Бүгінгі сайысымыз
Мақсаты
Білімділік
Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, жаңғыруының маңызын түсіндіру; мемлекеттік тілді сүюге, мәртебесін биік ұстауға баулу. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні мен тілдік болмысы болатынын ұғындыру.
Дамытушылық
Ой-өрісті және дүниетанымды кеңейту, сөздік қорды молайту, көпшілік алдында еркін ауызша сөйлеуге машықтандыру.
Тәрбиелік
Мемлекеттік тілді құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, тәрбие сағатымыздың қадірменді қонақтары! Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі шара оқушылардың ана тіліне деген құрметін және Отанға деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топтың сайысы түрінде өтеді.
Сайыс бөлімдері
- «Мақал — сөздің мәйегі»
- «Бәйге»
- Сөзжұмбақ шешу
- «Жорға»
Жыр жолдары
Шын жүйрік шабысынан танылады, Қатты білім, терең ой саналады. Баға берер әділ қазы ортамызда, Сіздерге қошеметпен қол соғады.
Мұғалім: Енді әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазы мүшелерін таныстыру.)
Таныстыру
I топ
Жасқыран
Қалықтап көкте жас қыран, Халықпыз сөзге тоқтаған. Тілімен топты жаратын, Тобымыз біздің — Жасқыран!
II топ
Топжарған
Шығарар намысты топты алдан, Дуалы ауыз тілге арман. Сайысқа келдік біліммен, Тобымыз біздің — Топжарған!
Мұғалім: Әрбір тілде сөйле әлемді таңдандырып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық? Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
1) «Мақал — сөздің мәйегі»
Бұл кезеңде «Сиқырлы қалпақ» қолданылады: мұғалім мақалдың басын айтады да, қалпақты топ ішіндегі бір сайыскерге кигізеді. Қалпақ киген оқушы мақалдың жалғасын табады.
Бағалау: дұрыс аяқталса — 5 ұпай. Айта алмаса, «Қарсыластар» деген белгі сөзінен кейін ғана екінші топ жауап береді.
I топ: Жасқыран
- Отан — отбасынан басталады.
- Тұз астың дәмін келтіреді, мақал — сөздің сәнін келтіреді.
- Ине көзінен сыналады, шешен — сөзінен сыналады.
- Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
- Сөз тапқанға — қолқа жоқ.
- Жеті жұрттың тілін біл, жеті — түрлі ілім біл.
- Шебердің қолы ортақ, шешеннің — тілі ортақ.
- Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен.
- Ас атасы — нан.
- Айтылған сөз — атылған оқ.
II топ: Топжарған
- Білгенің бір тоғыз, білмегенің — тоқсан тоғыз.
- Еңбектің наны тәтті, жалқаудың — жаны тәтті.
- Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің — сөзі алтын.
- Жақсы байқап сөйлер, жаман — шайқап сөйлер.
- Қына тасқа бітеді, білім — басқа бітеді.
- Ана сүті бой өсіреді, ана тілі — ой өсіреді.
- Жақсыдан үйрен, жаманнан — жирен.
- Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей — шешен боласың.
- Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз — күнің жоқ.
2) «Бәйге»
Мұғалім: Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жана ма? Білім мен өнер жұптаспай, Тәлім-тәрбие алар ма? Бұл бәйге — ойдың бәйгесі, Кім жүйрік болса — сол алда.
Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады. Топ мүшелері ақылдасып жауап береді. «Қарсыластар» деген белгі сөзінен кейін ғана қарсы топ жауап беруге құқылы.
I топ сұрақтары
- ҚР өз тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 ж. 16 желтоқсан)
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
- Абайдың анасының есімі? (Ұлжан)
- Ы. Алтынсариннің балаларды оқуға шақырған өлеңі қалай аталады? («Кел, балалар, оқылық»)
- Әнұранның авторлары кімдер? (сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев; әні: Ш. Қалдаяқов)
- Күй атасы кім? (Құрманғазы)
- Отамалы қай мезгілде және қай күндері болады? (көктем, 11–17 сәуір)
- Орнынан қозғалмайды, бірақ жүреді. (сағат)
- Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал қалай аталады? (тұсбағар, компас)
- Ұл мен қыздың саны бірдей, әр ұлдың 3 қарындасы бар. Қанша ұл, қанша қыз? (3 ұл, 3 қыз)
II топ сұрақтары
- ҚР рәміздерін атаңдар. (Елтаңба, Ту, Әнұран)
- Қазақтың жүз жас жасаған ақыны кім? (Жамбыл Жабаев)
- Елтаңбаның авторлары кімдер? (Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
- Ұя салмайтын құс? (көкек)
- Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? (1845 ж.)
- Қазақтың атақты үш биін атаңдар. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
- Жаңа жүрген балаға жасалатын салт-дәстүр? (тұсау кесу)
- Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсету қалай аталады? (масштаб)
- Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (судағы шағылыс көрінгенде)
- Інісінде 14 асық бар, ағасында одан 5-еуі артық. Екеуінде қанша асық? (33 асық)
3) Сөзжұмбақ шешу
Бұл кезеңде әр топқа сөзжұмбақ тапсырмасы беріледі. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі, ұпай саны бойынша жеңімпаз анықталады.
I топ тапсырмасы
- Су көлігі
- қасық
- Баста орналасқан дене мүшесі
- құлақ
- Үйге шақырылған сыйлы адам
- қонақ
- Балықшының құралы
- қармақ
- Ұннан жасалып, майға пісірілетін тағам
- құймақ
- Сужүрек адам
- қорқақ
- Көкөніс түрі
- қызанақ
II топ тапсырмасы
- Сұйық тамақ ішетін ыдыс
- қасық
- 4 ондықтан құралған сан
- қырық
- Сызық түрі
- қисық
- Бас киім
- қалпақ
- Сүттен жасалған тағам
- қаймақ
- Пышақты өткірлейтін құрал
- қайрақ
- Гүлдің аты
- қызғалдақ
Енді осы кезең бойынша ұпай саны есептеліп, қорытынды жасалады.
4) «Жорға»
Мұғалім: Шабыт тасып шалқысын, Көңілді кеш жасайық. Мұнда қызық табылады: Жұмбақ, сұрақ — бәрі бар, Білімдіні сынайық!
Бұл кезеңде 10, 20, 30 ұяшықтары ұсынылады. Сұрақтар үш бағытқа бөлінеді: Қазақтың салт-дәстүрлері, Ұлы Отан соғысы батырлары, Сен білесің бе? Әр топ таңдаған деңгей бойынша жауап береді. Жауап берілмесе, «Қарсыластар» деген белгі сөзінен кейін ғана екінші топ жауап береді.
Қазақтың салт-дәстүрлері
I топ
- 10: Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосылады? (7 түрлі тағам)
- 20: Бесік тойы кімге жасалады, оны кім және қашан жасайды? (жаңа туған нәрестеге; шамамен 5 күннен кейін ауылдың әжелері мен аналары жиналып, солардың бірі баланы бесікке бөлейді)
- 30: Тоқымқағар деген не? (баланың алғаш алыс сапарға барып, аман-есен оралуына арналған дастарқан)
II топ
- 10: Қуанышты хабар жеткізген адамға қандай кәде жасалады? (сүйінші)
- 20: Баланың нағашыларына алғаш барғанына орай берілетін үлкен сыйлық қалай аталады? (бәсіре)
- 30: Ашамай дегенді қалай түсінесіңдер? (5–6 жасқа келген ұл балаға арналған ер)
Сен білесің бе?
I топ
- 10: Алмұрт алмадан ауыр, алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр: алмұрт па, әлде шабдалы ма? (алмұрт)
- 20: Данияр бір сан ойлады. Ол санды 3 есе көбейтсе, 270 болады. Қандай сан? (90)
- 30: «Алпыс төрт бөлмеде отыз екі тұрғын бар…» (жұмбақ) (шахмат)
II топ
- 10: Қаламсап дәптерден қымбат, ал қарындаш қаламсаптан арзан. Қайсысы қымбат: қарындаш па, әлде дәптер ме? (қарындаш)
- 20: Жылқы 3 шелек су ішті. Бұл түйе ішкен судан 2 шелекке аз. Түйе қанша шелек су ішті? Өрнегін көрсетіңдер. (3 + 2 = 5 шелек)
- 30: «Бір ағаштың он екі бұтағы бар…» (жұмбақ) (жыл, 12 ай, тәулік, күн мен түн)
Ұлы Отан соғысы батырлары
I топ
- 10: Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аяқталды? (1941 ж. 22 маусым — 1945 ж. 9 мамыр)
- 20: Батыр-жазушы, жерлесіміз кім? (Мәлік Ғабдуллин)
- 30: Мәскеу түбіндегі ерлігі аңызға айналған батырлар қалай аталады? (28 гвардияшы-панфиловшылар)
II топ
- 10: «Шығыстың қос шынары» атанған батыр қыздар кімдер? (Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова)
- 20: Қазақ батырларының есімдерін атаңдар. (Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Ә. Молдағұлова, М. Мәметова, Т. Бигелдинов, Т. Тоқтаров, М. Ғабдуллин, Р. Қошқарбаев және т.б.)
- 30: Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ батыры кім? (Рақымжан Қошқарбаев, 1945 ж. 30 сәуір)
Қорытынды
Мұғалім: Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты — еңбектеніп, жалықпау.
Мұғалім: Сайысымыздың қорытындысын жариялап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазыларға сөз береміз.
Сонымен, бүгінгі сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, күндеріңіз сәтті өтсін!