Өлең Малды құрметтеу Тыйым сөздер
Төрт түлігім — ырысым
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Мал — киім, ас, көлік; бір сөзбен айтқанда, күнделікті тіршіліктің тірегі болған. Сондықтан халқымыз малды ерекше қадірлеп, төлдетіп, күтіп-бағып, көбейтіп, қажетіне қарай іріктеп сойып отырған. Ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің арқасында малдың өрісі мен тіршілік дағдысын, қадір-қасиетін терең танып-білген.
Халқымыз малдың етін, сүтін, терісін ғана емес, тіпті мүйізі мен сүйегіне дейін ұқсата пайдаланған. Сол себепті қасиетті төрт түлікке қатысты ұғымдарымыз бен бай тәжірибемізді ұмытпай, кейінгі ұрпаққа жеткізу — ортақ міндет.
Мақсаты
- Төрт түлік туралы толық мағлұмат беру, әрқайсысын жеке таныстыру.
- Төрт түлікке қатысты мақал-мәтел, өлең, жұмбақтарды жаттату.
- Оқушыларды төрт түлікті қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы
- 1 Кіріспе сөз.
- 2 Төрт түлік туралы таныстыру, өлеңдер мен әндер.
- 3 Тыйым сөздер және қорытынды.
Жұмбақтар мен таныстыру
Төрт түлік жайлы білімді бекіту үшін жұмбақтар айтылады, оқушылар әр түлік туралы қысқаша мазмұндама жасап, өлең-әндер орындайды.
Түйе — төрт түліктің төресі
1-оқушыЖұмбақ
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Бұл қандай мал?
Жауабы: Түйе
Түйе төлі
Түйе төлі — ботақан.
Тақпақ
Түйе төлі — ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.
Жылқы — ер қанаты
2-оқушыЖұмбақ
Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім.
Бұл қандай жануар?
Жауабы: Жылқы
Жылқы төлі
Жылқы төлі — құлыншақ.
Тақпақ
Жылқы төлі — құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.
Ән: «Құлыншақ» (хор орындауы).
Қой — төрт түліктің момыны
3-оқушыЖұмбақ
Төрт тағанда бойы бар,
Момындық — дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.
Бұл қандай жануар?
Жауабы: Қой
Қой төлі
Қой төлі — қошақан.
Тақпақ
Қой төлі — қошақан,
Өріске қашқан қорадан.
Ән: «Қошақан» (хор орындауы).
Ешкі — өсімтал мал
4-оқушыЖұмбақ
Асты — пышақ, үсті — істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.
Бұл қандай жануар?
Жауабы: Ешкі
Ешкі төлі
Ешкі төлі — лақ.
Тақпақ
Ешкі төлі — лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.
Құрмет, өлең және тыйым сөздер
Әр жануар өз төлін ерекше мейіріммен сүйеді. Осыны ұғындыру үшін «Малдың төлін сүюі» туралы өлең тыңдалады. Мал бағу, оны мәпелеп өсіру — аса ардақты өнер.
Тыйым сөздер
- 1 Малды теппе, ақты төкпе.
- 2 Малды басынан ұрма.
- 3 Малға теріс мінбе.
Қорытынды
Бүгін біз төрт түлік туралы көп мағлұмат алдық. Оларды танып-білу, қадірлеу және дұрыс күтім жасау — ұлттық құндылығымыздың бір бөлігі.