Бас әріптен басталатын сөздер

Сабақтың барысы

Бұл сабақта оқушылар бас әріптің қолданылуын нақтылай түседі: кісі аттары мен жер-су атауларын ажыратып, мәтін мен өлеңнен тауып жазады. Жұмыс түрлері оқушының оқу дағдысын, ойлауын және тіл мәдениетін қатар дамытуды көздейді.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Қонақтармен сәлемдесу: «Қайырлы таң!»

II. Психологиялық дайындық

1) «Көбелек» жаттығуы

Таңертең көбелек оянды, керілді. Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды. Азғана айналып, бәріне күліп, қайта гүліне оралды.

2) «Көңіл күй сыйлайық»

Саған күннің шуағын, саған судың тазалығын, саған құлпырған жер бетін, саған көктемнің шуақты күніндей көңіл күй сыйлаймын!

III. Үй тапсырмасын тексеру

  • «Екі соқа» мәтінінің мазмұнын сұрау.
  • Венн диаграммасын толтыру.
  • Ережені қайталау: кісі аты-жөні және жер-су атаулары бас әріптен жазылады.

IV. Қызығушылықты ояту

Ой қозғау сұрақтары (слайдтар бойынша):

  1. Туған жерлерің қалай аталады?
  2. Құмсайда қандай өзен-көлдер бар?
  3. Біздің еліміз қалай аталады?
  4. Қазақстанда қандай ірі өзен-көлдер бар?

V. Жаңа сабақ

1) Көркем жазу

Күннің жады

Наурыздың он екісі.

Әріп элементі

Сс Сс Сс

Мақал-мәтел

Судың да сұрауы бар.

2) Оқулықпен жұмыс — 103-жаттығу

«Сырдария» өлеңін мұғалім мәнерлеп оқиды, кейін оқушыларға оқытады. Өлеңнен кісі аттары мен өзен аттарын тауып жазу тапсырмасы беріледі.

Мысалдар

  • Тарас — Днепр
  • Пушкин — Еділ
  • Әбділдә Тәжібаев — Сырдария

3) 105-жаттығу — топтастыру

Сөздерді оқып, бірінші бағанға кісі аттарын, екінші бағанға жер-су аттарын жазу.

Кісі аттары

  • Аружанкісі
  • Үсенкісі
  • Ақбілеккісі
  • Қуанышкісі
  • Айдаркісі

Жер-су аттары

  • Баянауылжер
  • Аралсу
  • Маңғыстаужер
  • Көкшетаужер
  • Қызылжаржер
  • Алакөлсу
  • Хантәңіріжер
  • Түркістанжер
  • Ілесу
  • Ұлытаужер

VI. Сергіту сәті

«Еңбекшіл бала» қимыл-қозғалыс жаттығуы орындалады.

Мәтінмен жұмыс және талдау

Ребус арқылы тақырыпты табу

Ребус шешу арқылы мәтіннің тақырыбы анықталады. Одан кейін «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» мәтіні слайд бойынша оқылады: алдымен мұғалім оқиды, кейін оқушылар тізбектей оқиды.

Қосымша мәлімет

Ыбырай Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Сөздік жұмысы

Нанның уағы — нанның үгіндісі, қиқымы.

Сұрақ-жауап

  1. Атасы немересіне нені байқатты?
  2. Немересі байқағандары туралы не айтты?
  3. Атасы немересіне нені үлгі етті?

VII. Сабақты бекіту

Еңбек туралы мақалды аяқтау

  • 1) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
  • 2) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

VIII. Қорытынды — семантикалық карта

Оқушылар сөздерді тиісті бағандарға орналастырады: жер атаулары, су атаулары, кісі аттары, жануарлар аттары.

Сөздер Жер атаулары Су атаулары Кісі аттары Жануарлар аттары
Ақтөс Ақтөс
Жайық Жайық
Мұрат Мұрат
Ақтөбе Ақтөбе
Елек Елек
Қарағанды Қарағанды

Ескерту: семантикалық карта сабақта оқушының жауабына қарай толтырылады.

IX. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  • 104-жаттығу.
  • «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» мәтінінің мазмұнын айту.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындау сапасына, оқу мәнеріне және жауаптарының дәлдігіне қарай бағаланады. Белсенді оқушылар мадақталады.