Сендерге көп рахмет
Күзгі орман мерекелік ертеңгілігінің сценариі
Бұл мәтін — күзгі мерекеге арналған балалар ертеңгілігінің қойылымдық жоспары. Сахнада жүргізуші, балалар, Күз ханшайымы, Қоян және Кірпі көрініс береді. Ән, ойын, би және тақпақтар арқылы күздің сәні мен берекесі дәріптеледі.
Сахна көрінісі: күзгі зал
Зал мерекеге сай түрлі-түсті жапырақтармен безендірілген. Әуен ойнап тұрады. Ортаға жүргізуші мен балалар шығады.
Диалог
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, айнала қандай әдемі! Керемет! Мынау нелер?
Балалар: Жапырақтар.
Жүргізуші: Айнала қандай түске боялған?
Балалар: Сары түске.
Жүргізуші: Дұрыс! Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір күз мезгілі.
Жүргізуші: Дұрыс, күз! Сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Тақпақтар (I бөлім)
Аида
Көбейді құт-береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ералы
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Санжар
Алтын, сары,
Қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз таратады атырап.
Тақпақтар (I бөлім, жалғасы)
Томирис
Ән салыңдар, күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік, ойнайық.
Алихан
Жемісі мол теретін,
Күз — дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Мустафа
Сап-сары маңай,
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Көптілді жолдар
Сұлу (орысша)
Падают, падают листья
В нашем саду листопад.
Желтые, красные листья
По ветру вьются, летят.
Әлнұр
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша —
Қандай әсем күз!
Назым (ағылшынша)
Fall is fun.
I can run.
I see the sun.
Fall is fun.
Жансая
Алтын-алтын, сары алтын —
Алтын күзде нұр жатыр.
Сахналық белгі
Баяу әуенмен залға Күз ханшайымы кіреді.
Күз ханшайымының келуі
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлеметсіздер ме, менің кішкентай бүлдіршіндерім!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам, армысың!
Табиғатым, жаны жайсаң тал-мүсін!
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр —
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Күз ханшайымы. Біз сізді асыға күттік.
Күз ханшайымы: Мен де сендерге асығып келдім.
Жүргізуші:
Той ажарын ашайық,
Әннен шашу шашайық.
Күз ханшайымы, бұл ән сізге арналады.
Ән: «Күз, күз»
Ойын және би
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
Жүргізуші: Ой, балалар, қара бұлт жақындап келе жатқан сияқты. Қазір не болады екен?
Балалар: Жаңбыр.
Жүргізуші: Ендеше «Күннің көзі және жаңбыр» ойынын ойнайық.
Би: «Тише, тише, тишина!»
Тақпақтар (II бөлім)
Аяна
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Адия
Қуандырып біздерді,
Кел, жемісті алтын күз!
Өлкемізге күз келді —
Кемелденсін халқымыз.
Айару
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша —
Шашу шашты жапырақ!
Әли
Жайдары күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз!
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
Ислам
Көк майсалы, көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Нұрай
Күз келді, алақай!
Алтын келді далаға!
Дархан
Астық, жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Қоянның келуі және «Сәбіз жинау» ойыны
Сахналық белгі: Әуен ойнайды. Ортаға Қоян секіріп кіреді.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Қоян! Біз сізді көргенімізге өте қуаныштымыз.
Қоян: Қыс та жақындап қалды. Ал мен көжектеріме сәбіз жинап үлгермей жүрмін. Балалар, маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, көмектесеміз!
Ойын: «Сәбіз жинау»
Қоян: Ой, балалар, қандай шапшаңсыңдар! Тез жинап бердіңдер. Көп рақмет! Енді көжектерім қыста аш қалмайтын болды. Мен өте қуаныштымын.
Жүргізуші: Қоян, балалардың сізге арналған тағы бір сыйлығы бар.
Айша (ағылшынша)
Down, down, down,
Yellow and brown.
The leaves are falling
Over the town.
Даниял (орысша)
Листопад, листопад —
Осыпается наш сад.
Листья желтые летят,
Под ногами шелестят...
Самира
Қамбаға ел жинайды
Алқаптан бидайды.
Тырнасы тізілген —
Ұнаттым күзді мен.
Таир (орысша)
Птицы на юг улетают —
Гуси, грачи, журавли.
Вот уж последняя стая
Крыльями машет вдали.
Әмина
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге
Қызық көп күзде.
Нұрдәулет
Ардақты күз, мың алғыс —
Алдық өнім сыйыңды.
Джан
Қамба толды астыққа —
Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз!
Қоян: Рақмет сендерге, балалар! Сендер өте өнерлі екенсіңдер. Енді мен көжектеріме барайын. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Дыбыс: фыр, фыр, фыр…
Кірпінің келуі және «Жапырақтар мен жаңғақтарды бөлу» ойыны
Күз ханшайымы: Ой, балалар, тыныштық сақтайық! Біртүрлі дыбыс естіліп тұр…
Дыбыс: фыр, фыр, фыр…
Сахналық белгі: Күз ханшайымы ағаштардың артына жақындап қарайды. Жапырақтың астынан Кірпі шығады.
Кірпі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Мен мерекелеріңе сыйлық алып келе жаттым, бірақ шаршап, шыршаның түбінде ұйықтап қалыппын. Тұрсам, себетімдегі жапырақтар мен жаңғақтар араласып кетіпті.
Күз ханшайымы: Кірпі, мұңайма. Біздің балалар өте шапшаң: жапырақтарың мен жаңғақтарыңды бөліп, себеттеріңе салып береді. Солай ма, балалар?
Балалар: Иә!
Ойын: «Жапырақтар мен жаңғақтарды жинау»
Кірпі: Рақмет, балалар! Енді мен бұл себеттерді сендерге сыйлаймын.
Жүргізуші: Көп рақмет, Кірпі! Ал балалар сізге арнап тамаша би билеп берсін.
Би: «Көңілді би» (у меня у тебя)
Кірпі: Ой, көптен бері мұндай көңілді би билемеп едім. Рақмет сендерге, балалар!
Күз ханшайымы: Маған да мерекелерің өте ұнады. Енді бізге басқа балаларға бару керек.
Кірпі: Тағы бір сыйлығым бар!
Сахналық белгі: Кірпі шыршаның артынан үлкен саңырауқұлақ әкеледі. Ішінде алмаға толы себет бар.
Мұнда дәрумен өте көп.
Сахналық белгі: Күз ханшайымы мен Кірпі балалармен қоштасып, сахнадан шығып кетеді.
Қорытынды
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен «Күзгі орман» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назар қойып тамашалағандарыңызға көп рақмет!
Формат
Диалог + тақпақ + ән + би + ойындар. Балалардың жас ерекшелігіне қарай ұзақтығын қысқартуға немесе кеңейтуге болады.
Тілдік әртүрлілік
Қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі шағын шумақтар мерекені мазмұнды әрі әсерлі етеді.
Негізгі ой
Күз — береке мен молшылықтың мезгілі. Бір-біріне көмектесу — мерекенің ең жылы бөлігі.