Бір жатқан ірімшікКөзіне түседі, Көңілі өседі

(И. А. Крыловтан)

Боқтықта талтаңдап,
Жан-жаққа жалтаңдап,
Бір қарға жүр еді.
Бір жатқан ірімшік
Көзіне түседі,
Көңілі өседі.
Ірімшікті көрінген
Тістеп ап ұшады.
Бір ағашқа қонды да,
Асықпай жемек болды да,
Мазатсып қарады
Оңына, солына.
Ағашқа қонып, қаранып,
Қанатын, жүнін таранып,
Болмақшы еді мәз-майрам
Дейтін емес қу қайдан,
Жем іздеген бір түлкі
Кездей келді сорына.
Ағаштан төмен түспеген,
Ірімшікті тістеген
Қарға түсті көзіне.
Қу құмар ақымаққа
Алдап, арбап соқпаққа
Кеңеседі өзіне.
Жуасып, жабырқап,
Таң қалып, таңырқап,
Қарады жүзіне.
Қарашы залымның,
Бұл жұртқа мәлімнің
Алдаған сөзіне:
Есен-сау жүрсіз бе?
Ақынның төресі?
Көп жерден белгілі
Тегін құс емесі.
Жүніңіз, үніңіз,
Мұрныңыз, көзіңіз,
Құлаққа көп тиген
Мақталған кеңесі.
Басынан өзгеше
Бітіпті денесі.
Көп жерден, қалқам-ай,
Құмарым тарқамай,
Сізді іздеп келіп ем.
Сүйінсін құлағым,
Тарқасын құмарым,
Әніңе бір салшы,
Асық боп келіп ем.
Мақтауға есіріп,
Барынша көсіліп,
Ырғалып қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті.
Тап етті, шап етті,
Ап кетті қу түлкі.
Антұрған, сол тұрған
Жеріңде бол күлкі.



Ұқсас жұмыстар

Некеге тұру шарттары
Балалардың денсаулығын дамытуға және дұрыс дамуына күн режимінің маңызы
Спандияр Көбеев өмірі
Спандияр Көбеевтің шығармалары арқылы балаға ұлттық тәрбие беру
Жас мөлшерінің психологиясы
Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезге қалыптасуы
Сұлу сөздің сардары – Сәбит Мұқанов
Жасөспірімдерге мінездеме
Жұмыс бастылық. Жұмыссыздық. Филлипс қисығы. Оукен заңы
Сәбилік психикалық жас
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Батыс Сібір жазығы