Нанның дастарханға келу жолын түсіндіру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мұғалім
Абдуллаева Марта Жұмажанқызы (бастауыш сынып мұғалімі)
Тақырып
«Егінші мен қасқыр» (Литва ертегісі)
Дереккөздер
- «Ана тілі», 3-сынып (Т. Әбдікәрімова, С. Рахметова, Б. Қабатай)
- Слайд материалдары
- Интернет ресурстары (google.kz)
Жалпы мақсат
Оқушыларға ертегі туралы түсінік бере отырып, «Егінші мен қасқыр» ертегісінің негізгі идеясын ашу.
Міндеттері
- Ертегі мазмұны арқылы «Ас атасы — нан» екенін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екенін және оның оңайлықпен келмейтінін ұғындыру.
- Нанның дастарханға келу жолын түсіндіру.
- Нанды ысырап етпеуге үйрету.
Күтілетін нәтиже
Түсінік
Нанның ең маңызды ас екенін және оның үлкен еңбекпен келетінін ертегі арқылы ұғынады.
Үдеріс
Нанның дастарханға дейінгі жолын кезең-кезеңімен түсінеді.
Құндылық
Нанды қадірлеуге, ысырап етпеуге дағдыланады.
Сабақ құрылымы
-
1-тапсырма
Ой қозғау (үй тапсырмасын шолу)
-
2-тапсырма
Ой шақыру: «Ойлан, тап»
-
3-тапсырма
Миға шабуыл
-
4-тапсырма
«Көршіңе әңгімелеп бер» (топтық жұмыс)
-
5-тапсырма
Кубизм (жұптық жұмыс)
Сабақ барысы
Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Сәлемдесу және көңіл күйді көтеру
«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жылылық сыйлайды:
— Балалар, біздің жүрегіміз қандай?
— Жұмсақ, жылы, ақ.
— Ендеше, жүрегіміздегі жылылықты бір-бірімізге ұсынайық.
Шағын өлең-ырғақ
О, достарым, келіңдер,
Қуанып қазір қол соғам.
Мынау — менің жүрегім,
Одан бәрі басталады.
Мынау — менің басым,
Осы бәрін басқарады.
Мынау — менің оң қолым,
Мынау — менің сол қолым.
Жалықпаймыз, саспаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!
Топқа бөлу
Оқушылар түстер бойынша 2 топқа бөлінеді: қызыл және сары.
Бағалау критерийлері
- Өткен сұрақтарға жауап беруі.
- Ертегіні түсінуі және мазмұндауы.
- Топпен және жұппен жұмыс жасауы.
- «Екі түрлі түсініктеме күнделігін» толтыру сапасы.
1-тапсырма: Ой қозғау (үй тапсырмасын шолу)
Сұрақтар
- «Құмырсқа мен шегіртке» өлеңі шығарманың қай түріне жатады?
- Мысалда не туралы айтылған?
- Құмырсқа шегірткені неліктен илеуіне кіргізбеді?
- Сен құмырсқаның орнында болсаң, не істер едің?
«Дөңгелек үстел» жұмысы
I топ
Шегіртке мен құмырсқаны Венн диаграммасы арқылы салыстырады: айырмашылығы және ортақ қасиеті.
II топ
«Құмырсқа мен шегіртке» мысалын көрініс түрінде көрсетеді.
Өзара бағалау
Топтар бір-бірін «Бағдаршам» түстері арқылы бағалайды.
Келесі қадам: «Бүгін қандай шығарма оқимыз?» деген қызығушылық сұрағы арқылы жаңа тақырыпқа өтеміз.
2-тапсырма: Қызығушылықты ояту («Ойлан, тап»)
Шифрланған тапсырма
Берілген амалдардың нәтижесіне сәйкес әріптерді табу арқылы сөз құрастырылады. Дұрыс шешім шыққанда «Ертегі» сөзі пайда болады.
- 10 : 2 — екінші әрпі
- 5 : 5 — үшінші әрпі
- 3 × 3 — бірінші әрпі
- 2 × 1 — бірінші әрпі
- 4 × 2 — үшінші әрпі
- 10 : 5 — соңғы әрпі
Ертегі әлеміне кіріспе
- Ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?
Ертегілер мазмұны мен ерекшелігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Ертегілер арқылы халықтың ой-арманы, әдет-ғұрпы, мұң-шерi, арман-мұраты баяндалады.
- Тұрмыс-салт ертегілері
- Хайуанаттар туралы ертегілер
- Қиял-ғажайып ертегілер
Бүгін біз «Егінші мен қасқыр» ертегісімен танысамыз.
3-тапсырма: Миға шабуыл
«Егінші мен қасқыр» ертегісі не туралы болуы мүмкін? Тірек сөздер арқылы болжам жасаймыз.
Тірек сөздер
Мағынаны тану кезеңінде ертегі көрініс арқылы көрсетіледі, кейін сынып «Басбармақ» әдісімен түсіну деңгейін бағалайды:
- Басбармақ жоғары — «Түсіндім»
- Басбармақ көлденең — «Түсінген сияқтымын»
- Басбармақ төмен — «Түсінбедім»
Серпілген сауал
- Ертегінің негізгі ойы қандай деп ойлайсыңдар?
- Нан неге ерекше дәмді болады?
- Қасқыр неге «бұл өте ауыр әрі көп уақыт алатын жұмыс» деп, кәсіп етуден бас тартты?
Әр топтан бір оқушы шығып, рөлге бөліп оқиды. Қорытынды сұрақ: Кәсіп етуге ерінген қасқырдың өмірі қалай болады?
Сергіту сәті
«Шырша биі»
4–5-тапсырмалар: Кубизм және талдау (жұптық жұмыс)
Оқушылар текшені иіреді: қай қыры түссе, сол тапсырмаға жауап береді.
1. Сипаттаңыз
Егіншінің қасқырға нан табудың жолын үйретуін суреттеңіз.
2. Салыстырыңыз
Осы ертегідегі кейіпкерлерді «Шегіртке мен құмырсқа» мысалындағы кейіпкерлермен салыстырыңыз.
3. Зерттеңіз
Бұл шығарма неліктен ертегі жанрына жатады деп ойлайсыз?
4. Қолданыңыз
Ертегідегі кейіпкердің қай қасиетін үлгі етіп алар едіңіз?
5. Талдаңыз
Осы ертегіде кімге қарсы шығар едіңіз? Неліктен?
6. Дәлелдеңіз
Негізгі ойды білдіретін бөлікті тауып, мәнерлеп оқып беріңіз.
Болжау әдісі
- Ертегіні өз ойыңша жалғастыр.
- Қасқыр бүгін қалай күн көріп жүр деп ойлайсыңдар?
- Егер сен қасқырдың орнында болсаң, не істер едің?
Жинақтау: «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»
Ертегіні оқу барысында егінші мен қасқырдың іс-әрекетіне қатысты ерекше әсер еткен тұстарды жазып, соған өз пікіріңді қос.
Ертегіден маған әсер еткен тұсы
Оқушы жауабы үшін орын
Менің пікірім
Оқушы жауабы үшін орын
Ой толғаныс және қорытынды
«Егінші мен қасқыр» ертегісі тұрмыс-салт ертегісіне жатады. Себебі шығармада адамның күнделікті өмірі негізге алынып, нанның дайындалу жолы баяндалады.
Қорытынды сұрақтар
- Ертегінің негізгі мазмұны қандай?
- Осы мазмұнға сай қандай мақал-мәтелдер айта аласыңдар?
Мақал-мәтелдер
- 1) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
- 2) Ас атасы — нан.
- 3) Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.
- 4) Нанға құрмет — елге құрмет.
- 5) Нан — дастархан байлығы.
- 6) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.