Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі қызметін байқатып, тұрлаулы мүшелерді меңгерту
Сабақ туралы мәлімет
- Тақырыбы
- Баяндауыш (60–65-жаттығулар)
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Әдісі
- Аралас
- Көрнекілігі
- Ережелер, суреттер, сөзжұмбақ
Мақсаты
Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі қызметін танытып, тұрлаулы мүшелерді меңгерту.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту; ойын жинақтап, қорытынды жасай білуге, сауатты әрі көркем жазуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға баулу.
Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; табиғаттың әсем көрінісін сезіне білуге үйрету.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын реттеу, зейінді шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Төмендегі сұрақтар арқылы өткен тақырыпты қайталау:
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлемнің қандай түрлері болады?
- Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
- Зат есім дегеніміз не?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Бастауыш қай сөз табынан жасалады?
3) Жаңа сабақ
I. Қызығушылығын ояту
Тапсырма: берілген әріптерден басталатын етістіктерді жазыңдар.
Шығармашылық жұмыс: «Күн шапағы» тақырыбы бойынша сөйлемдерді толықтырыңдар.