Барлық ұпай сандарын есептеп, бағалау парағына орналастыр

Тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы

Су — тіршіліктің көзі. Сусыз өмір жоқ — бұл ақиқат. Табиғаттағы су айналымын түсіну арқылы біз судың құндылығын, оны қорғаудың маңызын және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйренеміз.

Мақсаты

  • Не білу керек: Су — өмірдің көзі. Судың маңызын адам бойындағы асыл қасиеттермен салыстыруға болады.
  • Не істей білу керек: Су көздерін және табиғатты қорғау; өз пікірін айтып, дәлелдеу.

Сөздік жұмыс

«Су жоқ жерде — өмір жоқ»

Мағынасы: су — тіршілік атаулының негізгі шарты.

«Судай мөлдір, сүттей ақ»

Мағынасы: тазалық, пәктік, айқындық ұғымдарын білдіреді.

Қолданылатын әдістер

Мәтінмен жұмыс Миға шабуыл Сөздік жұмыс Мақал-мәтел талқылау Ойын әдістері Жұптық және топтық жұмыс

Сабақ жүргізілген сынып: 4-сынып

Кіріспе әңгіме: «Жұмбақ домбырашы»

Ерте, ерте, ертеде Табиғат елінде қатал хан өмір сүріпті. Сол ханның елінде жұмбақ адам тұрыпты. Ол хан сарайында домбыра тартып, айналасындағылардың көңілін көтереді екен. Жұрттың бәрі оны домбыраны шебер тартқаны үшін жақсы көріпті.

Алайда хан домбырашыны ұнатпай, сәті келген сайын тиісіп, ұрыса беріпті. Бір күні домбырашы ханның зорлығына шыдамай, хандықтан қашып кетеді. Кетерінде мынадай хат қалдырыпты:

Хаттағы ой

«Сырымды ашқың келсе, хатқа жауап жазыңдар. Мені табыңдар: менсіз өмір жоқ».

Осы тұста сұрақ туады: жұмбақ адам кім? Оны қандай белгілері арқылы тануға болады?

Жұппен жұмыс: жұмбақтың шешуі

1-тапсырма

Жұмбақ адамның бейнесі алдарыңда: ол — Су. (Стақандағы су ортаға қойылады.)

Бүгінгі тақырып: Табиғаттағы су айналымы.

Бақылау тапсырмасы

Суды қолдарыңа ұстап, бақылап көріңдер: түсі, иісі, дәмі, мөлдірлігі, ағысы, тигізетін әсері қандай? Белгілерін кестеге түсіріңдер.

Кестемен жұмыс: «Су туралы мәлімет» (оқушы бақылауы бойынша толтырылады).

Оқиға желісі: судың үш күйі

Су ұзақ жол жүріп, бір хандықтың қақпасына келеді. Күзетшіден бір түн қонуға рұқсат сұрайды. Күзетші оны кіргізіп, ханға жеткізеді. Хан суды ұстап алып, мұздатқышқа салып тастайды.

Сұрақ

Су қандай күйге енді? Оны «құтқару» үшін судың үш күйін дәлелдермен түсіндірейік.

  • Қатты күй: мұз (су тоңғанда пайда болады).
  • Сұйық күй: кәдімгі су (өз пішінін ыдысқа қарай өзгертеді).
  • Газ күй: су буы (жылынғанда буланады).

Мәтінмен жұмыс: негізгі ұғымдар

Оқу тапсырмалары

  • Мәнерлеп оқу
  • Теріп оқу (маңызды сөйлемдерді іріктеу)
  • Мәтінді мазмұнына қарай бөліктерге бөлу
  • Әр бөлікке ат қою және ойды дәлелдеу

Тірек ойлар

Су — тіршілік көзі.

Табиғатта ең көп таралған заттардың бірі.

Глобус — Жер шарындағы судың таралуын көрнекі түсіндіруге көмектеседі.

Мұхиттар, теңіздер, өзен-көлдер, мұздықтар.

Табиғаттағы су айналымы — булану, конденсация, жауын-шашын және ағын арқылы жүреді.

Су үздіксіз қозғалыста болып, табиғатты жаңартып тұрады.

Қысқаша конспект құрастыру

А. Негізгі жазба

Тақырыптың өзегін қысқа әрі нақты жазу.

Б. Сұрақтар мен жаңа сөздер

Түсініксіз ұғымдарды анықтау, сұрақ құрастыру.

В. Қорытынды ой

Неге маңызды екенін бір-екі сөйлеммен түйіндеу.

Жұппен жұмыс: қысқаша сызбаңды оқып бер, білгеніңді жұбыңа түсіндір, бір-біріңді бағала.

Ойын және пікірталас: сұра — жауап бер

«Сен сұра, мен жауап беремін»

Екі топ бір-біріне сұрақ дайындайды және жауап іздейді. Мақсат — білімді нақтылау және дәлелді жауап беруге үйрену.

«Даттаушы — жақтаушы»

Жақтаушы судың қажеттілігін дәлелдейді, даттаушы судың зияны болуы мүмкін жағдайларды (су тасқыны, мұз, тайғақ, ластану) айтады.

Бұлт туралы қысқа әрі нақты мәлімет

Жер бетінен жоғары көтерілген сайын ауа салқындайды. Ауа құрамындағы су буы ұсақ су тамшыларына немесе мұз түйіршіктеріне айналып, жинала келе бұлт түзеді. Пішініне қарай бұлт бірнеше түрге бөлінеді: шарбы бұлт, будақ бұлт, қабат бұлт.

Шарбы бұлт

Өте биікте су тамшылары қатып, мұз кристалдарына айналады. Әдетте шарбы бұлттан жауын-шашын жаумайды.

Будақ бұлт

Үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды. Біріксе түнеріп, жаңбыр бұлтына айналады: жазда нөсер, қыста жапалақтап қар жауады.

Қабат бұлт

Тұманға ұқсас, төмен жүретін бұлт. Аспанды торлап алып, ұзаққа созылған ақ жауын әкелуі мүмкін.

Мен білемін

Бұрыннан білетін мәліметтерді жаз.

Мен білдім

Бүгін қандай жаңа ой түйдің?

Білгім келеді

Қандай сұрақтарың қалды?

Шығармашылық бөлім: тапсырмалар

I топ: Сурет сайысы

Түсінгендеріңді сурет арқылы көрсетіңдер. Кейін әр топ өз жұмысын ауызша түсіндіреді.

II топ: Кестемен жұмыс

Алған мәліметтерді кестеге түсіріп, жүйелеңдер: булану, бұлт түзілуі, жауын-шашын, ағын.

III топ: Интерактив тапсырма

Табиғаттағы су айналымын сурет салып көрсетіп, жұмыстарыңды қорғаңдар.

Бағалау жүйесі

Ұпай қою

  • Жеке жауап — 2 ұпай
  • Топпен жауап — 1 ұпай
  • Ізденіп жауап беру — 3 ұпай
  • Ойынды дәлелдей алу — 4 ұпай

Қорытынды баға

  • 75-тен жоғары — «5»
  • 65-тен жоғары — «4»
  • 50-ден төмен — «3»

Өзін-өзі бағалау: әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріп, жалпы ұпайды есептеп бағалау парағына түсір.

Бақылау сұрақтары: тест тапсырмалары

Төмендегі сұрақтар білімді бекітуге арналған. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. 1) Еліміздегі ең ірі темір кен орны:

    • A) Кентау
    • Ә) Соколов–Сарыбай
    • Б) Өскемен
    • В) Ақтау
  2. 2) Жанғыш пайдалы қазбалар:

    • A) Тас көмір, боксит
    • Ә) Мұнай, мырыш
    • Б) Газ, жез
    • В) Мұнай, тас көмір
  3. 3) Отқа жанбайтын қасиеті бар қазба:

    • A) Фосфорит
    • Ә) Асбест
    • Б) Әктас
    • В) Ұлутас
  4. 4) Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?

    • A) Фосфорит, мәрмәр
    • Ә) Полиметалл
    • Б) Бензин, газ, жермай
    • В) Жанғыш газ, әктас
  5. 5) Берік әрі қатты, тот баспайтын түсті металл:

    • A) Темір
    • Ә) Жез
    • Б) Қола
    • В) Алюминий
  6. 6) Абайдың ескерткіші қандай тұғырға орнатылған?

    • A) Ұлутас
    • Ә) Гранит
    • Б) Мәрмәр
    • В) Асбест
  7. 7) Әкке құмның өте сапалы түрін қосып не дайындауға болады?

    • A) Цемент
    • Ә) Әк
    • Б) Ақ кірпіш
    • В) Әктас
  8. 8) Құрылыс материалдарына не жатады?

    • A) Гранит, саз, құм
    • Ә) Мыс, алюминий
    • Б) Фосфор, асбест
    • В) Мұнай, тас көмір
  9. 9) Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар дегеніміз не?

    • A) Кенді бос тау жыныстарынан бөліп алу
    • Ә) Металл мен оның қоспалары алынатын тау жыныстары
    • Б) Майлы, қоймалжың сұйық зат
    • В) Одан металл қорытылып алынбайды
  10. 10) Асбест кен орны қай жерде орналасқан?

    • A) Жетіқара
    • Ә) Жезқазған
    • Б) Ақтау
    • В) Маңғыстау

Қорытынды ой

Күніміз жарық болсын, аспанымыз ашық болсын.
Суымыз мөлдір болсын, ауамыз таза болсын!

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тірлік тамам, бауырым.
Судың мәнін түсіндік түп маңызын,
Суды сақтап, ұмытпайық қадірін.

Су айналымы — табиғаттың үздіксіз тынысы. Суды қорғау — өз болашағымызды қорғау.