Балалық шағы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға мәтінді оқытып, мазмұндатуға үйрету. Бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуына өскен ортасының және ұлттық салт-дәстүрдің ықпалын түсінуге жағдай жасау.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сабақтағы белсенділігін арттыру, дағдыларын қалыптастыру және өз ойын еркін айтуға баулу.
Тәрбиелік
Ақынның өмірлік мақсатына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету; оқушыларды білімді, талантты болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер және көрнекілік
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Тізбектеп оқыту
- Топтастыру стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі
- Жамбыл ақын мен Сүйінбайдың портреттері
- Тірек-сызбалар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
А) «Бала Тұрар» мәтінін оқып, мазмұндау.
Ә) Үй тапсырмасын тірек-сызба арқылы бекіту.
Тірек-сызба: «Ақылды Бала Тұрар кім?»
III. Жаңа сабақ
Жамбыл Жабаевтың қысқаша өмірімен танысу.
Жамбыл Жабаев — 100 жыл өмір сүрген ақын, жыршы және айтыскер. Ол 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Әкесі — қарапайым, мал бағатын кедей шопан.
Жамбыл 10 жасынан өлең-жырға бейім болып, 12–13 жасынан бастап әкесінің інісінен домбыра үйренген. Кішкентайынан ән айтуға, домбыра тартуға құмар болады.
Ол ұстазы Сүйінбайдан бата алған. Бірнеше жыл Сүйінбайдың қасында жүріп, суырыпсалмалық мектебінен тәлім-тәрбие алады.
Енді Жамбыл атамыздың өмірі туралы берілген мәтінді оқып, бірге танысамыз.
IV. Мәтінмен жұмыс
- А) Мұғалімнің мәтінді оқып, түсіндіруі
- Ә) Мәтінді тізбектей оқыту
- Б) Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту
1) Өмірге келуі
Ж. Жабаевтың дүниеге келуі.
2) Балалық шағы
Өнерге бейімділігі мен алғашқы қадамдары.
3) Сүйінбаймен кездесуі
Бата алуы және тәлім алуы.
V. Дәптермен жұмыс
1) «Сандықшадағы» сөздердің мағынасын ашу (мәтіннен тауып жазу)
- Жарапазан
- Ораза айында үй аралап жүріп айтылатын ән.
- Әуес
- Бір нәрсеге үйір, құмар, құштар.
- Құлазыған
- Көңіл күйдің бұзылуы, мұңға батуы.
- Шоқпыт
- Ескі, жыртық, кедейдің киімі.
- Құйқылжыта
- Тамылжытып, әуезді етіп ән салу.
2) Мәтіндегі жағымды сөздерді теріп жазу
Оқушылар мәтіннен адамгершілікке, еңбекқорлыққа, өнерге құштарлыққа қатысты жақсы сөздер мен тіркестерді таңдап жазады.
VI. «Мен саған, сен маған» ойыны
Мәтін мазмұнын сұрақ қою арқылы ашу және талдау.
-
1. Ж. Жабаев қай жерде, қай жылы дүниеге келген?
-
2. Жамбыл есімінің қойылу себебі неде?
-
3. Жамбыл өз туған жерін қалай сипаттайды?
-
4. Әкесінен қай кезден бастап айырылады? Одан кейін ол қалай өмір сүреді?
-
5. Жамбылды балалық шағында жақсы сөзімен адамгершілікке тәрбиелеген кімдер болды?
-
6. Ж. Жабаев кімнен бата алды?
Сүйінбай туралы қысқаша мәлімет
Сүйінбай Аронұлы 1815–1898 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол 13 жасында ақындық жолға түскен жыршы, қобызшы, күйші, ақын және Жамбылдың ұстазы.
Сүйінбайдың ақындық өнері арғы атасы Күпестен мұра болған. Балалық шағында байдың малын баққан.
VII. Қорытындылау (топтастыру стратегиясы)
Жамбыл атында нелер бар?
Топтастыру арқылы мысалдар келтіру.
Өлеңдері мен шығармалары
Ж. Жабаевтың белгілі туындыларын атау.
Жамбыл Жабаев кім?
Ақын, жыршы, айтыскер ретіндегі сипаттама.
IX. Бағалау
Оқушылардың мәтінді түсінуі, сұрақтарға жауап беруі, тапсырмаларды орындауы және сабақтағы белсенділігі негізінде бағалау.
X. Үй тапсырмасы
- 1) «Менің өмірім» мәтінін оқып, мазмұндау.
- 2) «Өнерге құштар бала» тақырыбында шығарма жазу.