Түсінгенді тексеру кезеңі

Сабақ туралы мәлімет

Өңір / Мектеп

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Құдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі: Мукажанова С. О.

Сабақ тақырыбы

Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары. 3×1, 3×0 түріндегі көбейту.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды 1-ге көбейту және 0-ге көбейту жағдайларымен таныстыру.
  • Жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі бойынша есептер шығарту.
  • Тәртіптілікке, ұқыптылыққа және математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекіліктер

Кесте, сызба

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарының дайындығын тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Оқулық: 215-бет, №5, №7.

3) Білімді жан-жақты тексеру

Сұрақтар:

  • Амалдардың орындалу тәртібі қандай?
  • «Ой қозғау»: көбейтудің қандай қасиеттерін білеміз?
  • Қосуды қандай амалмен алмастыруға болады?

4) Сабақ мақсатымен таныстыру

Бүгін 1-ге және 0-ге көбейту ережелерін шығарып, оларды өрнектер мен есептерде қолданамыз.

5) Жаңа білімді игерту

Қосуды көбейтуге алмастыру

1 + 1 = 2 → 2 × 1 = 2
1 + 1 + 1 + 1 = 4 → 4 × 1 = 4
1 + 1 + 1 + 1 + 1 + 1 + 1 + 1 + 1 + 1 = 10 → 10 × 1 = 10

Қорытынды

Кез келген санды 1-ге көбейтсек, сол санның өзі шығады.

Нөлдердің қосындысы және көбейту

0 + 0 = 0 → 0 × 2 = 0
0 + 0 + 0 + 0 = 0 → 0 × 4 = 0
0 + 0 + 0 + 0 + 0 = 0 → 0 × 5 = 0

Қорытынды

Кез келген санды 0-ге көбейтсек, нөл шығады.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдансақ та, нәтиже өзгермейді.

Мысалдар

1 × 2 = 2
1 × 4 = 4
1 × 10 = 10
2 × 0 = 0
4 × 0 = 0
5 × 0 = 0

6) Түсінгенді тексеру

Оқулықпен жұмыс (№1)

Оқу, салыстыру:

3 × 1 = 3
5 × 1 = 5
10 × 1 = 10
100 × 1 = 100
999 × 1 = 999

Есіңе сақта

Кез келген санды 1-ге көбейтсең, сол санның өзі шығады.

Оқулықпен жұмыс (№2)

Оқу, салыстыру:

3 × 0 = 0
5 × 0 = 0
10 × 0 = 0
100 × 0 = 0
999 × 0 = 0

Есіңе сақта

Кез келген санды 0-ге көбейтсең, нөл шығады.

№3 (ауызша)

Оқушыларға карточкалар таратылады. Тиісті ережеге сүйеніп, өрнектерді жинақтап айтады.

8 × 1
9 × 1
5 × 1
12 × 1
30 × 1
37 × 1
394 × 1
10 × 0
7 × 0
25 × 0
40 × 0
38 × 0
875 × 0

№4 (ауызша)

«Есепті дауыстап шығару» тәсілімен өрнектерді оқып, нәтижесін табу.

(37 − 13) × 0
(93 − 70) × 0
33 × 0 + 9
5 × 0 + 6 × 1
(78 + 44) × 0
20 × (30 − 29)
44 × 1 − 0
9 × 1 − 7 × 0

Сергіту сәті: «Жалқау сегіздік»

Оқушылар ауада көлденең «8» санын алдымен оң қолымен, кейін сол қолымен жазады.