Түстерді ажырата білу
Автор туралы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі — Сахитжан Индира Нағашыбайқызы.
Мақсаты
- Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту.
- Болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу.
- Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Еліміздің Рәміздерімен таныстыру арқылы сөздік қорын молайту, тілін дамыту.
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, көрсету, сұрақ–жауап.
Көрнекіліктер
Елбасы Н. Ә. Назарбаев және Қазақстан Республикасының Рәміздері бейнеленген суреттер (плакат). Топ іші мерекеге сай безендірілген.
Кіріспе сөз (жүргізуші)
Биіктей бер, Нұр аға, қыран қанат талмасын. Қадірлемей тұра ма халық сіздей тұлғасын?! Гүлдене бер, Отаным, көтерген туын Нұр ағам! Көбейткен достың қатарын — Нұр аға, біздің ұлы адам.
Армысыздар, апайлар мен бүлдіршіндер! Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей берсін!
«Балапан» тобы бүлдіршіндерінің 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Біздің сүйікті — Елбасы» атты мерекелік ертеңгілігін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
«Шаттық шеңбері»
Бір шаңырақ астында
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
(Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер бойында тұрып, қимыл-қозғалыс жасайды.)
Әнұран
Хор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.
Сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әні: Ш. Қалдаяқов.
Сұрақ–жауап
Сұрақ
Балалар, біздің мемлекетіміздің аты қандай?
Жауап
Қазақстан Республикасы.
Сұрақ
Біздің Елбасымыз кім?
Жауап
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Сұрақ
Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
Жауап
Астана.
Сұрақ
Біздің тіліміз қандай?
Жауап
Қазақ тілі.
(Жауаптарды балаларға хормен қайталату ұсынылады.)
Елбасы туралы қысқаша мәлімет
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендерге мал бағуға, бау-бақша өсіруге көмектесті, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, білім алды, ата-анасын қатты құрметтеді.
1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Сол жылдан бері еліміздің дамуына еңбек етіп, Қазақстанды бүкіл әлемге танытты.
Музыкалық номер
Ән: «Мен кішкентай баламын» (Д. Омаров).
Балалардың тақпақтары
Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.
Елбасымыз — Нұр аға,
Салғызды Алтын орда.
Көркейтті елін қазақтың.
Жасай берсін Елбасы,
Қолдап-қорғап ел-жұртын.
Жасай бер елім — Қазағым!
Жасай бер ағам — Елбасым!
Би
«Көк тудың желбірегені» әніне жалаушамен би (бір топ балалардың орындауында).
Ойын: «Түсін тап»
Шарты
Тәрбиеші балалардың алдына екі түрлі түсті жалаушаны қояды. Балалар соның ішінен Қазақстан Республикасының Туының түсін танып, дұрыс таңдайды.
Мақсаты
- Ел Рәміздеріне деген патриоттық сезімді ояту.
- Түстерді ажырата білу дағдысын дамыту.
Қорытынды сөз (жүргізуші)
Кең байтақ далалы жеріміз, ақ көңіл, қонақжай еліміз. Қазақы иіс аңқып тұрар әр жерден, алтын, көмір, мұнай — байлық кеніміз. Байтақ жерді басқаратын қамқоршы, қазақ үшін аянбайтын көшбасшы. Елін сүйген, елі сүйген Президент — елімізге шуақ шашар күн болсын!
Тәуелсіздік алып берген біздерге Нұр ағадай Президент бар. Бейбітшілік пен ынтымақты сақтаған еңбегін мақтан тұтып, жар саламыз!
Құрметті қонақтар, балалар! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Біздің сүйікті — Елбасы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!