Глобус жердің дәл үлгісі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
№6 орта мектеп • Бастауыш сынып мұғалімі: Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы
Тақырып
- Жер — шар тәрізді дене.
- Глобус — Жердің дәл үлгісі.
- Глобустың градус торы: параллельдер мен меридиандар жүйесі.
I кезең: «Көпір» тапсырмалары
Оқушылар бұл сұрақтарды үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді.
Формат
Сұрақ–жауап
Сұраққа жауап бер
-
1) Жер де әлем денесі. Оның әлемдегі орнын қалай өрнектеуге болады?
Жауап: Жер шары → Күн жүйесі → Галактика → Галактикалар тобы → Әлем (ғарыш).
-
2) Жерді қоршаған бүкіл дүние қалай аталады?
Жауап: Әлем немесе ғарыш.
-
3) Ғарышқа жол қай жылы ашылды?
Жауап: 1957 жылы 4 қазанда.
-
4) 1961 жылғы 12 сәуірде адамзат тарихында ғарышқа алғаш ұшқан кім?
Жауап: Юрий Александрович Гагарин.
-
5) Күн жүйесінде неше ірі планета бар?
Жауап: 9 (оқулықтағы дерек бойынша).
-
6) Жерге ең жақын жұлдыз қайсы?
Жауап: Күн.
-
7) Күн мен Жердің орташа қашықтығы қанша?
Жауап: 150 миллион шақырым.
-
8) Күннің беткі қабатының температурасы қанша?
Жауап: 6000°C.
-
9) Күнді неше ғаламшар айналып қозғалады?
Жауап: 9 ғаламшар (оқулықтағы дерек бойынша).
-
10) Жер бетіндегі тіршілікке Күннің әсері қандай?
Жауап: Күн жарық пен жылу таратады.
-
11) Ертедегі адамдар Жердің пішінін қандай деп ойлаған?
Жауап: Ертедегі адамдар Жерді тегіс деп ойлаған.
II кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
Теория мен практиканы біріктіріп, «Білу → Түсіну → Талдау → Жинақтау → Қолдану → Баға беру» логикасымен жұмыс жүргізіледі.
Теория
Білу
Сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап бер.
-
1) Жазық жерде тұрып қараған адамға Жер беті қалай көрінеді?
Жауап: Ертедегі адамдар Жерді тегіс, ал оның үстіне аспан күмбезі төңкеріліп қойылған деп түсінген.
-
2) Жер не тәрізді?
Жауап: Жер шар тәрізді.
-
3) Жер бетінің ¾ бөлігін не алып жатыр?
Жауап: Мұхиттар мен теңіздер.
-
4) Жер шарындағы мұхиттарды ата.
Жауап: Атлант, Тынық, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит.
-
5) Құрлықтың мұхиттармен қоршалған ірі бөліктері қалай аталады?
Жауап: Материк.
-
6) Материктерді ата.
Жауап: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Антарктида, Аустралия.
-
7) Қазақстан қай материкте орналасқан?
Жауап: Еуразия материгінде.
-
8) Антарктиданы қандай материк деп атайды?
Жауап: Мұз құрсанған материк.
-
9) Жердің кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі қалай аталады?
Жауап: Глобус.
-
10) «Глобус» сөзі қай тілден аударылған, мағынасы қандай?
Жауап: Латын тілінен аударылған, «шар» дегенді білдіреді.
-
11) Жер шарында екі полюс бар. Олар қалай аталады?
Жауап: Солтүстік полюс және Оңтүстік полюс.
-
12) Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан сызық қалай аталады?
Жауап: Экватор.
-
13) Экватордың ұзындығы қанша?
Жауап: 40 000 шақырым.
-
14) Параллельдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі. Ол қалай аталады?
Жауап: Глобустың градус торы.
Теория
Түсіну
Бос орындарға қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтыр.
Ертедегі адамдар Жерді тегіс, ал оның үстіне аспан күмбезі төңкеріліп қойылған деп білген. Жауап: Себебі күмбезге Күн, Ай және сансыз көп жұлдыздар бекітілген деп түсінген.
Теория
Талдау
Венн диаграммасы арқылы салыстыр: айырмашылығы мен ұқсастығын тап.
Жер
- Табиғи аспан денесі
- Мұхиттар мен құрлықтардан тұрады
- Полюстері бар, экваторы бар
Ортақ қасиеттері
- Шарға ұқсас пішін
- Экватор және полюстер ұғымы қолданылады
- Кеңістікте бағдарлау түсінігін қалыптастырады
Глобус
- Жердің кішірейтілген моделі
- Карта элементтері шартты түрде беріледі
- Градус торы айқын көрінеді
Тақырыптың басты идеясы
Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі — глобус.
Теория
Жинақтау
Мазмұнды жүйеле: бос орындарды толтыр.
Сөздер банкі
- 1) Жердің дәл үлгісі
- Жауап: Глобус
- 2) Шар тәрізді дене
- Жауап: Жер
- 3) «Глобус» латын тілінде нені білдіреді?
- Жауап: шар
- 4) Ең үлкен мұхит
- Жауап: Тынық
- 5) Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан?
- Жауап: Еуразия
Практика
Қолдану
Материктердің атын ата.
- Еуразия
- Африка
- Солтүстік Америка
- Оңтүстік Америка
- Аустралия
- Антарктида
Практика
Баға беру
1) Глобус — Жердің дәл үлгісі. Сен қалай ойлайсың: Жер тегіс пе, әлде дөңгелек пе?
Жауап: Менің ойымша, Жер дөңгелек (шар тәрізді).
2) Жердің дөңестігіне байланысты теңіз жағасында тұрсаң нені байқар едің?
Жауап: Алыстап бара жатқан кеменің біртіндеп көзден ғайып болатынын байқар едім.
III кезең: Деңгейлік тапсырмалар
Оқушылар тапсырмаларды орындап, балл жинайды.
I деңгей
5 балл
Тест тапсырмалары
-
1) Жер шарында неше мұхит бар?
A) 3 B) 4 C) 5
-
2) Жер шарында неше материк бар?
A) 4 B) 5 C) 6
-
3) Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан?
A) Африка B) Еуразия C) Антарктида
-
4) Ең ірі мұхитты ата.
A) Тынық B) Атлант C) Үнді
Жауабы: 1) B, 2) C, 3) B, 4) A
Практикалық тапсырма
Мұхиттарды ата: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды.
II деңгей
9 балл (5 + 4)
Тест тапсырмалары
-
1) Жер бетінің ¾ бөлігін не алып жатыр?
A) су B) құрлық C) шөл
-
2) Глобус дегеніміз не?
A) жердің үлкен бөлігі B) Жердің дәл үлгісі C) жауап жоқ
Жауабы: 1) A, 2) B
Венн диаграммасы (Мұхит ↔ Материк)
Мұхит
Су кеңістігі
Ортақ қасиеті
Жер шарының бөліктері, карта/глобуста белгіленеді
Материк
Құрлықтың ірі бөлігі
Тақырыптың басты идеясы
Біздің мемлекетіміз — Еуразия материгінде орналасқан.
Қолдану: бос орынды толтыр
- Ең үлкен мұхит — Тынық.
- Адам қоныстанбаған материк — Антарктида.
III деңгей
12 балл (5 + 4 + 3)
Жинақтау тапсырмасы
Мұхиттар мен материктер туралы білгеніңді жинақтап, қысқаша қорытынды жаса (кесте/сызба түрінде ұсынуға болады).
Баға беру: түсіндіріп жауап бер
1) Неліктен Антарктидада адам қоныстанбаған деп ойлайсың?
Жауап: Менің ойымша, оның аумағын мұз басып жатыр. Сондықтан оны мұз құрсанған материк деп атайды.
2) Ай тұтылғанда Жер көлеңкесінен нені байқар едің?
Жауап: Жердің дөңгелек (шар тәрізді) екенін байқар едім.
Қысқа қорытынды
Негізгі ұғым
Жер — шар тәрізді аспан денесі.
Құрал
Глобус — Жердің кішірейтілген дәл үлгісі.
Бағдарлау
Параллельдер мен меридиандар — градус торын құрайды.