Сандар құрамын айту
Тақырыбы: 5 саны мен цифры
Мақсаты
Оқушыларды 5 саны және 5 цифрымен таныстыру, өткен сабақты толықтыру.
Дамытушылық
Тура және кері санау дағдыларын, есептеу мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды жылдамдыққа, тапқырлыққа, достыққа және өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Сандар қатары
- Санау материалдары
- Геометриялық фигуралар
- Ойынға қатысты суреттер
Сабақ түрі
Ойын-сабақ.
Сабақ барысы төмендегі кезеңдер арқылы ұйымдастырылады: ұйымдастыру, үй жұмысын тексеру, сергіту сәті, жаңа материал, дәптермен жұмыс, ойын, қорытындылау, үй тапсырмасы.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
1) Жылулық шеңбері
Балалар бір-біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп, тақпақты хормен айтады:
Шашы – алтын, көзі – от,
Шыға ғой, Күн, тезірек.
Шуақ берші, жылу бер,
Маған да, оған да, досыма,
Тағы, тағы, тағы да!
II. Үй жұмысын тексеру
1) Ауызша санау
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау:
Тура санау
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Кері санау
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1
2) «Кім тапқыр?» ойыны
Оқушылар өздеріне таныс цифрлар мен арифметикалық таңбаларды атап көрсетеді:
3) «Өз орныңды тап!» ойыны
Тура және кері сандар қатарын көрсету:
Тура
1, 2, 3, 4
Кері
4, 3, 2, 1
4) «Көршісін тап!» ойыны
Берілген санның көршілерін (бір кем және бір артық) табу арқылы бекіту жұмысы жүргізіледі.
Мысал: 4 санының көршілері — 3 және 5.
5) «Сан ойла, тез ойла!» ойыны
Сандардың құрамын айту, бос орынға тиісті санды қою:
2 = 1 + __
3 = 2 + __
4 = 3 + __
4 = __ + 3
3 = 1 + __
4 = __ + 2
III. Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
IV. Жаңа материал: 5 саны мен 5 цифры
Өрнек құрастыру (әңгіме)
Аулада 4 балапан жайылып жүр еді. Оларға тағы 1 балапан келіп қосылды. Аулада неше балапан болды? (5)
Өрнек:
4 + 1 = 5
5 цифрымен таныстыру
- 5 санының қалай шыққанын түсіндіру
- Өрнекті жазу және оқу: 4 + 1 = 5
- 5 цифрының жазылу үлгісін көрсету
М. Қуанышбеков — «Бес саусақ»
Ал, санайық, саналық,
Саусақтарға қарап-ақ.
Қане, қане, саналық,
Санын біліп алайық:
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,
Қолымдағы саусағым нешеу? (5)
5 саусақтың атаулары
V. Әліппе-дәптермен жұмыс
- 1) 5 цифрын үлгіге қарап саусақпен бастыру, кейін ауада жазып үйрену.
- 2) 5 цифрын дәптерге жазу.
- 3) Геометриялық пішіндерді сәйкес санына байланысты бояу.
VI. Сергіту сәті
Біз жаздық, біз жаздық,
Саусақтарды қозғадық.
Бір, екі, үш,
Демаламыз жинап күш.
VII. Ойын: «Қарлығашқа көмектесейік»
Қораптарға түймелерді пішіндеріне қарай сұрыптап жинастырамыз. Тапсырма орындау барысында оқушылардың мұқияттылығы мен жылдамдығы дамытылады.
VIII. Қорытынды (сұрақ-жауап)
Сабақ сұрақ-жауап арқылы қорытындыланады: «Біз бүгін не білдік?»
- 5 саны мен 5 цифрының жазылуы
- Тура және кері санау
- 5 санының құрамы және қарапайым өрнек: 4 + 1 = 5
IX. Үй тапсырмасы
5 саны мен 5 цифрын қайталау: жазу үлгісін пысықтау, тура және кері санауды жаттықтыру.