Қошқар мүйіз оюы болсын өрнек
Тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек сыры
Бұл материал қазақтың ою-өрнек өнерінің мәнін ашуға, оның түрлері мен шығу тарихын танытуға, сондай-ақ халық даналығын мақал-мәтел арқылы оқушылардың тілі мен дүниетанымын байытуға бағытталған.
Білімділік
Ою-өрнек түрлері мен шығу тарихы туралы әңгімелеу.
Дамытушылық
Мақал-мәтел жаттату, сөздік қорын және дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік
Халық өнері мен мұрасын қастерлеуге, салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Мазмұнды суреттер
- Ою қиындысы (қиюға арналған үлгілер)
- Сөзжұмбақ
- Мақал-мәтелдер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру және тақырыпқа қызығушылық тудыру.
II. Кіріспе (мұғалім сөзі)
«Өнер — таусылмас азық, жоғалмас байлық», — дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасының бірі — ою-өрнек. Оның шығу тарихы мен терең мәнін көбіне қариялардан естіп, көкірекке түйеміз. «Қарты бар үйдің — қазынасы бар» деуі де содан.
Ежелден қолөнерді қастерлеген халқымыздан тұрмысқа қажетті бұйымдардың сан түрі мұра болып қалған. Әдемі киім тігіп, оны өрнекпен әшекейлеген шеберлер аз болмаған. Қазақ қолөнерінде ою-өрнек кеңінен қолданылған. Айналаға зер салып қарасақ, оюлар бүгін де өміріміздің сәні мен мәнін арттырып тұр.
III. Әдеби монтаж
-
1-оқушы
Ертеде халқымыз тұтынған заттардың көбін оюмен әшекейлеп, безендірген: төсеніштерді, ұлттық киімді, үй жиһазын.
-
2-оқушы
Қазақ халқы кең сахарада көшіп-қонып, жайлы қоныс іздеген; табиғатқа зер салып, өсімдіктің қасиетін танып, байыптаған.
-
3-оқушы
Өлең-жырда, ән-күйде, ою-өрнекте халық дүниетанымы, қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінік бейнеленген.
-
4-оқушы
Түйе оюы — тіршіліктің тірегі болған түліктің қадірін танытатын өрнек. Киім, төсеніш, текемет, сырмақ, киіз, кілем бетінде ол еңбек пен өнердің бірлігіне айналған.
-
5-оқушы
Түйенің ботасы қазақ үшін сұлулықтың нышаны. «Ботадай сұлу, ерке болсын» деп қызға Ботакөз есімін қоюы да — соның дәлелі.
-
6-оқушы
Тұйық ою — халқымыздың таным-белгісін танытатын өрнек. «Ақ найзасы болмаса, ерді қайдан танырсың. Ен таңбасы болмаса, малды қайдан танырсың», — дегендей, ол елдің көк байрағында, батырдың иығы мен қалқанында, дуалы ауыз билердің де белгі-нышаны ретінде кездескен.
Тұйық ою — бақыттың, достықтың, мәңгіліктің айғағы.
Хор
«Жас дәуірдің түлегіміз»
IV. Мақал-мәтелдер
- Өнерлі елден өнерлі бала туар.
- Өнерлі баланың он саусағы тең. Өнерсіз баланың бір саусағы кем.
- Қыз көркі — кестесі. Ұл көркі — өнері.
- Алтын балдақ — қол сәні, әшекей кесте — тон сәні.
- Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.
- Балаң өнерлі болсын десең, ұстаға қос.
V. Ою түрлері (сайыс)
Оқушылар ою-өрнек үлгілерін қию арқылы сайысқа түседі: нақыштың дәлдігі, симметрия, ұқыптылық және композиция бағаланады.
VI. «Ою хан мен Жою хан» ертегісі
Ертегінің мазмұнын айту, негізгі ойы мен тәрбиелік мәнін талқылау: өнердің елдік мұра ретіндегі құндылығы және оны сақтаудың маңызы.
-
7-оқушы
Саусақтарың майысып, түрлі ою ойысып, шебер болар ма екенсің!
-
8-оқушы
Қазағымның оюын біз де іздеп қарайық, ою менен өрнектің әдемісін табайық.
-
9-оқушы
Аңыз болып жоғалмай сан ғасырға, салт-дәстүрі халқымның жалғасуда. Бұғымүйіз оюы сәнділігімен көз тартып, ұрпақтарға аманат болуда.
-
10-оқушы
Ою-өрнек дегенде — қошқармүйіз өрнек. Кел, жолдастар, ортаға ән салайық, кешке келген қонақтар, төрлетіңіз!
-
11-оқушы
Түйемойын оюы — өрнегіміз, әсем жиһаз — өмірде көргеніміз. Ата салтын жалғастырып, ою-өрнек кешіне келгеніміз.
-
12-оқушы
Көрші әжей өнерлі, барып тұрам күнде мен. Құрмет тұтып шеберді, ою-өрнек үйренем.
Буын биі
-
13-оқушы
Әжей кесте тігеді, ойып түрлі оюды. Өрнегі өнерді шарықтатып, көрік береді бұйымға.
-
14-оқушы
Енгендейсің гүл баққа — неткен әсем сырмағы. Көшіп-қонған сырмақта бар сұлулық қырдағы.
-
15-оқушы
Оюларға сүйсініп, қайран қалып тұрарсың. Көре білсең түсініп, одан көп сыр ұғарсың.
-
16-оқушы
Шай ішетін қоюлап, жақсы көрем атамды. Сырмақ сырып, оюлап, жақсы көрем апамды.
-
17-оқушы
Ою-өрнек — сәнділік, көздің жауын алады. Өрнексіз бұйым болса, мәні де жоғалады.
VII. Сөзжұмбақ
Сөзжұмбақ шешу арқылы негізгі ұғымдарды қайталау және «сиқырлы сөзді» табу.
Сиқырлы сөз
Хор: «Шілдехана, бесік той»
VIII. Қорытынды
Ою-өрнек — халқымыздың тарихы мен талғамын танытатын көркем тіл. Оны үйрену — өнерге ұмтылу ғана емес, ұлттық мұраға құрмет. Сабақ соңында оқушылар өз жұмыстарын таныстырып, оюдың мәні мен қолданылу орындарын қорытындылайды.