Мені әжем жыр әжем

Аналардың көңілі көктемдей жайнап, гүл ашсын!

Құрметті әжелер, аналар және балабақша қызметкерлері! Сіздерді көптен күткен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Мектепалды даярлық тобының «Аналардың көңілі көктемдей жайнап, гүл ашсын!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Кіріспе көрініс

Тәрбиеші балаларды ортаға шақырады. Ұлдар залға саппен кіріп, жарты шеңберге тұрады.

Муслим:

Ма, балалар, залдың іші қандай әдемі болып кетіпті. Қараңдаршы!

Балалар:

Иә, шынымен!

Сайлау:

Ата-аналар да жиналыпты.

Диас:

Балалар, біздің топтың қыздары қайда?

Балалар:

Білмейміз.

Диас:

Бүгін қыздардың мерекесі ғой.

Муслим:

Ата-аналар, біздің топтың әдемі қыздарын көрдіңіздер ме?

Осы сәтте қыздар бір-бірінің қолынан ұстап залға кіреді. Ұлдар қуанып қарсы алады. Қыздар ұлдардың жанына келіп, қолдарын белдеріне қойып, әзілдей сұрайды: «Ұлдар, сендерге не болды? Неге бізді топта қалдырып кеттіңдер?»

Ұлдар кешірім сұрап, мерекемен құттықтайды. Бақдәулет: «Ұлдар, не тұрыс? Қыздарды биге шақырайық!» — дейді.

Би:

Вальс

Тәрбиешінің құттықтауы

Қадірлі әжелер, аналар, көңілдеріңіз көктемдей жайнап, гүл ашсын!
Бақытқа толы өмірлеріңіз — шаттыққа шаттық ұлассын.

Тәрбиеші балалардан әжелері бар-жоғын, оларды жақсы көретін-көрмейтінін сұрайды. Балалар: «Екі әжеміз бар: туған әже және нағашы әже», — деп жауап береді.

Тәрбиеші әжелердің мейірімі, ертегі айтып, ақылын қосатыны туралы айтып, балаларды әжелеріне арнап өлең оқуға шақырады.

Әжелерге арналған өлеңдер

Ерасыл:

Бүгін наурыздың сегізі —
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның —
Анаға айтар лебізі.

Армысыз, әжелерім, аналарым,
Мейірбан, аппақ көңіл даналарым!
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.

Әсем:

Менің әжем — жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр, әжем.

Мені әжем — жыр әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
«Ертегі айтып бер» десең,
Айтып берер тағы әжем.

Темірлан:

Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай әсем күлкісі!

Ертегі қандай көп еді,
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша —
Әжем менің тамаша!

Гүлназ:

Таусылмайды өлеңі —
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит әкеп береді.

Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.
Маңдайымнан иіскеп:
«Құлыншағым, күнім», — дейді.

Аңсаған:

Менің әжем — бұл әжем,
Айтқан сөзі — дәл әжем.
Аман болса, көреді
Қызығымды әлі әжем.

Менің әжем — нар әжем,
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін,
Әр сүйгені — дәрі әжем.

Хор:

«Менің әжем әдемі»

Ақ сүт берген, аялаған,
Әлпештеген апатайым,
Сәлем жолдап бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Ана туралы жүрек сөзі

Диас:

Әлемде өзгермейтін үш ақ нәрсе бар: ананың сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі. Ананың көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін, тылсым сырлы жіп жалғап тұрады. «Ана» — мейірім мен шапағаттың өзі. Үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр. Жақсылық атаулының бәрі де ана сүтінен жаралған.

Сайлау:

Иә, Диас. Ана — әлемнің жан дүниесі. Ол — тіршілік, ол — үлкен тағдыр. «Ана» сөзі бізге жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Бақдәулет:

Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, өмірде не қымбат екенін тақпақ арқылы жеткізейік:

Әлпештеген әжем қымбат,
Бірге ойнаған досым қымбат,
Көмектескен інім қымбат,
Білім берген ұстазым қымбат.
Әлпештеген анам қымбат,
Еркелеткен әкем қымбат,
Еркелеген қарындасым қымбат,
Көңілімдегі көкем қымбат.

Диас:

Ана дейміз бәрімізді аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Сайлау:

Айтсаң болды — тіл алам,
Әйбат мамам, ай мамам!
Сені көрсем — қуанам,
Сен керексің қайда да.
Жүре берсең қасымда,
Әйбат мамам, ай мамам!
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.

Үмітіңдей көзіме көп қарайсың үңіліп,
Еркелеткен сөзіме ертеңім тұр күліп.

Жеке ән:

«Ерке қыз» — Әсем, Аңсаған

Аналарға арналған өлеңдер мен алғыс

Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.

Мейірлан:

Мен өмірге келгенде,
Ақ сүт берген анашым,
Әсем әнмен тербетіп,
Сәбиінің санасын.

Ақ сүт берген балаңа
Күш-жігерін жұмсаған —
Бұл өмірде, жан ана,
Тең келеді кім саған?

Мерейім:

Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын күлкің — бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйетін,
Келші, келші, ақ мамам!

Біз доспыз гүлдермен —
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірлеп,
Анамызға сыйлаймыз.

Мәнсүр:

Түнде сергек жатпаған,
Күндіз тыным таппаған,
Біз үшін тыным таппаған —
Айналайын, ақ мамам!

Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын, ақ мамам!
Менің мамам — сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.

Нұрдана:

Аялаған, баптаған,
Асыраған, сақтаған,
Күнде еппен ескертіп,
Айтып бәрін үйреткен.

Анамызға мың алғыс —
«Адал бол!» деп балдырған,
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде махаббат,
Тілегенге мархабат —
Анамызға мың алғыс!

Би:

«Қазақ аруы»

Ойын:

«Анаңды тойдыр»

Жеке ән:

«Аналардың тілегі» — Ертөстік (Диастың орындауында)

Жылылықтан жаралған —
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен?

Жүрекжарды тілектер

Райхан:

Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан.
Мерекеңмен бүгінгі
Құтты болсын, анашым!

Сізге бүгін сый-құрмет,
Жан анашым — мерейім.
Қаласаңыз, би билеп,
Ән де айтып берейін.

Іңкәр:

Ана — деген бәйтерегі өмірдің,
Ана — деген қуанышы көңілдің,
Ана — деген әрбір үйдің тірегі,
Ана — деген гүлі туған өмірдің.

Муслим:

«Ұлым, ұлым» дейсің де,
Ұрысумен ұстайсың.
«Күнім, күнім» дейсің де,
«Үйде отыр» деп қыстайсың.

«Жаным, жаным» дейсің де,
Шапалақтап аласың.
Өкпелер ем өзіңе —
Әттең, тәтті мамасың!

Бекзат:

Айналайын, анашым,
Жақсылығың — бала үшін.
Арналады есейгенде
Жақсылығым — сен үшін.

Мейірімің шексіз, ана,
Алаңсызбын қасыңда.
Болмаймын мен ессіз бала,
Ақылым бар қасымда.

Хор:

«Мамочка моя»

Би:

Украин биі

Қорытынды

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық —
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға!

Ардақты әжелер, аяулы аналар! Мейрамдарыңыз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, көңілдеріңізге мәңгі көктем тілейміз.