Сөздерге синоним жаз

Түсінік хат

Мақсаты

  • Оқушыларды деңгейлеп-саралап оқыту арқылы әр оқушының өз даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
  • Сөздік қорды молайту, тілін дамыту, ойлау және мазмұндай білу қабілеттерін жетілдіру.
  • Өтілген лексикалық тақырыптар бойынша білім мен білікті бекіту.

Міндеті

  1. Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп-саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу.
  2. Пәнге тұрақты қызығушылық қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы оқушыны мәжбүрлеп оқытудан алыстатып, өздігінен білім алуға, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, тәуелсіз ойлануға және шешім қабылдауға дағдыландырады.

Қолданылу аясы

Деңгейлік тапсырмалар 7–9 сынып модульдері бойынша тақырыптарды қамтиды және оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытады.

Тапсырмаларды жаңа сабақты меңгерту, тақырыпты бекіту, қайталау сабақтарында қолдануға болады; олар сөздік қорды байытуға және тіл дамытуға бағытталған.

Қазақ тілі (7-сынып): деңгейлік тапсырмалар

Төмендегі тапсырмалар лексикалық тақырыптар бойынша білімді бекітуге арналған. Әр тақырыпта I, II, III деңгей берілген.

Кіріспе бөлім: «Қазақ тілі — мемлекеттік тіл»

Лексикалық тақырып бойынша тапсырмалар.

I деңгей

  1. «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқып, төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айтыңыз.

Өлең: «Қазақ тілі» (М. Жұмабаев)

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр — бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың...

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

II деңгей

  1. Өлеңді оқып, негізгі идеясын ашыңыз.
  2. Сөз құрамына талдаңыз: бесікте, тілің, тілмен, ақылы, айтылады (түбір, I–II жақ, жекеше/көпше, т.б.).
  3. Төмендегі тест тапсырмаларын орындаңыз.

1) Қазақ елінің рәміздеріне … жатады

  • а) байрақ, жалау, жалауша
  • ә) таңба, белгі, мөр
  • б) ту, елтаңба, әнұран

2) Қазақ елі туының түсі …

  • а) қызыл
  • ә) сары
  • б) көк

3) Зеңгір көк … белгісі

  • а) адалдықтың, тазалықтың, аспанның
  • ә) қуаныштың, жеңістің
  • б) жамандықтың, бейбітшіліктің

4) Күнге табыну … дүниеге келген

  • а) батыста
  • ә) солтүстікте
  • б) шығыста

5) Күн бейнесі … белгісі

  • а) татулықтың
  • ә) байлық пен берекенің
  • б) достықтың

III деңгей

  1. «Қазақ тілі» өлеңінің мазмұнын айтыңыз.
  2. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз: туған тілім, тіл байлығы, мақтанышым, құдіретті, үлгі-өнеге.

Тақырып: «Қазақстан Республикасы — тәуелсіз ел»

Мәтін

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол — тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Еліміз бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болды. Егемен ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Біздің туымыз — тәуелсіздік, тілегіміз — бейбітшілік пен тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын сақтау — әрбір азаматтың борышы.

I деңгей

  1. Мәтінді оқыңыз.
  2. Синонимдерін тауып, көптік жалғауын жалғаңыз (үлгі: отбасы+лар, жанұя+лар): үй, ана, ата-ана, дос, туыс.

II деңгей

  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
  2. Отан туралы 5 мақал-мәтелді дәптеріңізге жазыңыз.

III деңгей

  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
  2. Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдырыңыз: бейне, ой, бас, би.

Тақырып: «Мемлекеттік мерекелер»

I деңгей

Мәтін: «Ұстаз мерекесі»

Ұрпақ тәрбиесі — ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Мұғалім — байырғы мамандықтардың бірі.

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
  2. Төмендегі сөздерге III жақ тәуелдік жалғауын жалғаңыз: ата-ана, ата-әже, әке, ана, бала, қыз, ұл, тұңғыш, ортаншы, кенже, жеңге, жезде, немере, сіңлі, қарындас, іні, аға.

II деңгей

  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
  2. «Астана мерекесі» туралы өз сөзіңізбен 8 сөйлемнен тұратын әңгіме жазыңыз.
  3. Берілген етістіктермен сөйлем құрастырыңыз: орналасты, еңбектен, біледі, ақылдас, жазылды, кеңесу, билеу.
  4. Мәтінге жоспар құрыңыз.

III деңгей

  1. «Мемлекеттік мерекелер» тақырыбында эссе жазыңыз (білімді тексеру жұмысы).

Тақырып: «Кең-байтақ Қазақстаным»

Мәтін

Қазақстан — ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан 1991 жылдан бастап орын алды. Біздің Отанымыз — егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, өндірісі өркендеген жерде өмір сүретін әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

I деңгей

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
  2. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз:
    • Ер жігіттің аты жақсы болса — бір бақыт, алған жары жақсы болса — мың бақыт.
    • Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің; ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.

II деңгей

  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
  2. Түсіндірме сөздікті қолданып, сөздердің мағынасын табыңыз: ескертпе, бірлік, қуат, сақ.
  3. Тест тапсырмаларын орындаңыз:
    • Қазақ елінің рәміздеріне … жатады (а/ә/б).
    • Қазақ елі туының түсі … (а/ә/б).
    • Күнге табыну … дүниеге келген (а/ә/б).

III деңгей

  1. «Кең-байтақ Қазақстаным» тақырыбында эссе жазыңыз.

Тақырып: «Табиғат тамашасы»

Мәтін

Адам — табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай, анасын Күндей қастерлеу — ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы — Көкшетау, жер жаннаты — Жетісу» деп бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

I деңгей

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
  2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз:
    • …ің атым …
    • …дің отбасымыз тату-тәтті.

II деңгей

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:
    • Адамның дені сау болу үшін не керек?
    • Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті?
    • Дүниежүзілік проблема қандай?
    • Табиғатты сақтау үшін біз қандай үлес қосуымыз керек?
  2. Антонимдерін табыңыз: жақсы, ұзын, аққұба, жалқау, ақылды.

III деңгей

  1. Мәтінге жоспар құрыңыз.
  2. Мәтінді мазмұндаңыз.

Тақырып: «Хайуанаттар әлемі»

I деңгей

Мәтін: «Ит — жеті қазынаның бірі»

«Ит — жеті қазынаның бірі», «Ел жатпай, ит тынбас», «Ит иесін қорғайды», «Ит — үйдің құлағы» деген секілді мақал-мәтелдерде оның малды ұры мен бөріден сақтайтын күзетшілік, аңшылық қызметтері дұрыс бейнеленген. Асыл мал және жабайы жануарлар туралы мақал-мәтелдерде адамға тән жақсы-жаман мінез-құлықтар мен іс-әрекеттер көрініс табады. Соның ішінде арамдық, пасықтық, залымдық мінез-құлықтардың көбі ит пен есек арқылы беріледі деуге болады.

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
  2. Синонимдік қатарды жалғастырыңыз:
    • Сұлу, ажарлы, … қыз.
    • Батыр, ержүрек, … жігіт.
    • Сабырлы, салмақты, … дос.

II деңгей

  1. Мәтін бойынша 4–5 сұрақ құрастырыңыз.
  2. Тесті орындаңыз:

    1) Септік жалғау …

    • а) заттың көптігін білдіру үшін
    • ә) сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін керек
    • б) заттың біреуге тән екенін білдіреді

    2) «Балапан» сөзі қай септікте тұр?

    • а) атау септік
    • ә) ілік септік
    • б) шығыс септік

III деңгей

  1. Мәтінге жоспар құрыңыз.
  2. Мәтінді мазмұндаңыз.

Тақырып: «Табиғат аясында»

Мәтін

Қоршаған орта — біздің ортақ үйіміз. Оны таза сақтау керек. Кез келген жерге қоқыс тастамаңыз. Өзіңізді қоршаған ортаны ластамаңыз, қағазды жыртып тастамаңыз. Суға түкірмеңіз, қоқыс тастап бүлдірмеңіз. Ағаштың бұталарын сындырмаңыз, гүлді жұлмаңыз. Жаңбырдан кейін ағаш жапырақтары шаңнан тазарады, өсімдіктер жайқалып жап-жасыл күйге енеді. Жауыннан жиналған шалшықты кешпеңіз. Өзен-көлдерге қоқыс тастауға болмайды, себебі ол — балықтардың тұрағы. Балықтың тіршілігі — суда. Қала маңайының тазалығы мен әдемілігін сақтау — әрбір адамның қолында. Серуенге шыққанда табиғатты ластамау керек.

I деңгей

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
  2. Тәуелдік тұлғасындағы сөз тіркесін көрсетіңіз:
    • а) Мен — қазақпын
    • ә) Олар жастар
    • б) Жомарттың әкесі
    • в) Астанадан келді

II деңгей

  1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз:

    … 100 жыл бар, … 12 ай бар, … 4 апта бар, … 7 күн бар, … 24 сағат бар, … 60 минут бар, … 60 секунд бар.

  2. Сұрақтарға жауап беріңіз:
    • Қоршаған орта дегеніміз не?
    • Жаңбырдан кейін табиғат қалай өзгереді?
    • Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?
    • Адам табиғатты қалай аялайды?

III деңгей

  1. III модульдің қорытынды бөлімінде «Табиғат аясында» тақырыбында эссе жазыңыз.

Тақырып: «Кино. Театр»

I деңгей

Мәтін

Кино — қазіргі кезде елдің беделін халықаралық деңгейде көтеретін, халықтың өнері мен мәдениетін өзге мемлекет тұрғындарына насихаттай алатын маңызды құрал. Бұл саладағы жетістік режиссерлер мен актерлердің шеберлігіне, іскерлік қабілеттеріне тікелей байланысты. Басты көрермен — өзіміз. Сондықтан жетістік пен кемшілікті талқылап, ортақ пікір айту — отандық кино өнерінің дамуына қосылған үлес.

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
  2. Сөйлемдерді толықтырыңыз:

    Сыныптасымның аты — … . Ол … жаста. Оның … бар. Ол … көшесінде тұрады.

    Мінезі — … . Оның көзі — … , шашы — … , бойы — … . Ол — … адам.

II деңгей

  1. Тесті орындаңыз:

    1) Қазақстанның ұлттық мерекесі …

    • а) Халықаралық әйелдер күні
    • ә) Республика күні
    • б) Адам құқықтарының күні

    2) 1 қазан — … халықаралық күні

    • а) қарт адамдардың
    • ә) Біріккен Ұлттар Ұйымының
    • б) қауіпсіздік күні

    3) «Той» сөзінің синонимдері

    • а) мейрам, мереке
    • ә) би, өлең
    • б) гүл, өсімдік

    4) Антонимді табыңыз

    • а) шығыс, солтүстік
    • ә) күз, жаз
    • б) күн, түн

    5) «Наурыз» — … деген мағынаны білдіреді

    • а) жаңа күн
    • ә) жаңа жыл
    • б) ескі күн

III деңгей

  1. Мәтінге жоспар құрыңыз.
  2. Мәтінді мазмұндаңыз.

Тақырып: «Тарихи қайраткерлер» (Қазақ хандары)

Мәтін

XV ғасырда құрылған Қазақ мемлекеті үш жүзге бөлінген: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Әр жүз тайпаларға, тайпалар руларға, рулар аталарға бөлінген. Қазақ қоғамында билеуші топтың ең жоғарғы сатысында хан тұрған. Халқымыздың ірі хандарының қатарында Тәуке, Абылай және т.б. бар.

I деңгей

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
  2. Сын есімдердің сындық мағынасын анықтап, тиісті зат есімдермен тіркестіріңіз (үлгі: тұщы су):

    тұщы, ащы, таза, лас, биік, аласа, жақсы, жаман, жұмсақ, қатты, жеңіл

II деңгей

  1. Сұрақтарға жауап беріңіз:
    • Абылай хан кім?
    • Абылайдың шын аты қандай?
    • Ол қай ғасырда өмір сүрді?
    • Ол қандай батыр?
    • Абылай хан кімдермен соғысты?
    • Қазақ халқы Абылайды қандай адам деп санаған?
    • Өз пікіріңізді «Менің ойымша…» деп бастап жазыңыз.
  2. Синоним жазыңыз: басқарушы, дұшпан, батыр, күш, атақты, құрмет, туу, өлу.
  3. Антоним жазыңыз: жоғарғы, қосу, қорқақ, ірі, жоқ, сыртқы, қолдау, беру.

III деңгей

  1. Мәтінге жоспар құрыңыз.
  2. Мәтінді мазмұндаңыз.

Тақырып: «Бейнелеу өнері»

Мәтін

Қазақ бейнелеу өнері белгілі қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің (1904–1973) есімімен тығыз байланысты. Оның еңбек жолы ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңында басталды. Қастеевтің көптеген акварельдері мен суреттері «Көне және жаңа тұрмыс» топтамасына біріктірілді. Соғыс алдындағы жылдары Қазақстанда А. Ысмаилов, ағайынды Қожықовтар, Б. Сәрсенбаев, Ұ. Таңсықбаев және т.б. қылқалам шеберлері еңбек етті.

I деңгей

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
  2. Антонимдерді табыңыз: бүгін, таңертең, күндіз, жазда, жиі, қазір.

II деңгей

  1. Түсіндірме сөздікті қолданып, сөздердің мағынасын табыңыз және сөйлем құрастырыңыз: бейнелеу өнері, шебер.
  2. Синоним жазыңыз: білгір, ғалым, мағына, ұстаз, тым.
  3. Антоним жазыңыз: үлкен, қамалды, ыстық, пысық, жылдам.

III деңгей

  1. Мәтінге жоспар құрыңыз.
  2. Мәтінді мазмұндаңыз.

Тақырып: «Мемлекеттік тіл»

Мәтін

Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліне ең жақындары — ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай-балқар тілдері. Қазақ тілі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия және т.б. елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі — өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, ресми іс қағаздарының тілі.

I деңгей

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
  2. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңыз.

II деңгей

  1. «Мемлекеттік тіл» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
  2. Тест сұрақтарына жауап беріңіз:

    1) Әпкесі өзінен кіші қызды кім дейді?

    • а) қарындас
    • ә) апай
    • б) сіңлі

    2) Келген қонақты … отырғызамыз.

    • а) босаға
    • ә) төрге
    • б) жерге
  3. Көп нүктенің орнына етіс жұрнақтарын қойып жазыңыз:
    • Мақпал мектептен сұра…ды.
    • Олар ұзақ уақыт әңгіме…ті.
    • Мұғалім оқушыларға жаттығу жаз…ды.

III деңгей

  1. Мәтінді мазмұндаңыз.
  2. Мына сөздерге мағыналас сөздер табыңыз: қасында, ренжіді, мұғалім, оқушы.

Тақырып: «Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі»

I деңгей

Мәтін

Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі. Сонымен бірге Қазақстанда туып-өскен кейбір халық өкілдерінің ішінде қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндер де бар. Қазақ халқын құраған рулар мен тайпалар тарихта өте ертеден — біздің жыл санауымыздан бұрын-ақ мәлім болған. Содан бері бұл тіл халқымыздың қатынас құралы болып келеді.

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
  2. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңыз:

    халы…, елім…зде, өкілд…к, үйрен…п, қаза…ша, қара…ай, қ…лын, түлк…, әд…л, мейір…мді, ұрпа…, м…лдір

II деңгей

  1. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.
  2. Сын есімдерді сәйкес зат есімдермен тіркестіріңіз:

    Ұлттық — … жігіт

    Қалалық — … киім

    Мерекелік — … дастархан

III деңгей

  1. Мәтінді мазмұндап, негізгі ойын анықтаңыз.
  2. Туған жер, Отан, тіл туралы 8 мақал-мәтелді еске түсіріп, жазбаша жазыңыз.

Тақырып: «Сөздіктердің түрлері»

Мәтін

Сөздіктің түрі көп, олардың мақсаттары мен міндеттері әртүрлі. Орфографиялық сөздікте сөздердің дұрыс жазылуы көрсетіледі. Орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын және дұрыс оқылуын үйретеді. Түсіндірме сөздік сөздердің мағынасын ашып, тіліміздің байлығын ұғындырады. Екітілді аударма сөздік өзге тілді үйретеді және оның сөздік құрамын меңгертеді. Сөздіктер — әрбір оқушыға және әрбір сауатты адамға білім алу мен дамуға күнделікті қажет құрал.

I деңгей

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
  2. Есептік сан есімдерді сөзбен жазыңыз: 40, 86, 92, 2012, 192, 605, 120, 555, 3225, 800.

II деңгей

  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
  2. Берілген сөздерден туынды етістік жасап, сөйлем құрастырыңыз: тіс, оқы, арқа, кел.

III деңгей

  1. Мәтінді мазмұндап, негізгі ойын анықтаңыз.
  2. Етістіктерді өткен шақ және келер шақ есімше түрінде жұптап, жекеше түрде тәуелдеңіз: күт, шыда, сыйла, жібер, аш, жаса.

Тақырып: «Қазақ тілі сабағында»

Мәтін

Біз биыл 7-сыныпта оқып жүрміз. Біздің мектепте қазақ тілінен басқа орыс және ағылшын тілдері оқытылады. Қазақ тілі сабағы аптасына төрт рет өтеді. Сабақ өте қызықты болады: мәтін оқып мазмұнын айтамыз, мәтін бойынша сұрақ қойып жауап береміз, ауызша тақырыптарға диалог құрамыз. Диктант, мазмұндама, шығарма жазамыз. Көбінесе ауызша сөйлеуге тырысамыз, сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.

I деңгей

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
  2. Етістіктерді келер шақ есімше тұлғасында, I жақта жазыңыз (үлгі: шақыр+ар+мын): шақыр, тоқта, ки, аяқта, аудар, қуан, біл.

II деңгей

  1. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріңіз. «Кім болғың келеді?», «Не істегің келеді?» сұрақтарына өлең бойынша жауап беріңіз.
  2. Өнер, ана, батырлық туралы 8 мақал-мәтелді дәптеріңізге жазыңыз.

Өлең: «Ғалым болу арманым» (Х. Талғаров)

Ғалым болғым келеді

Жер байлығын ақтарған.

Жалын болғым келеді

Гүл жасайтын тастардан.

Асқақтаған күй болып,

Шалқып тұрғым келеді.

Жарқыраған күн болып,

Балқып тұрғым келеді.

Артқа тастап ғасырды,

Тасып кеткім келеді.

Алатаудай асылды

Ашып кеткім келеді.

III деңгей

  1. Мәтінді мазмұндап, негізгі ойын анықтаңыз.
  2. Етістікті тіркестерді қалау рай тұлғасында жазыңыз (үлгі: айтып келдім → айтқым келеді): айтып келдім, күлкісі келді, біліп отырмыз, жақсы оқы, қолыңды көтеріп отыр, ән айтып бер.

Құрастырған

Мекеме

Астана қаласы, №43 орта мектеп

Автор

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы