Қазақ тілі сабағы
Алматы қаласы
№151 жалпы білім беретін мектеп
Мұғалім: Х. Уразова
Пәні: Қазақ тілі · Сынып: 4-сынып
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Менің бөлмем
- Сабақтың типі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, бағалау (әртүрлі асық таңбалары арқылы)
- Көрнекіліктер
- Топ атауы жазылған кәртішкелер, тірек-сызбалар, асықтар
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушылардың алған білімдерін бекіту, әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы сөз байлығын тексеру, ой-өрісін дамыту.
Дамытушылық
Ауызша және жазбаша тілін, ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушылардың белсенділігін арттыру, тілге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім оқушылармен амандасады, сабақтың қазақ тілі сабағы екенін нақтылайды. Оқушылар қол ұстасып, шеңбер жасап, сабақ басында ынтымақ пен көңіл күйді көтеретін өлең жолдарын айтады:
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Жұлдыздай жарқырап,
Сабақты енді бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады. Уақыты: 5 минут.
III. Жаңа білім беру
Миға шабуыл
Тақтаға бөлме суреттері ілінеді. Оқушылар суреттерді сипаттап, сабақтың тақырыбын өздері ашады.
Жаңа сөздік
- Менің бөлмем
- Моя комната
- Таза
- Чистый
- Жарық
- Светлый
- Кең
- Широкий
2-тапсырма: Кесте толтыру
Оқушыларға бөлме туралы мәліметтерді жүйелеу үшін кесте толтыру ұсынылады.
3-тапсырма: Екі бөлмені салыстыру
Оқушылар екі бөлмені салыстырып сипаттайды және «Мен үйде не істеймін?» сұрағына жауап береді (суретке қарап, кітаппен жұмыс жасайды). Сурет бойынша қысқа әңгіме құрастырады:
- Мен заттарымды жинаймын.
- Мен еден жуамын.
- Мен шаң сүртемін.
- Мен кілем тазалаймын.
Есте сақта
Шаң, шаңсорғыш. Мен кілемді шаңсорғышпен тазалаймын.
4-тапсырма: Тыңдап оқу және жіктік жалғауын қайталау
Жіктік жалғауларды еске түсіріп, дәптерге жекеше (-мын, -сың, -сыз) және көпше түрде жіктеп жазу:
| Жекеше | Көпше |
|---|---|
| Мен жинаймын | Біз жинаймыз |
| Сен жинайсың | Сендер жинайсыңдар |
| Сіз жинайсыз | Сіздер жинайсыздар |
| Ол жинайды | Олар жинайды |
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыспен орындалатын шағын жаттығу:
Қоян, қоян, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Киіміңді киінші,
Мектебіңе қарай жүрші.
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы!
5-тапсырма: Сәйкестендіру (болымды/болымсыз)
Тақтадағы сөздерді пайдаланып, болымды және болымсыз түрін сәйкестендіру:
| Болымды | Болымсыз |
|---|---|
| жинаймын | жинамаймын |
| жуамын | жумаймын |
| сүртемін | сүртпеймін |
| тазалаймын | тазаламаймын |
Қорытынды
Сабақтың нәтижесі
Оқушылар «Менің бөлмем» тақырыбы бойынша сөздік қорын толықтырды, бөлмені сипаттау және үйдегі іс-әрекеттерді айту дағдыларын бекітті.
Тәрбиелік ой
Біздің мемлекетімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Осы достығымыз нығая берсін.
Үй тапсырмасы
17-бет, 6-тапсырма — толықтырып айту.
Қоштасу
Сау болыңыздар!