Аңыз жанры туралы түсінік қалыптастыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Білім беру ұйымы
№20 Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Сарсебаева Ғалия Абдраианқызы
Пән
Әдебиеттік оқу
Тақырып
Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
Мақсат, міндет және күтілетін нәтиже
Мақсаты
Аңыз жанры туралы түсінік қалыптастыру; тіл байлығын дамыту; ізденуге, ойлауға және өздігінен тұжырым жасауға баулу.
Міндеті
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы — аңыз жанрының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, оқушыларды адалдыққа, батылдыққа, нысаптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Аңыздың негізгі идеясын анықтай алады.
- Білім, білік, дағдылары қалыптасады.
- Сөйлеу мәдениеті мен тілдік дағдылары дамиды.
Қолданылатын модульдер, әдістер және ресурстар
7 модульдің қолданылуы
- АКТ
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
- Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
- Талантты және дарынды балалармен жұмыс
Әдіс-тәсілдер
Ресурстар
- Маркерлер
- Тақта
- Стикерлер
- Суреттер
Сабақ кезеңдері
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу және ынтымақтастық атмосферасы
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Біз сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу!
II. Үй тапсырмасы
Білу • Ой қозғау
- Қорқытты қандай сауалдар көп ойландырды?
- Қорқыт түсінде нені көрді?
- Өлім туралы ойлануға бола ма?
- Аңыз деген не?
- Кімдер туралы қандай аңыздарды білеміз?
III. Қызығушылықты ояту
Әңгімеге тарту
Сұрақ
Алдаркөсе туралы не білеміз?
Бүгінгі сабақтың бағыты
- Сабақтың тақырыбы: «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай».
- Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз жанрының ерекшеліктерімен танысуды жалғастырамыз.
- Аңыздың негізгі идеясын анықтауға үйренеміз.
- Өздігінен және топпен ойлауды, ізденуді дамытамыз.