Балалар бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Мақсаты
-
Білімділік
Оқушыларды сан есіммен және оның сұрақтарымен таныстыру; сұрақтарды дұрыс қоя білуге үйрету және сан есімге қатысты жаттығуларды сауатты орындауға дағдыландыру.
-
Дамытушылық
Сөздік қорын молайту, білімін толықтыру, сауатты жазуға қалыптастыру.
-
Тәрбиелік
Мейірімділікке, халқымыздың ұмыт қалған салт-дәстүрлерін құрметтеуге, ұқыптылыққа, Отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақ туралы
- Көрнекілігі
- Ертегі суреттері, кесте, карточкалар.
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ.
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Ұран арқылы тілге деген құрметті күшейту.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып: сын есім.
III. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, жаңа тақырыпты өздері анықтайды.
- 1Онның жартысы.
- 2Алты ондық.
- 3Жоқ сан.
- 4Қасиетті сан.
- 5Жүзден оны кем сан.
- 6Бірліктің ең кішісі.
- 7Төрт орынды сан.
Тақырыпқа шығу
Оқушылардың жауаптары арқылы сабақтың тақырыбы анықталады:
Сан есім
Сабақ «7 лақ» ертегісіндегі «7» ұғымын негізге ала отырып, киелі сандар мен тілдік білімді ұштастырады.
IV. Ой қозғау — №1 «Лақ»
7 саны туралы не білеміз?
«7» саны халқымыздың танымында ерекше орын алады: 7 лақ, 7 қарақшы, 7 шелпек, 7 қазына, 7 ата, 7 жұп, т.б.
Топтық жұмыс: «7 киелі ұғым»
1-топ: 7 ата
- 1) Әке
- 2) Бала
- 3) Немере
- 4) Шөбере
- 5) Шөпшек
- 6) Немене
- 7) Туажат
2-топ: 7 жұт
- 1) Құрғақшылық
- 2) Жұт
- 3) Өрт
- 4) Оба
- 5) Соғыс
- 6) Топан су
- 7) Зілзала
3-топ: 7 қазына
- 1) Ер жігіт
- 2) Сұлу әйел
- 3) Ақыл-білім
- 4) Жүйрік ат
- 5) Берен мылтық
- 6) Құмай тазы
- 7) Қыран бүркіт
Тапсырма: бос орынды толтыр
1) Біздің сыныпта … оқушы бар.
2) Біз үшінші сыныпта оқимыз.
3) Мен сабақтан … алдым.
№2 «Лақ» — Сұраққа жауап
Сан есімнің сұрақтары
Көп нүктенің орнына қойылған сөздерге сұрақ қойып көрейік: бұл сұрақтар сан есімге тән.
Қорытынды ұғым
Сан есім арқылы біз заттың санын және орналасу ретін білдіреміз.
Сан есім түрі
Есептік
Сан есім түрі
Реттік
№3 «Лақ» — Дәптермен және оқулықпен жұмыс
Көркем жазу
Әріп үлгісі:
Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс
Сс Сс Сс Сс Сс Сс Сс
Оқулықпен жұмыс
- 403 Жаттығу (ауызша).
- 404 1-топқа.
- 406 2-топқа.
- 4 3-топқа.
№4 «Лақ» — Сөздік диктант (сан есімді тап)
Төрт аяқтап жүрсе де,
Тіршілікте бір озбаған.
Жүз жыл бойы кисе де,
Кәжекейі тозбаған.
(Жауабы: тасбақа)
№5 «Лақ» — Жаттығу және сергіту
405-жаттығу
Тапсырма оқулық бойынша орындалады.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы зейін жинақталады.
№6 «Лақ» — Ойын: «Өз орныңды тап»
Орны ауыстырылып берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырыңдар.
1-топ
Мұрат бес алды әдемі қалам.
2-топ
Асанның лағы сүйкімді екі бар.
3-топ
Болат оқиды сыныпта екінші.
Ескерту: сөйлемдерді құрастырған соң, сан есімді тауып, қай түріне жататынын айтыңдар.
№7 «Лақ» — Қорытынды
Бүгін не үйрендік?
- Сан есім — заттың санын, мөлшерін және ретін білдіреді.
- Есептік сан есімнің сұрақтары: қанша? неше? нешеу?
- Реттік сан есімнің сұрағы: нешінші?
Қорытынды диалог
«Қасқыр»: Балалар, бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Рақмет айта отырып, лақтарды өздеріңе қалдырамын.
Мұғалім: 7 лақты аман-сау анасына қостық.
Ән
«Ертегілер»
Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынады: «Бүгінгі сабақ ұнады ма?»
Үй тапсырмасы
Ережені жаттау.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.