Оқушылардың күз туралы түсініктерін молайту, күздің ерекшеліктерін байқату
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың күз туралы түсініктерін кеңейту, күздің ерекшеліктерін байқату және күз көрінісін шығармашылық жұмыстар арқылы сипаттауға үйрету. Сөздік қорын байыту, ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
- Топтық жұмыс
- Дамытушылық тапсырмалар
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Білер қазақ баласы: «Сәлем — сөздің анасы».
Алдымыздан кезіккен көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен біздер сәлем береміз.
II. Ой шақыру
Суретпен жұмыс. Шарты: әр суреттің күз мезгіліне қатысын әңгімелей отырып түсіндіру.
-
Табиғаттағы өзгерістер
Жапырақтың сарғаюы, күннің қысқаруы, салқындау.
-
Күзгі ауа райы
Жел, бұлт, тұман, сіркіреме жаңбыр.
-
Күз байлығы
Егін, бақша өнімдері, молшылық.
-
Жануарлар мен құстар
Құстардың қайтуы, жануарлардың қысқа қамдануы.
Талқылау сұрағы: «Құстар күзде не істейді?»
III. Топтық жұмыстар
Оқушыларды түсті жапырақтар арқылы төрт топқа бөлу.
I-топ
Сары жапырақтар
Күз мезгілі туралы сурет салады. Тақырыбы: «Алтын күз».
II-топ
Қызғылт сары жапырақтар
Берілген сөздерден сөйлем құрап, сөйлемдерден шағын мәтін жазады.
- Жапырақты, келді, сары, күз, салқын.
- Бұзыла, ауа, бастады, райы.
- Кейде, жауады, сіркіреп, жаңбыр.
- Ағаш, сарғайып, жапырақтары, жатыр, түсіп.
- Айнала, өзгерді, сары далаға, бәрі.
- Халық, атайды, бұл, алтын, мезгілді, күз.
III-топ
Жасыл жапырақтар
Түрлі жапырақ үлгілерін пайдаланып, отбасылық сурет құрастырып «Күзгі отбасы» тақырыбын сипаттайды.
IV-топ
Қызыл жапырақтар
Мақал-мәтелдерді қажетті сөздермен толықтырады.
Толықтыратын мақал-мәтелдер
- Нөсер алдында найзағай ойнайды.
- Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
- Қаз келсе — жаз келер, қарға келсе — қатқақ келер.
- Әрнәрсе уақытымен қызықты.
- Оқу — инемен құдық қазғандай.
- Еңбек етсең — ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Керекті сөздер
етсең, жаңбыры, уақытымен, найзағай, қарның, қатқақ, құдық
IV. Сергіту сәті
- Қыс — құнар береді. (қолды созады)
- Көктем — дән себеді. (қолды кері созып қайталайды)
- Жаз — бастап өсірсе. (отырып-тұрады)
- Күз — жинап береді. (қолды айналдырады)
V. Ой толғаныс
Ойын: «Сиқырлы қорапша». Шарты: жасырын көрсетілген суретті оқушы сипаттайды, ал сынып суреттегі заттың атауын табады.