Денелердің жүріп өткен жолы

Сабақ туралы мәлімет

Өңірі

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы

Мектеп

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектеп

Пән / Сынып

Физика, 7-сынып

Мұғалім

Сейтказиева Асыл Маратовна

Тақырып

§35. Гук заңы. §36. Динамометр

Өткізілген уақыты

25.12.2015

Сабақтың мақсаты

  • Гук заңын тұжырымдау.
  • Динамометрдің құрылысын білу.

Күтілетін нәтижелер

Білім мен түсіну

  • Гук заңының тұжырымын дұрыс айтады.
  • Динамометрдің құрылысын түсіндіреді.

Қолдану дағдылары

  • Әртүрлі материалдардың серпімділік қасиеттерін анықтап, қолдана алады.
  • Гук заңын есептер шығаруда тиімді қолданады.
  • Динамометрдің қарапайым түрін құрастыра алады.

Сабақты өткізу әдісі

Тақырып топтық жұмыс арқылы меңгеріледі: оқушылар тапсырмаларды бірлесе орындап, нәтижені талқылайды және қорытынды жасайды.

Ұсынылған ресурстар

Серіппе Штатив Жүктер Сызғыш Проектор Слайдтар Тапсырма парақтары Флипчарт

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды топқа бөлу.
  • Қатысушылардың рөлдерін бөлу.
  • Бағалау парағын тарату.
  • Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап ұйымдастыру.

Өткен тақырыпты қайталау: топтық сұрақтар

1-топ

  1. Зат неден тұрады?

    Молекулалардан.

  2. Бізді қоршаған орта қалай аталады?

    Табиғат.

  3. Молекулалардың бір-біріне өту құбылысы қалай аталады?

    Диффузия.

  4. Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суда тезірек еруі неліктен?

    Температура артқан сайын диффузия жылдамырақ жүреді.

  5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама қандай?

    Күш.

2-топ

  1. Аспан денелері туралы ғылым қалай аталады?

    Астрономия.

  2. Диффузия қай күйде тез өтеді?

    Газ күйінде.

  3. Дененің жүріп өткен жолы қалай аталады?

    Траектория.

  4. Егер 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 5 жұмыртқа неше минутта піседі?

    3 минут.

  5. Денеге басқа денелер әсер етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады?

    Инерция.

3-топ

  1. 360 минутта неше сағат бар?

    6 сағат.

  2. Судың қатты күйі қалай аталады?

    Мұз.

  3. Айдың бетінде тұрып аққан жұлдыздарды көруге бола ма?

    Жоқ, себебі Айда атмосфера жоқ.

  4. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама қандай?

    Заттың тығыздығы.

  5. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді қалай аталады?

    Орын ауыстыру.