сәлемдесу рәсімін орындайды. Әділқазылар алқасы бірінші бөлімге баға береді.
Көрермендерге арналған нөмір
Сайыскерлер келесі кезеңге дайындалғанша, балалардың Алтын күзге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Ән
«Сылдырмақ» — I кіші топ бүлдіршіндері
II кезең — Өз өнері
II кіші топ
Жеткерген Мерей — Сәндібек Сұлтан
«Мысығым» әні
Ортаңғы «А» тобы
Жеткербай Нұрбану — Аймырза Ерболат
Акробатикалық көрініс
Ортаңғы «Б» тобы
Меңдібекова Меңсұлу — Ермахан Аслан
«Көңілді күн» әні
Ересектер тобы
Шыңдалы Бағнұр — Аймырза Нұрболат
Ән аясындағы «Достық» көрінісі
Қатысушылар ортаға шақырылып, әділқазылар бағасы алынады.
III кезең — Сұрақ-жауап
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» — келесі кезеңіміз сұрақ-жауап.
- Әр жұп әділқазылар алдынан бір сұрақтан алады.
- Әр жұпқа жалпы екі сұрақ беріледі.
Барлық сайыскерлер сұрақтарға жауап берген соң, қазылар бағасын ұсынады.
Би
«Жапырақтар» биі — биші қыздардың орындауында
IV кезең — Қолөнер шеберлігі
Қатысушылар үйден дайындап әкелген жұмыстарын таныстырып, қорғайды және әділқазыларға тапсырады.
II кіші топ
Жеткерген Мерей — Сәндібек Сұлтан
Жапырақтардан «Су асты әлемі» көрінісі
Ортаңғы «А» тобы
Жеткербай Нұрбану — Аймырза Ерболат
Табиғи материалдан «Отбасы» бейнесі
Ортаңғы «Б» тобы
Меңдібекова Меңсұлу — Ермахан Аслан
Қайта өңделетін материалдардан «Алтын жапырақ»
Ересектер тобы
Шыңдалы Бағнұр — Аймырза Нұрболат
Жапырақтардан ертегі кейіпкерлері
Әділқазылар IV кезеңнің бағасын береді.
V кезең — Сән үлгісі
Соңғы кезең — қатысушылардың қиялынан туған киім үлгілерін көрсету.
II кіші топ
Жеткерген Мерей — Сәндібек Сұлтан
Қызанақ пен қияр тақырыбындағы киім үлгісі
Ортаңғы «А» тобы
Жеткербай Нұрбану — Аймырза Ерболат
Пакеттен жасалған киім үлгісі
Ортаңғы «Б» тобы
Меңдібекова Меңсұлу — Ермахан Аслан
Салфеткадан жасалған «Күз ханзадасы мен ханшайымы» киім үлгісі
Ересектер тобы
Шыңдалы Бағнұр — Аймырза Нұрболат
«Түймедақ гүлі» киім үлгісі
Ән
«Алтын күз» — бүлдіршіндердің орындауында
Нәтижелер
Бас жүлде
Жеңімпаз
Ортаңғы «Б» тобы: Меңдібекова Меңсұлу — Ермахан Аслан
I орын
II кіші топ: Жеткерген Мерей — Сәндібек Сұлтан
II орын
Ортаңғы «А» тобы: Жеткербай Нұрбану — Аймырза Ерболат
III орын
Ересектер тобы: Шыңдалы Бағнұр — Аймырза Нұрболат
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!