Тәуелсіз зайырлы мемлекет
Мақсаты
Бұл мазмұнның басты мақсаты — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы қызметін, сондай-ақ халқына арналған Жолдауларын ауыл тұрғындарына насихаттау. Сонымен қатар жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, әр азаматты ел дамуына өз үлесін қосуға ынталандыру.
Кіріспе сөз
Армысыз, құрметті қауым! Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңға 2011 жылғы 14 желтоқсанда өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып бекітілді. Биыл бұл мерекені екінші рет атап өтеміз.
Осыған орай «Еңбегімен ерекшеленген — Елбасы» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Ел болдық, ерік алдық астаналы.
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.— Тақырыптық жолдардан
Тарихи тірек
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына айқын жол ашқан маңызды құжаттардың бірі — 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы Декларация. Бұл — Қазақстанның мемлекет ретінде мәртебесін асқақтатып, әлем алдында елдің бар екенін айғақтаған тұңғыш тарихи құжат.
Егемен ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — әр қазақстандық үшін қуанышқа толы, тарихи мәні зор бетбұрыс. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл — асыл арманның орындалуы. Бұл жетістіктердің арқауында Елбасының көрегендігі мен салихалы саясаты тұрғаны айқын.
Мемлекеттік рәміздер және әнұран
Рәміздер
Қазақстан — егеменді, тәуелсіз мемлекет. Сондықтан оның мемлекеттік әнұраны, туы және елтаңбасы бар.
«Әнұраным — жан ұраным» (үзінді)
Әнұраным — жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Туған жерім — сағынарым, Жүрсем егер дүние кезіп. Бақыт, бірлік — күн талабы, Тоқтамайды дабыр әні, Мәңгі бақи шырқалады, Республикамның әнұраны.
Іс-шара барысында: Әнұран орындалады.
Құттықтау және музыкалық нөмір
Құттықтау сөз кезегі беріліп, «Әдемі-ау» әжелер ансамблі орындауындағы «Ақмаңдайлым» әні ұсынылады.
Мерекелік апталық және сайыс форматы
Құрметті ата-аналар және мерекелік жиын қонақтары! Тұңғыш Президент күніне орай мектебімізде 25–30 қараша аралығында «Елін сүйген, елі сүйген — Елбасы» атты апталық өткізіледі. Соның бір дәлелі ретінде бүгін ата-аналар арасында «Еңбегімен ерекшеленген — Елбасы» тақырыбында сайыс ұйымдастырылады.
Қатысушылар
Сайысқа қатысатын ата-аналар ортаға шақырылады.
Сайыс кезеңдері
- Таныстыру
- Сұрақ-жауап
- Елбасына тарту
- Мақал-мәтелдің жалғасын табу
- Постер құрау
- Өз өнерін көрсету
Сарапшылар құрамы
- Ауыл әкімі — Қабыл Сабырұлы
- Мектеп психологы — Нұржан Бейсембекұлы
- Тарих пәні мұғалімі — Нұргүл Берікқажықызы
- География пәні мұғалімі — Жанара Құдайбергенқызы
2-кезең: «Бәйге» — сұрақ-жауап
«Елбасы ағашы» бойынша сұрақтар қойылады. Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
Негізгі деректер
- Мемлекеттік рәміздер және авторлары
-
Әнұран: Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.
Ту: Ш. Ниязбеков.
Елтаңба: Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов. - Н. Ә. Назарбаев қашан Президент болып сайланды?
- 1991 жыл, 1 желтоқсан.
- Ұлттық валюта қашан енгізілді?
- 1993 жыл, 15 қараша.
- Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады?
- 1991 жыл, 16 желтоқсан.
- 1992 жылғы 4 маусымда қандай оқиға болды?
- Мемлекеттік рәміздер қабылданды.
- Тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан?
- Алматы қаласында.
Қосымша сұрақтар
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Тәуелсіз, зайырлы мемлекет.
- Қазақстан БҰҰ-ға қай жылы мүше болды?
- 1992 жылы.
- 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдау қалай аталады?
- «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
- Елбасының бірінші халыққа Жолдауы
- 1997 жыл — «Қазақстан — 2030» даму стратегиясы.
- Елбасы туралы көркем фильм және түсірілген жер
- «Балалық шағымның аспаны» фильмі — Үшқоңыр өңірінде түсірілген.
Өмірбаяннан қысқаша
Балалық шағы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтіп, еңбекке ерте араласқан.
Еңбек жолы
Орта мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды металлургия комбинаты құрылысына қатысады. Кейін Украинаның Днепродзержинск қаласында металлург мамандығын меңгеріп, өндірістік сатылардан өтіп, инженер дәрежесіне дейін көтеріледі.
Саяси қызметінің бастауы
Басшылық қабілеті жауапты қызметтерде айқын көрініп, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде түрлі лауазымдар атқарды. Қазақстан Үкіметін басқарған кезеңі оның саяси өмірбаянындағы маңызды белес болды.
Қызметтері мен қоғамдық рөлдері (іріктеме)
- Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
- Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
- Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
- «Нұр Отан» партиясының төрағасы
- ЕҚЫҰ (ОБСЕ) аясындағы халықаралық қызметі
Жарық көрген еңбектері (аталымдар)
«Қазақстан жолы», «Ғасырлар тоғысында», «Ой бөлістім халқыммен», «Тарих тағылымдары және қазіргі заман», «Тәуелсіздік белестері», «Жүз жылға татитын он жыл», «Бейбітшілік кіндігі».
«...Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа қызмет етуден артық ештеңе керек емес. Осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...»
— Нұрсұлтан Назарбаев
Келесі кезеңдер: тарту, тапқырлық, постер, өнер
3-кезең: Елбасына тарту
Қатысушылар Елбасына арнау ретінде ән ұсынады.
5-кезең: Постер жасау
Тақырыпқа сай ой мен ұстанымды көрнекі түрде жеткізетін постер құрастырылады.
6-кезең: «Өнерлі өрге жүзер»
Әр топ өз өнерін көрсетеді.
4-кезең: «Тапқырлар» — мақал-мәтелді жалғастыру
Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Әр топқа 2 мақалдан беріледі.
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
Орағың өткір болса, қарың талмайды; Отаның берік болса, жауың алмайды.
Елінен безген ер болмас, көлінен безген қаз болмас.
Егілмеген жер жетім, елінен айырылған ер жетім.
Ерінен айырылған көмгенше жылайды, елінен айырылған өлгенше жылайды.
Туған жер — тұғырың, туған ел — қыдырың.
Ұлтарақтай болса да ата қоныс — жер қымбат; ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат.
Отансыздық — нағыз жоқтық.
Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер.
Ел үшін аянба — ерлігіңе сын; жұртың үшін аянба — жігіттігіңе сын.
Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір.
Атамекен — анаң екен, қысылғанда панаң екен.
Марапаттау және қорытынды
«Жан шуағы» жыр жинағынан (үзінді)
Тәуелсізбін! Бар ма мұң? Тәләйлі болсын талғамың! Өркені өссін қазақтың, Осы — менің арманым! Күн тұрғанда тұратын, Жұрты сайран құратын Қала болсын Астана, Осы — менің мұратым! О, Ақорда, ақ шатыр, Ұлысыма бақ шатыр. Баянды болсын азаттық, Осы — менің мақсатым! Халқым — менің тірегім, Құрбан жаным, жүрегім! Атымыз озсын бәйгеде, Осы — менің тілегім.
Ән
Қорытынды бөлімде «Өз елім» әні орындалады.
Ұйымдастыру ақпараты
- Өңір: Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы
- Мекеме: «Благодарное» орта мектебі КММ
- Дайындаған: өзін-өзі тану мұғалімі Саметекова Жанар Бейсенқызы
Елбасына арналған өлеңдер
Іс-шараның осы бөлімінде қатысушылар Елбасына арналған өлеңдерін оқиды.