Малда бізден ешқайсың аспайсыңдар

Сабақ туралы мәлімет

Тақырып

«Бөрте лақ. Ботақан. Құлыншағым.»

Мақсат

  • Білімділік: өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру; қарсы мәндес сөздер туралы білімді тиянақтау және нақтылау.
  • Дамытушылық: сөздік қорды молайту, байланыстырып сөйлеуді дамыту; қызығушылық пен танымды арттыру.
  • Тәрбиелік: төрт түлікке сүйіспеншілік ояту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сахналау.

Көрнекіліктер

Жайлаудағы мал суреттері, жұмбақтар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың ойын жинақтап, назарын сабаққа аудару.

II. Қызығушылықты ояту (Еске түсір)

Ертегі әлеміне кіріспе

  • Ертегілер қалай басталады? «Ерте, ерте, ертеде…», «Ерте заманда…», «Баяғы заманда…»
  • Ақыл-айласы мен тапқырлығымен ханның өзін жеңетін халық өкілі кім? Тазша бала.

Тазша бала бүгінгі сабаққа «сый қоржынымен» келді. Қоржындағы сыйлыққа жету үшін бәріміз белсенді қатысамыз.

Үй тапсырмасы және сұрақтар

Үй тапсырмасы: «Жылқы» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну.

Тазша баланың сұрақтары

  1. Жылқының қандай пайдасы бар?
  2. Биенің төлін қалай атайды?
  3. Бие сүтінен қандай сусын жасалады?
  4. Жылқы етінен қандай тағамдар дайындалады?
  5. Жылқыға байланысты ұлттық ойындарды ата. (Бәйге, аударыспақ, қыз қуу, көкпар)
  6. Жылқы қылынан не жасайды? (Арқан, жіп еседі)

Нақтылау

Қыл — жал мен құйрықтың жіңішке, ұзын талы.

Жайлауға «саяхат»

Қандай малдарды көлік еткен?

Өгіз, түйе, ат.

Саяхатқа нені таңдаймыз?

Атты.

Жылқыны шақыру

«Құрау-құрау» деп шақырамыз.

III. Жаңа сабақ

Суретпен жұмыс

Суреттен: жайлау, малдар мен төлдер, киіз үй, тау көрінеді. Осыған сүйеніп, тақырыпты «Жайлауда» деп қоямыз.

Көктем шығысымен малшылар малын айдап жайлауға көшеді. Жайлауда шөп мол болады, киіз үй тігіледі. Қойшылар қойын шөбі қалың жерге бағады, көбіне атпен жүреді. Жайлауда көже, шұбат, сүт, құрт-май мол болады. Көк майса жайлау көркімен де, берекесімен де ерекше.

Негізгі ой

Мал бағу — ата-бабамыздан келе жатқан кәсіп. Төрт түлік: кисе — киім, жүрсе — көлік, ішсе — сусын, жесе — тамақ.

Үлкендер амандасқанда: «Мал-жан аман ба?» дейді. Яғни алдымен малдың амандығын сұрап, ырыс-берекені меңзейді.

Малдың топтасып жайылуы

  • Қой — отар-отар
  • Сиыр — табын-табын
  • Жылқы — үйір-үйір
  • Түйе — қадау-қадау (жеке-жеке)

Төлдер

Қозы, лақ, бота, құлын, бұзау.

Бүгінгі сабақ осы төлдер туралы.

IV. Оқулықпен жұмыс (179-жаттығу)

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
  2. Өлеңнен төлдерді табу және атау.
  3. Оқушылардың тізбектей оқуы.

V. Сөздік жұмыс

Секектеме

Секірме.

Деміңді ал

Тынық.

Құстай қанат қағады

Жүгіреді.

VI. Ойын: «Мен бастайын, сен аяқта»

Қой баласы — қоңырым, Қойдай жуас — момыным. Шопан ата түлегі, Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт!

Жауын жауса, бақырған, Ешкі атасын шақырған. Өрісте жүрген жануар, Шөкетайым, қайдасың? Шөре, шөре!

Жолға шықсам — көлігім, Жапанда жүрсем — серігім. Қамбар ата өсірген, Құлыным менің, қайдасың? Құрау, құрау!

Тілімен мұрнын жалаған, Тілімен бойын тараған. Зеңгі баба өсірген, Әукешім менің, қайдасың? Аухау, аухау!

Екі көзі танадай, Екі өркеші баладай. Ойсылқара баласы, Ботақаным, қайдасың? Көс, көс!

Малды қалай шақырамыз?

Қошақан

«Пұшайт, пұшайт»

Лақ

«Шөре, шөре»

Құлыншақ

«Құрау, құрау»

Бұзау

«Аухау, аухау»

Ботақан

«Көс, көс»

VII. Дыбыстық талдау

Лақ

3 дыбыс, 3 әріп, 1 буын.

Бота

4 дыбыс, 4 әріп, 2 буын.

Бұзау

5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын.

Қайталау сұрақтары

  • Дыбыс деген не?
  • Әріп деген не?
  • Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
  • Сөз неден құралады?
  • Сөйлем неден құралады?

VIII. Дәптермен жұмыс

1) Мағынасы жуық сөздер

Әдемі

ажарлы, көрікті, сұлу

Шыдамды

төзімді, мықты

Жуас

момын, ынжық

2) Жоғалған сөзді тап

Берілген сөздер: сүт, құлын, момын, ертегі.

Оқушы сөздерді қолданып, сөйлем құрап, тақтаға жазады.

3) Көркем жазу

Дәптерге каллиграфиялық талаппен жазу.

IX. Сергіту сәті

Қошақаным, қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың? Секең-секең, ей лақ, Жүрмін саған кейіп-ақ. Тыныш тапсаң болмай ма, Секірмей-ақ кей уақыт?

X. Төрт түліктің пірлері

Әр түліктің бақташысы, пірі, иесі болады. Мұндағы «ата» — сол малды бағып-күтетін адамды білдіреді.

Қой

Шопан ата

Жылқы

Қамбар ата

Ешкі

Сексек ата

Түйе

Ойсылқара

Сиыр

Зеңгі баба

Сөзжұмбақ/жұмбақтар

  1. Кішкене ғана бойы бар, айналдыра киген тоны бар.
  2. Сиыр малының төлі. (Бұзау)
  3. Тастан тасқа секірген, ұзын салпақ құлақты, қойдан маза кетірген — кім? (Лақ)
  4. Қамбар атаның алдына салып бағатын жануары? (Жылқы)
  5. Сыңар өркешті, шөлге төзімді мал. (Нар/түйе)

XI. Қорытынды (Сахналық көрініс: «Төлдердің айтысы»)

Лақ

«Әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді де, мамықтай түбітімізді де пайдаланады».

Құлын

«Лақ, сен орынсыз мақтанасың. Біз — еңбектің де, майданның да тұлпарымыз. Етіміз — азық, қымызымыз — ем».

Бұзау

«Сендер босқа мақтанасыңдар. Адам тіршілігіне ең пайдалысы — мен. Шелек-шелек сүт, қарын-қарын май, қап-қап құрт, ірімшік — бәрі бізден».

Қошақан

«Бәрің де босқа мақтанасыңдар. Сақылдаған сары аязда тоңдырмайтын жылы пима мен тон — менің жүнім мен терімнен жасалады».

Бота

«Бәріңнен кем біз бе екенбіз? Адам шұбатымызды да, мамықтай жүнімізді де пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі де біз болғанбыз».

Адам

«Босқа таласпаңдар. Бәрің де адамға пайдалысыңдар. Әрқайсыңның өз орның бар».

XII. Бекіту тапсырмасы

Сөздерді орнына қойып, дұрыс сөйлем құра:

  1. Мал өріске жайылды.
  2. Қозы шөп жеді.
  3. Құлын су ішті.
  4. Лақ тасқа секірді.