Бәйтеректің шыңына жету үшін берілген тапсырмаларды орындау арқылы білім шыңына жететінін ескерту
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Әліпби туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың өз елінің жас ұландары екенін санасына сіңіру.
Тәрбиелік
Елжандылыққа, Отанды қорғауға, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқу-жазу дағдыларын арттыру, сөздік қорды және танымдық белсенділікті дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Құрал-жабдықтарын тексеру.
- Назарын сабаққа аудару.
II. Қызығушылықты ояту: «Білім шыңы»
Тақтаға Бәйтеректің макеті ілінеді. Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы Бәйтеректің шыңына көтеріліп, «білім шыңына» жетеді. Шыңға шыққан оқушылар жоғары бағаланады.
1-тапсырма: Кроссворд шешу
Оқушыларға дәптер, сурет, кітап, парта сияқты заттардың суреттері ұсынылады. Заттарды өз орнына қойып жазу арқылы кроссворд шешіліп, жауабы табылады.
2-тапсырма: «Әріп» сөзін талдау
«Әріп» сөзіндегі әр әріпке сөздер айту:
- Ә — әдеп
- Р — раушан
- І — ізеттілік
- П — парасат
Талқылау сұрағы: Әріптердің реті көрсетілетін тізім қалай аталады? Жауабы: Әліпби (42 әріп).
3-тапсырма: Дәптермен жұмыс (көркем жазу)
Ұланы еркін елімнің,
Бұлағы көркем жерімнің.
4-тапсырма: Оқулықпен жұмыс (110-жаттығу)
- Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Оқушылар өлеңді кезекпен оқиды.
Сұрақтар мен тапсырмалар
- Өлең не туралы?
- Өлең неліктен «Ұланы еркін елімнің» деп аталған?
- «Еркін ел» дегенді қалай түсінесің?
- Өлеңнің 1-шумағындағы 4-қатарды дәптеріңе буынға бөліп жаз.
Үлгі: Ө-зен, көл, тас, тау, бе-лім-нің
5-тапсырма: Сергіту сәті
Саусақтарды бүгеміз,
Саусақтарды бүреміз.
Бүгіп-бүріп саусақты,
Сергіп қалдық міне біз.
6-тапсырма: Әліпби реті
Сыныптастарыңның аттарын әліпби бойынша жаз.
....................................................
....................................................
7-тапсырма: Оқулықтан тыс жұмыс
Өлеңді оқып, ішінен тасымалданбайтын сөздерді тауып, астын сыз.
«Ұлан жыры»
Отан үшін, халық үшін,
Талмай еңбек етеміз.
Оқып-біліп құлшынамыз,
Жеңістерге жетеміз.
8-тапсырма: 112-жаттығу және ойын
- Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Оқушылар «Қайда не бар?» сұрағына өлең мазмұнына сәйкес, ұқсатып жауап береді.
Ойын: «Кім жылдам?»
Қатар отырған оқушылар әліпби ретімен келетін әріптерден басталатын сөздерді кезекпен айтады.
Рефлексия және қорытынды
Сабақ соңында оқушылардың түсіну деңгейі тест арқылы тексеріліп, негізгі ұғымдар бекітіледі.
Толықтыру тесті
Төменде берілген сөздерді тиісті әріппен толықтыр:
К...тап, ж...зу, оқ...лық, дәпт...р, к...гершін.
Сәйкестендіру тесті
Сөздерді «тасымалданатын» және «тасымалданбайтын» болып ажырат:
Сөздер
- аға
- іні
- дәптер
- кітап
- әже
- қалам
Санаттар
- Тасымалданатын сөздер
- Тасымалданбайтын сөздер
Үй тапсырмасы
- «Отан», «отбасы» сөздеріне сөйлем құрау.
- «Ұланы еркін елімнің» өлеңін жаттау.