Сабақ тың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Жер асты сулары (презентациямен)
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: жер асты суларының маңыздылығы, типтері және таралуы туралы білім қалыптастыру.
- Дамытушылық: ойлау, есте сақтау және баяндау қабілеттерін дамыту арқылы шығармашыл тұлға қалыптастыру.
- Тәрбиелік: адамгершілік-рухани тәрбие беру және табиғи байлықтарды қорғауға баулу.
Әдістер мен ресурстар
- Сабақтың әдісі
- СТО, тірек-сызба
- Пән аралық байланыс
- Химия, физика, биология, экология
- Көрнекіліктер
- Қазақстанның физикалық картасы, электронды оқулық, слайдтар
Сабақтың құрылымы
- I Ұйымдастыру кезеңі
- II Жаңа сабақ
- III Үй тапсырмасын тексеру
- IV Картамен және кестемен жұмыс
- V Қорытындылау, бағалау
- VI Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ: су — тіршіліктің өзегі
Су — пәктік кепілі, ол денсаулықтың.
О, баста тіршілік болып судан шықтың.
Бұлақ, көл, өзен, теңіз, мұхиттардың —
Молдықтан қасиетін келмейді ұққың.
Қылмысыңды суда сынауың әр,
Сынаған сайын жаным тым ауырар.
Жауабыңды, жарық дүние, жадыңда ұста:
«Судың да сұрауы бар».
Неліктен жер асты сулары маңызды?
Жер асты сулары — құндылығы жоғары табиғи ресурс. XX ғасырда техногендік әсерлердің күшеюіне байланысты экологиялық ахуал күрделеніп, жер бетіндегі сулардың ластануы артты. Осыған орай жер асты суларының маңызы айрықша өсті.
Негізгі басымдық: адамзатты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
Жалпы көлемі бойынша жер асты сулары теңіздер мен мұхиттардан кейінгі екінші орында. Су — күшті еріткіш: жер қойнауындағы химиялық заттар су ерітіндісі арқылы жаңа қосылыстар түзе алады.
Тереңдігіне қарай жіктелуі
-
I
Грунт сулары
Жер бетіне жақын орналасатын, көбіне жауын-шашын және жер үсті сулары арқылы қоректенетін сулар.
-
II
Артезиан сулары
Қабаттар арасында қысыммен жиналатын, ұңғыма қазылғанда өздігінен көтерілуі мүмкін терең сулары.
Дерек
Мойынқұмда 300–500 м тереңдікте, аумағы шамамен 50 мың км² болатын жер асты «теңізі» бар.
Минералды бұлақтар және емдік орындар
Қазақстанда Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан сияқты шипажайлар мен 300-ден аса минералды бұлақ зерттеліп, емдік қасиеттері анықталған.
«Көкпар» (сұрақ-жауап)
Төмендегі тұжырымдардың дұрыстығын анықтаңыз.
- 1) Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 000 өзен бар. Иә
- 2) Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері Арал теңізіне құяды. Жоқ
- 3) Каспий теңізі алабына Сырдария өзені жатады. Жоқ
- 4) Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су мөлшерін жылдық ағын деп атайды. Жоқ
- 5) Ертіс–Қарағанды каналының ұзындығы 458 км. Иә
- 6) Сырдария — Қазақстандағы ең таза өзен. Жоқ
«Кім жылдам?»
Қысқа сұрақтарға жедел жауап беріңіз.
1) Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан?
Жауабы: Есіл
2) Ертіс өзенінің сол жақ саласы?
Жауабы: Тобыл
3) Сырдария өзеніндегі бөген?
Жауабы: Шардара
4) Қапшағай бөгені салынған өзен?
Жауабы: Іле
5) Шығыс Қазақстандағы көл?
Жауабы: Зайсан
Экологиялық есеп
Егер пәтердегі су краны дұрыс жабылмаса, 6 минутта 1 стакан су ағады. Осылай жалғаса берсе, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша су босқа кетеді?
1 сағат
60 ÷ 6 = 10 стакан
1 тәулік
24 × 10 = 240 стакан
Ескерту: Нәтижені литрге айналдыру үшін 1 стаканның нақты көлемін (мысалы, 200–250 мл) көрсету қажет.
Қорытындылау
Бағалау
Оқушылардың тақырыпты меңгеруі сұрақ-жауап, карта және кестемен жұмыс нәтижесі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
Тақырып: Жер асты сулары.