Әріп таңбаларын өрнектеп жазу мүмкіндіктерімен танысу
Сабақтың тақырыбы
Әріп таңбасын өрнектеп жазу мүмкіндіктері және олардың сипаттамалары. Біздің өміріміздегі әріп таңбалары.
Сабақтың мақсаты
1) Танымдық мақсат
Әріп таңбаларын өрнектеп жазу мүмкіндіктерімен таныстыру; сөз мағынасын сезінуге және оны әріп таңбасы арқылы әсерлі жеткізе білуге үйрету.
2) Дамытушылық мақсат
Өрнектеп жазу дағдысын дамыту, әсерлі әрі ұқыпты жаза білуге жаттықтыру.
3) Тәрбиелік мақсат
Бейнелеу өнеріне қызығушылықты арттыру; ұйымшылдыққа баулу және оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Қажетті құралдар
-
Қағаз, жай қарындаш, түрлі түсті фломастер.
-
Газет-журналдар (қажет болса, үлгілер қарастыру үшін).
Пәнаралық байланыс
Еңбекке баулу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
БастауСәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біз әріптер еліне саяхат жасаймыз. Естеріңде болса, «Еңбекке баулу» сабағында әріптерді өлшеп, сызып үйренген едік. Сол кезде біз әріп теруші рөлінде болдық.
(Оқушылардың бұрынғы жұмыстарын қысқаша шолу жасау.)
Өлең жолдары:
Біз қандаймыз, қандаймыз — Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
ҚайталауТақтада ілулі тұрған суреттер қандай жанрларға жатады? Пейзаж, портрет, натюрморт.
Үйге тапсырма ретінде натюрмортты штрих әдісімен салып келу берілген болатын. Жұмыстар тексеріледі.
3) Жаңа сабақ
Негізгі бөлімБүгін біз пейзаж да, натюрморт та, портрет те салмаймыз. Бүгін біз әріптерді саламыз. Әріптерге мұқият қарап, олардың пішіні қандай бейнелерді еске түсіретінін айтып көрейік.
Әріптер туралы шағын қиял-ойын
«Я» әрпі неге ұқсайды?
- Тұрған адамға.
- Үлкен қарынды адамға.
- Балыққа.
Көңілді «оқиғалар»
- «К» әрпі өзіне-өзі қызыға қарап, айнала-айналa келіп «Ж»-ға айналды.
- «Р» әрпінің тісі ауырып, жағы ісіп, «Ф»-ға айналды.
Практикалық жұмыс
-
1
Алдарыңдағы 10×10 см қағаз текшелерге әріптерді бейнелеңдер.
-
2
Әріпті фломастермен бояп, өрнектеп безендіріңдер.
-
3
Дайын жұмыстарды көрмеге қойыңдар.
Оқулықпен жұмыс
28–29-беттер: «А» әрпі неге ұқсайды? Оны тағы қандай тәсілмен салуға болады?
Әріптерден сөздер құралады, ал сөздер де әріптер сияқты әсерлі болуы мүмкін. Оқулық ішінде берілген тапсырманы тауып, орындаңдар: карточкалардағы сөздерді көркем етіп жазу.
(Оқушылардың жұмыстарын тақтаға ілу.)
4) Қорытындылау
ТүйінӘр адамның жазуына қарап, оның мінезі мен көңіл күйі туралы белгілі бір әсер алуға болады. Мұны зерттейтін ғылым графология деп аталады.
Жазу жолы жоғары көтерілсе
Көңіл күйдің көтеріңкі екенін білдіруі мүмкін.
Жазу төмен қарай қисайса
Көңіл күйдің құлазығанын аңғартады.
Әріп пішіні мен ырғағы
Сүйір, сорайған әріптер — күйгелек әрі талапшыл мінезді; біркелкі, нық жазу — батыл, салмақты мінезді меңзеуі ықтимал.
5) Үй тапсырмасы
ЖаттығуДостарыңның жазуын бақылап, олардың мінез-құлқымен салыстырып көр. Қандай ұқсастық немесе айырмашылық байқадың?
6) Бағалау
Нәтиже-
Әріп пішінінің анықтығы және композициясы.
-
Өрнектеу, бояу үйлесімі және ұқыптылық.
-
Шығармашылық идея, әріпті образ ретінде аша білу.