Жұмбақ өлеңдерді оқып, шешуін тап

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Сөз және оның мағынасы
Әдіс-тәсілдер
Салыстыру, жаттығу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мақсаттары

1) Сөздердің әртүрлі мағыналарымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдануға үйрету.

2) Оқушылардың сөздік қорын молайту.

3) Зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа дайындау, назарды шоғырландыру, жұмыс ырғағын белгілеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша орындалған тапсырмаларды тексеру, қателерді талдау, қысқаша қорытынды жасау.

III. Жаңа сабақ: «Сөз және оның мағынасы»

Бұл сабақта сөз мағынасының түрлері қарастырылып, оларды сөйлем ішінде дұрыс қолдану дағдылары дамытылады.

1) Көркем жазу

Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.

Сұрақ: Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен?

Жауап: «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Қалғандары сын есімдер.

Тапсырма: Осы сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып айт.

  • жақсы — жаман
  • жылы — суық
  • түзу — қисық
  • бүлдіру — түзету
  • күлкілі — қайғылы

2) Бұл қандай сөздер?

Антонимдер

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

Синонимдер

Мағынасы жуық сөздер.

Омонимдер

Айтылуы мен жазылуы бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер.

3) Оқулықпен жұмыс

7-жаттығу

Өлеңді түсініп оқы. «Құрма» сөзінің мағынасын анықта.

Әуелей өссін құрма,
Әткеншек оған құрма!

1) Құрма — тропиктік аймақта өсетін пальма ағашы және сол ағаштың дәмді жемісі.

2) Құрма — қимыл мағынасын білдіретін сөз (етістік).

8-жаттығу

Жұмбақ өлеңдерді оқып, шешуін тап.

Бірде мен
Тәтті нәр берер жәндікпін,
Бірде мен
Бәріне тілер әйдікпін.

Шешуі: ара

Ас пісірсең, әрине,
Табыламын әр үйден.
Немесе
Ата жұрты татардың,
Ежелгі бір шаһармын.

Шешуі: қазан

IV. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.

V. Өзіндік жұмыс

11-жаттығу: Берілген сөздерді екі түрлі мағынада қолданып, сөйлем құра.

алма тамақ қара шық

VI. Жұмбақ шешу

13-жаттығу: Жұмбақтың шешуін тап.

Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.

Шешуі: өлең

Өлең — белгілі бір ақынның туындысы.

Өлең — шөптің атауы.

Тапсырма: «Өлең» сөзінің әр мағынасына жеке-жеке сөйлем құрап айт.

VII. Қорытындылау: «Дұрыс па, бұрыс па?»

Дұрыс емес тұжырымдарды түзетіп айт және дұрыс жауапты дәлелде.

Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.

Қарама-қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.

«Жақсы, жаман» — синоним сөздер.

Ескерту: Бұл тұжырым қате. «Жақсы — жаман» антонимдер.

Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.

Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.

Бастауыш — сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.

Ескерту: Бұл тұжырым қате. Бастауыш — сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.

Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.

Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді.

Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.

Ескерту: Бұл тұжырым қате. Бірыңғай мүшелердің арасына көбіне үтір қойылады.

VIII. Үй тапсырмасы

12-жаттығу: Көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.