Мақал мәтелден жарыс
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже
Білімділік
Ағаш мүкістерін және олардың түрлерін білу; мүкістерден арылу жолдары мен жұмыс істеу техникасын меңгеру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, алған білімін тәжірибеде қолдануға ықпал ету.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, іскерлікке, сақтыққа, еңбексүйгіштікке, әдемілік пен тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сыныпқа кіруі және сәлемдесу
- Түгендеу, сабаққа дайындықты тексеру
- Сыныптағы жұмыс тәртібін келісу
- Екі топқа бөліп отырғызу
2) Өткен сабақты қорытындылау (тест)
Тест сұрақтары арқылы өткен материал пысықталады.
1) Шығармашылық жоба деген не?
A — сарамандық · B — өзіндік · C — практикалық
2) Жобаға экономикалық және экологиялық жағы есептеле ме?
A — есептеледі · B — есептелмейді · C — белгісіз
3) Бұйымның жарнамалық жобасы деген не?
A — артықшылығы · B — кемшілігі · C — бағасы
4) Ағаш күрек материалы
A — металл · B — пластик · C — ағаш
5) Ағаш күрекке қаңылтыр керек пе?
A — керек емес · B — керек · C — белгісіз
6) Сызба қанша көріністе сызылады?
A — 3 · B — 4 · C — 5
7) Жұмыс орны қалай аталады?
A — стол · B — станок · C — верстак
8) Верстактағы қысқышқа не қысылады?
A — ағаш · B — құрал · C — ара
Жауап кілті
1 — B, 2 — A, 3 — C, 4 — C, 5 — B, 6 — A, 7 — C, 8 — A
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру: ағаш мүкістері
Әр түрлі бұйым жасау үшін ағашты дұрыс таңдау маңызды. Ол үшін алдымен ағаштың мүкістерін танып, олардың пайда болу себептерін және алдын алу немесе жою жолдарын қарастыру қажет.
Ағаш мүкісі — ағаштың пішінінің, сыртқы көрінісінің немесе ішкі құрылымының бұзылуы не қалыпты күйден ауытқуы.
Мүкістер ағаштың ескіруінен, сондай-ақ климаттық факторлардың әсерінен туындауы мүмкін. Олар ағаштың сапасын және өңдеу қасиетін төмендетеді.
Жиі кездесетін мүкістер
- Көз
- Қиғаш қабат
- Қос өзек
- Сызат
- Шайыр қалталары
- Қуыс
- Шірік
- Құрттану
Неге маңызды?
- Сапаны төмендетеді
- Өңдеуді қиындатады
- Бұйымның беріктігі мен сыртқы түріне әсер етеді
Қиғаш қабат
Қиғаш қабат — ағаш талшықтарының бұрама түрде орналасуы. Мұндай ағашты кептіргенде ісінуі мүмкін, сондай-ақ қисайып, майысуға бейім болады. Оны аралап кесу де, өңдеу де қиынға соғады.
Қуыс
Ағаш қуысы әр түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады. Көбіне жара сияқты ағаш діңінің жоғарғы бөлігінде кездеседі.
Шайырлану (қылқан жапырақтыларда)
Қылқан жапырақты ағаштарда шайырдың көп бөлінуі байқалуы мүмкін. Мұндай ағаш көбіне морт сынғыш келеді және өңдеу кезінде қосымша қиындық тудырады.
Шірік және құрттану
Шірік саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады. Құрттану — құрт-құмырсқалар мен қоңыздардың ағашты жеп, зақымдауынан туындайды. Әсіресе ағаштың тамыр бөлігі жиі құрттанады; зақым ағаш діңінде, қабық астында немесе ішкі қабатында да кездеседі.
4) Сарамандық жұмыс 1: ағаш мүкістерін анықтау
Тапсырма қадамдары
- 1Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
- 2Екі топқа әр түрлі мүкісі бар ағаш үлгілерін тарату.
- 3Мүкіспен танысып, атауын айту.
- 4Талдау, сипаттау және қорғай білу: ажырату, пайда болу жолдарын түсіндіру.
Жазба жұмысы
- Дәптерге ағаш мүкістерін жазып, қысқаша сипаттама беру.
- 55–58-суреттер бойынша атауын және пайда болу себептерін белгілеу.
- Мүкісті ағаштың қандай жағдайда пайдаға асатынын талқылау.
- Мүкістердің сипаттамасын кесте түрінде көрсету.
5) Сарамандық жұмыс 2: сым темірден ою-өрнек жасау
Қауіпсіздік нұсқаулығы
- Сыммен жұмыс кезінде қолды жарақаттап алмау.
- Сымды ию кезінде аса сақ болу.
- Сым темірмен жұмыс кезіндегі жалпы қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Жарыс кезеңдері
- 1Сымды түзету.
- 2Қағазға қарындашпен ою-өрнек салу.
- 3Суреттегі ою сызығы бойынша сымды майыстырып өрнек жасау.
- 4Тексеру, өлшеу, салыстыру.
Бағалау
- Қағаздағы оюмен сәйкестігі бойынша бағалау.
- Сымнан жасалған оюдың ұқыптылығы мен дәлдігін бағалау.
6) Сарамандық жұмыс 3: мақал-мәтел сайысы
Еңбек туралы
Еңбекке қатысты мақал-мәтелдерден жарыс.
Өнер туралы
Өнерге қатысты мақал-мәтелдерден жарыс.
Ұсталық, шеберлік туралы
Ұсталық пен шеберлікке қатысты нақылдардан жарыс.
Бекіту сұрақтары және қорытынды
1-топқа
- Мүкіс дегеніміз не?
- Қиғаш қабат қандай мүкіс?
- Шірік дегеніміз не?
2-топқа
- Мүкістердің қандай түрлері бар?
- Қос өзек қандай мүкіс?
- Мүкісті ағаш пайдаға аса ма? Қандай жағдайда?
Ұстаздан үлгі алған ұста болар,
Ұстаз сөзі — шәкіртке нұсқа болар.
Асыл сөзін ұғынып алған шәкірт,
Екі айтқызбай есіне ұстап алар.
Бағалау
- Бағалау парақшаларын тарату.
- Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
Үй тапсырмасы
Үйге тапсырма: мұғалімнің нұсқауы бойынша.