Абайламай айрылдым Аржақтағы елімнен - Анау Нарын деген жерімнен

Абайламай айрылдым
Аржақтағы елімнен -
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін -
Кем болмады өлімнен.
Теңім үлгі алмады
Аузымдағы желімнен.
Істеген ісім кетті далаға.
Қашан өтіп шығам деп,
Қайғырамын мен-дағы
Жайықтан арғы жағаға.
Басқа қысым түскен соң
Қайрылмастай күн болды
Қатын менен балаға,
Ата менен анаға.
Барсаң, сәлем айта бар -
Жаудан аман бас қалса,
Қара орман малым садаға!
Біткен істің міні жоқ
Атай да Матай екі құм,
Шауып келсем басыңа,
Көзім түсер елім жоқ.
Елім-күнім - екі атым,
Еңіреп келсем, тілің жоқ.
Біткен істің міні жоң,
Бітірген ердің кемі жоқ,
Тура ажалдың емі жоқ.
Арқада жортқан ақ киік -
Атып алып, етін жеп,
Ішіп қандым сорпасын -
Сапырулы сары быладан
Еш те бір жерде кемі жоқ.
Жасыл ала үйрек, қоңыр қаз
Жайқай ұшқан көлде жоқ.
Тар қолтықтан оң тисе,
Тарыққанда қайрылар
Қарындасым менде жоқ.
Балдағы алтын ақ болат -
Салайын десем, қын да жоқ.
Қанатынан қайрылып,
Ит алған қуда сын да жоқ.
Мен - тауда ойнаған қарт марал
Мен - тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа тиер деп,
Саңсынып шыққан қиядан.
Қайыңның басын жел соқса,
Қаршыға құс қайғырар,
Балапаным суға кетер деп,
Мамығын төккен ұядан...
Ол-дағы біздей болған сорлы екен!



Ұқсас жұмыстар

Махамбеттің лирикалық өлеңдері
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Махамбеттің есімі - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы
Махамбеттің күй мәдениеті
Халықтың азаттығын көксеген күрескер Махамбет Өтемісұлы
Махамбет өлеңдерінің көрскемдік ерекшелігі
Махамбет Өтемісұлы
Махамбет шығармасындағы Исатай бейнесі
Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы көркем шындық
Махамбет өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері
Chipset дегеніміз не?
Нарық дегеніміз
Жылумен өңдеген кезде Жылқы еті қалай өзгереді?
Салық жүйесі дегеніміз
Салық дегеніміз не
Мемлекеттің тұрпаттары дегеніміз не?
Қазақ жұртын бірсыпыра көтеріп, берекелендіріп тұрған осы қой деген мал
Ертеде бір байдың Еснияз деген баласы болыпты
Есім хан қазақ тарихында Еңсегей бойлы ер Есім деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 - жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен
Проблемалық ситуация негізінде оқушының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру